№31 жалпы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі
Омарова А. Ч.
Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды физикалық жаңа шамамен таныстыру және оның қасиетін сипаттау;
ә) Есептер шығара отырып, оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін арттыру, дүниетанымын қалыптастыру;
б) Оқушыларды белсенділікке , бірлікке баулу.
Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Суреттер, таблица, карточкалар,компьютер (слайдтар көрсету үшін), планеталар макеті.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: сайыс
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин
а) топпен танысу
ә) сұрақ-жауап әдісі
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 15 мин
а) кіріспе сұрақ
ә)жылдамдық туралы түсінік
б)мысалдар
в)есеп шығару үлгісі
ІV. Қортындылау 7 мин
а)әр топқа бекіту сұрағын беру
ә)есептер шығару
б)бағалау
- Үйге тапсырма беру 1 мин
Сабақтың барысы:
І. -Кітап дәптерлерімізді алып , бар күш жігерімізді білім алуға жұмысайық!
ІІ. –Үй тапсырмасын сұраймыз. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беремін. Кезекпен әр топтан бір бала шығып сұрақ алып отырады .
1-топ
1) Материялық нүкте дегеніміз не? Мысал келтір!
Ж.Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.
2) Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
Ж: Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
3) Қозғалыс траекториясы дегеніміз не? Мысал келтір!
Ж:Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады.
4)Эксперименттік сұрақ: Мына заттармен қандай құбылысты анықтауға болады?
( әтір, өлшеуіш цилиндр, раствор )
Ж: Диффузия құбылысын
5) 36 км/сағ — ты м/с –ке айналдыр Ж: 10 м/с
6) Меркурий планетасының ерекшеліктері туралы айт.
2-топ
1) Жол деп нені айтады?
Ж: Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
2) Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
Ж: Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп аталады.
3) Өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықта.
Ж. Аспап шкаласындағы бөліктің құны өлшенетін шаманың шкаладағы кез-келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу арқылы анықталады.
4)Планеталарды ретімен айтып шығу: Меркурий,Шолпан,Жер,Марс,Юпитер,Сатурн,Уран,Нептун,Плутон.
5) 90 км/сағ — ты м/с –ке айналдыр Ж: 25 м/с
6) Юпитер планетасы туралы айт.
3-топ
1)Орын ауыстыру дегеніміз не?
Ж:Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
2)Футбол ойынын бақылай отырып,шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретіні анықталды.Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдың ұзындығы ма?
Ж: Жол
3)Коперник нені зерттеді?
Ж: Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Н.Коперник планеталар жүйесінің центріне Күн орналастырғандықтан, бұл жүйе гелиоцентрлік жүйе деп аталады.
4)72 км/сағ – ты м/с –ке айналдыр Ж: 20 м/с
5)Санақ денесі дегеніміз не? Мысал.
Ж: Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.
6) Марс планетасының ерекшеліктері туралы айт.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары түрліше болуы мүмкін. Ал бірдей орын ауыстыру үшін олар әр түрлі уақыт жұмсайды. Мысалы , орталық аялдамадан «Абай» алаңының арасын жүріп өтуге автомобиль жаяу адамға қарағанда едәуір аз уақыт жібереді; Жаяу адам үйінен шығып 15 мин мектепке жетсе , бұдан бірнеше шақырым алыс «Восток» ауылынан автомобильмен шыққан адам да 15 минутта мектепке жетті. Әр түрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі.
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек.
Орын ауыстыру
Жылдамдық =
Уақыт
Материялық нүктенің х осі бойымен бірқалыпты қозғалысын қарастырайық. Бірқалыпты қозғалыстың анықтамасына жүгінетін болсақ, мұндай қозғалыстың жылдамдығы – тұрақты шама.
Дененің t1 уақыт мезетіндегі координатасы х1, ал t2 уақыт мезетіндегі координатасы х2 болсын. Демек , t2— t1 уақыт аралығында қозғалыстағы дененің орын ауыстыруы х2-х1 шамаға өзгереді. Сонда жылдамдық мына формуламен өрнектеледі.
Слайдтағы кестені көрсету.
Бірліктердің Халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр (м/с) алынады. Бұл жылдамдық бірқалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1 с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.
1 км-шақырым , 1 м- 1адым , 1 қарыс
Дене немесе материялық нүкте жылдамдығының бағыты оң не теріс болуы мүмкін. Егер нүкте координата осі бойымен оң бағытта қозғалса: (х2>х1 және l>0),онда жылдамдықтың бағытын да оң деп алып келісілген.
Ал егер де нүкте координата осіне қарама-қарсы бағытта қозғалса (х2<х1 және l<0),онда жылдамдықтың бағытын теріс деп алу қажет.
Мысалы, координата осін жоғары бағыттап, сол бағытта допты лақтырсақ, онда оның жоғары көтерілгендегі жылдамдығының бағыты оң болады, ал төмен түскендегі жылдамдығының бағыты теріс болады.
ІV .Қортындылау
Есептер шығару
Компьютерде мазмұны жазылған есептерді шығару
- V. Үйге тапсырма §20 7-жаттығу