Басы » Бастауыш сыныптар » Наурыз тойы

Наурыз тойы

1sЖезқазған қаласы

жалпы орта білім беретін 1 орта мектебі КММ

бастауыш сынып мұғалімі

 Жандаулетова Кызғалдак Жангазыевна    

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні наурыз  туралы түсінік бере отырып, «Наурыз тойы» өлеңімен таныстыру.

Оқушылардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын байыту.Өз ойын еркін жеткізе білуге баулу

Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлеуге, дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: СТО  технологиясы бойынша

Әдісі: топтастыру,ой шақыру,бес жолды өлең

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, наурыз туралы видеоролик

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау

Психологиялық ахуал

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбек етіп жұмыла

Беске қолды жеткізу

Оқушыларды топқа бөлу

І топ Наурыз

ІІ топ  Сәуір

ІІІ топ  Мамыр

2.Қызығушылықты ояту

Көктем мезгілінің ерекшеліктері

Көктем айларын атаңдар

 

 

Көктем

 

ағаштар бүршік жарады                                                               күн ұзарады

 

 

күн жылынады

түн қысқарады

 

 

құстар жылы жақтан келеді

 

Көктем айларын атаңдар

Наурыз айында қандай мерекелер тойланады.

  1. Мағынаны тану сатысы

Мұғалімнің түсіндіруі

Наурыз – парсы сөзі. Нау – жаңа, рыз – күн деген мағына білдіреді. Яғни жаңа күн, жаңа жылдың алғашқы күні. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп тіршілік атаулығына жан бітіп, жасарып, жаңаратын шақ.

Наурыз мерекесі күні бір –біріне жақсылық тілеп,өлең жыр арнап,ән салады.

Сергіту  сәті.

Көктем келсе жадырап

Таулардан су ағады.

Құстар қайта оралып,

Қанат қағып ұшады

ІІІ Ой  толғаныс  сатысы

Топтық жұмыс

І Наурыз тобы

Наурыз тойы жайлы әңгіме құрау (ауызша)

ІІ Сәуір тобы

Батаны жатқа айт

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

-Ұлыс береке берсін,

Бәле –жала жерге енсін!

ІІІ.Мамыр тобы

Наурыз көжеге керекті тағамдарды ата.

Қорытынды:

Ұйқасын  тап

Қар менен мұз —————            жібіді

Жердің тоны  ——————       еріді

Жер астына  құт ———           ұқтырды

Қыс кеткенін   ———-            кірді

 

Суретпен жұмыс.

1) Наурыз айында жасалатын тағам (наурыз көже)

2) Көктемнің алғашқы гүлі (бәйшешек)

3) Қазақтың жаңа жылы (наурыз)

«Көктем» тақырыбына бес жолды өлең құрастыру

Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау

І Наурыз  тобы

Бата жаттау

ІІ Сәуір тобы

Наурыз туралы сурет салу   

ІІІ Мамыр тобы

«Көктем» тақырыбына  эссе жазу

 

Бағалау

 

Оқушының аты-жөні Өзін-өзі бағалау Топтың  бағасы Мұғалім  бағасы Қорытынды баға

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *