Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Адиев Жасулан Самиголлиевич
тарих пәнінің мұғалімі
Сыныбы:9 | уақыты: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | «1946-1991 жылдардағы әлеуметтік-демографиялық үрдіс» | ||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты : | ХХ ғасырда қазақ халқының демографиялық дағдарысқа ұшырау себеп-салдары және халық санының өсу үрдісі туралы оқып біледі. | ||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер: | А) Дағдарыстың себептері мен салдары, демографиялық үрдістің барысын, жаңа сөздердің мағынасын біледі;
В) Жұт және ұлы нәубат, саяси-сүргін кезіндегі демографиялық дағдарыспен салыстырады; С) Дағдарыстың қандай тарихи жағдайға апарып соғатынын, оның алдын алу мен демографиялық даму жолдарын болжай алады. |
||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар: | Презентация, ресурс парақтары, суреттер, видеороликтер, маркер, стикерлер, флипчарт, конверт-сұрақ, бағалау критерилері парағы, бағалау «ағашы» | ||||||||||||||||||||||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау.
Үй тапсырмасын сұрауда «Конверт-сұрақ», жаңа сабақты меңгертуде «Ойлан, жұптас, бөліс», постер қорғау, «5 минуттық эссе» әдісі, бекітуде «Уақыт шеңбері» топтық әңгіме. |
||||||||||||||||||||||||||
Негізгі ұғымдар | Демография, депортация, дағдарыс, үрдіс. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері: | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||||||||||||||||||
Кіріспе
|
10 мин | Сыныппен амандасу.
Туған күндері бойынша топқа бөлу. Үй тапсырмасын сұрау. «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы сұрау. Әр оқушыға, ішінде, бір сұрақ және бір басқа сұрақтың жауабы жазылған конверт үлестіріп беру. Сұрақтар: 1. 1985 ж КОКП ОК Бас хатшысының қызметіне тағайындалған кім? 2. КОКП-ның XXVII съезі қашан болды? 3. 1985 жылғы сәуір пленумының негізгі бағыты… 4. 1987ж КОКП ОК-нің қаңтар пленумында қаралған мәселе… 5. Қазақстан КП ОК-нің V пленумы қашан болды? 6. Желтоқсан оқиғасының негізгі себебі… 7. Желтоқсан оқиғасына қатысқан 787 адамға қандай жаза қолданылды? 8. Желтоқсан оқиғасына қатысқан 271 адамға қандай жаза қолданылды? 9. 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға қалай бағаланды? 10. Желтоқсан оқиғасынан кейін 1200 адам қандай жұмыс орнынан шығарылды? 11. Жаңаөзен оқиғасының басты себебі… 12. Қарағанды кенішіндегі ереуілдің басты себебі… Нақты жауап берген оқушыларға жапырақша тәрізді стикерлер беру арқылы ынталандыру |
-мұғаліммен сәлемдесу;
— сабаққа зер салу Оқушылар ортаға шығып, топқа бөлінеді. Бір оқушы үй тапсырмасы бойынша конверттегі сұрағын оқиды, кімде сол сұрақтың жауабы болса жауап беріп, өз конвертіндегі сұрақты оқиды. Сұрақ біткенше жалғасын таба береді.Сұрақты мұқият тыңдап, артынша жауап берулері керек. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтың жауаптары: 1. М. С. Горбачев 2. 1986ж ақпан 3. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету 4. Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы 5. 1986ж 16 желтоқсан 6. Д.А.Қонаевтың орнына Колбиннің келуі 7. Комсомол қатарынан шығарылды 8. Оқу орнынан шығарылды 9. Қазақ ұлтшылдығының көрінісі 10. Ішкі істер министрлігі 11. Әлеуметтік жағдайдың күрделенуі 12. Жұмысшылар жағдайының төмендеуі.
|
||||||||||||||||||||||||
Тұсаукесер | 2 мин | «Ой қозғау» Ашаршылық құрбандары туралы слайд көрсетіп, сұрақ қоямын:
Бұл суреттерде қай кез бейнеленген? Оның арты неге апарып соққан еді? Осы жағдайдан кейін халық саны қалай артқан еді? Демографиялық үрдіс қалай жүрді? Бүгінгі сабағымызда осы мәселеге тоқталамыз. Жақсы жауап берген оқушыларды мадақтап, ынталандыру. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. |
Өткен материалдарды еске түсіріп,
жауап береді. — Ашаршылық көрінісі; — Халық санының азаюы Оқушылардың жауабы… |
||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім | 23мин | Топтық жұмыстар:
Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында барлық топқа бірдей тапсырма беру. Дағдарыс, үрдіс, демография, депортация сөздерінің мағынасын түсіндіру, I тапсырма. «Демографиялық үрдістер» Тақырыбын жеке-дара оқулықтан мұқият оқу. Ғаламтор желісінен алынған деректер жазылған ресурстық парақтардан тақырыпқа қатысты деректерді түртіп алу. ІІ тапсырма: «Демографиялық дағдарыс пен үрдіс» Оқыған деректері бойынша жұптасып, топтасып постер құрап, оны қорғау. Оқушыларды бағыттап, көмек көрсету, жауаптарына байланысты мадақтап, ынталандыру
III тапсырма: «Ашаршылық зобалаңы» Ашаршылық кезіндегі фотосуреттерді үлестіріп беріп 5 минуттық эссе жазғызу. Оқушылардың әр жауабын ескеріп, мадақтап, жапырақша тәрізді стикер беру арқылы ынталандыру |
Алдымен әр оқушы өз бетімен жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді. Қосымша деректен қажетін түртіп алады.
Жұптық әңгіме жүргізеді, топта талдап, постер сызбасын сызып, оны қорғайды.
«Не?, Қалай?» Оқушылар тақырып бойынша не оқығандығын және қалай оқығандығын түсіндіреді
Оқушылар жұппен – топпен жазбаша түрде орындап, жауап береді. Әр топ тапсырма сайын басқа топтың жауаптарын тыңдап, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды. |
||||||||||||||||||||||||
Қорытынды | 10мин | Кері байланыс. «Рефлексивті күнделік» толтырғызу
· Мен не істедім, не білдім? · Көп білу үшін ненің немесе кімнің көмегі болды? · Маған не ұнады, не ұнамады, қандай сезімде болдым? · Пайдалы және қызықты заттар; · Не жеңіл болды? «Венн диаграммасы» Жаңа тақырып бойынша екі дағдарыс пен екі үрдіс кезеңдерін салыстырып, ортақ көрінісін табу. «Уақыт шеңбері» оқушыларды шеңбер бойымен отырғызып, бүгінгі алған мәліметтерін ортаға жинақтатқызу. Оқушыларға бағалау критерилері парағын үлестіліп, өзін-өзі бағалатқызу арқылы сумативті баға қою
Үйге тапсырма: 1. Міндетті деңгейлі тапсырма. «Демографиялық үрдістер» тақырыбын оқу, жаңа сөздердің мағынасын түсіну 2. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма. «Қазіргі ауылдық жерлерде демографиялық дағдарыстың алдын алу үшін не істеу керек?» тақырыбында эссе жазу. |
Оқушылар жазбаша орындап, жауап береді.
«Венн диаграммасын» толтыру арқылы екі дағдарыс пен екі үрдіс кезеңдерін салыстырып, ортақ көрінісі мен ерекшелігін айтады.
Жаңа сабақтан түйгендерін қорытындылап, ой елегінен өткізіп, қорытындылауға ортаға салады.
Бағалау критериі «өте жақсы» деңгейде-3 балл «жақсы» деңгейде -2 балл «орташа» деңгейде 1 балл
|