Басы » Cыныптан тыс » Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)

Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)

М-С Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі
3-4 сыныптар
Өткізген. Тлепова А.Е

Ән жұмбақ
(музыкалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Сәлем достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес шығар. «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл — күй әлемі.
Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте — бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы3«а,б,в»және 4 «а,б» сынып оқушыларын ортаға шақырайық!
I – топ (———————- Рахымжан, Асылболатқызы Әдемі )
II – топ (Мингалиев Ернур, Ескендирова Румия)
ІІІ- топ ( ЕрболатовМирас, Асқар Ақшуақ)
ІV –топ (Ахонова Айгерім, Садыков Нұрбек )
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1.———————-
2.————————
3.——————————-

Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз.

І. Айналым:
Ережесі:
Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Әнді тапса бірге шырқайды.

І айналым тақырыптары:

Мектеп әндері—————————
Хит әндері————————
Шетел әндері———————
Әртүрлі———————-
Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның бағаларын білсек.

2- АЙНАЛЫМ!

Алдарыңда өлеңнің сөзі берілген, осы өлеңнің музыкасына ілесіп ән орындау.
1. Анашым .
2. Әгугай домбыра
3.Жас дәуірдің түлегіміз
4. Көңілді күн
5.Әрқашан күн сөнбесін

Бәріміз (қосылып орындайды)

Жүргізуші: Құрметті достар, келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады. Келесі айналымға өтеміз.

Ережесі: алдарыңда шашырап жатқан әріптерді көріп тұрсыңдар осы әріптерден сөз құраса бір өлеңнің аты шығады? қай топ тез тапса сол топ жеңімпаз болып табылады.

Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің бағаларын сұраймыз

Жүргізуші:
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.
— Ақтық мәреге аяқ басайық!

Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
Марапаттау:
Қорытынды
Әділқазылардың шешімі бойынша
1 орынды 3в сынып оқушылары
Ерболатов Мирас және Асқар Ақшуақ
2 орынды 3б сынып оқушылары
Мингалиев Ернур және Ескендирова Румия
3- орынды 3 а сынып оқушылары (———————- Рахымжан, Асылболатқызы Әдемі және
4б сынып оқушыларына Ахонова Айгерім, Садыков Нұрбекке тең бөлісуді ұйғарды. Сайыс соңында барлығы біріге отырып, «Сен мен және бәріміз» атты әнді қосылып шырқады.
Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *