Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Адиев Жасулан Самиголлиевич
тарих пәнінің мұғалімі
Сыныбы:9 | уақыты: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | «Қазақстандағы экологиялық мәселелер» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты : | Экономикалық даму және ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен болған қазақ жеріндегі экологиялық апаттар туралы оқып білу, тарихи шындыққа баға беру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер: | А) Қазақ жеріндегі экологиялық проблемалардың себептерін, барысы мен салдарын біледі;
В) Әр саладағы экологиялық мәселелерді салыстырып, ерекшеліктерін ажыратады; С) Экономикалық даму бағытында табиғат апатының алдын алу үшін өндіріс үдерісінің тиімді саласын таңдап, қорытындылайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар: | Видеороликтер, маркер, стикерлер, бағалау «ағашы», ұялы телефон, ҚР саяси картасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау.
Үй тапсырмасын сұрауда «Сәйкесін тап», жаңа сабақты меңгертуде «Ойлан, топтас, бөліс», слайд қорғау, «Кезбе тілші», «Екі жақты күнделік», «Сэндвич», «Тақырыптық теннис» әдістері |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі ұғымдар | Эрозия, экология, полигон, «Қызыл кітап», ядролық сынақ, лазер қаруы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері: | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе
|
10 мин | Сыныппен амандасу.
Үй тапсырмасын сұрау. «Қазіргі ауылдық жерлерде демографиялық дағдарыстың алдын алу үшін не істеу керек?» тақырыбында жазып келген эссені тексеру. Эссе жазған оқушылардың шығармашылығын формативті бағалау. «Сәйкесін тап» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар беру.(Тест) 1) Негізгі ұғымдар:
2) Жылдар сөйлейді:
3) Сәйкесін тап:
Оқушылардың берген жауаптары бойынша сумативті бағалау «Шаңырақ» әдісі бойынша топқа бөлу. |
-мұғаліммен сәлемдесу;
— сабаққа зер салу
оқушылар үй тапсырмасы бойынша жазып келген эсселерін оқиды. «Сэндвич» әдісімен бірін бірі бағалайды. «Сәйкесін тап» әдісі арқылы берілген үй тапсырмасын орындайды: 1) Негізгі ұғымдар – төмен деңгейдегі; 2) Жылдар сөйлейді – орташа деңгейдегі; 3) Сәйкесін тап – жоғары дейгейдегі тапсырмаларды жауап парақтарына барлығы орындайды. 1-тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
Осы ретте жауап берулері керек
Оқушылар ортаға шығып, топқа бөлінеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тұсаукесер | 2 мин | «Экологиялық апаттар» (Арал, Балқаш, Семей, Азғыр, Капустин Яр) бейнероликтер көрсетіп, сұрақ қоямын:
Бейнетаспадағы тарихи оқиғаларды көргенде қандай сезімде болдыңыздар? Бұл оқиғалардың арты қоғамға қаншалықты зардабын тигізді және ол туралы не білесіздер? Оқушылардың жауабын күту… Жақсы жауап берген оқушыларды мадақтап, ынталандыру. Бүгінгі сабағымызда осы мәселелерге толығырақ тоқталамыз. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, Эрозия, экология, полигон, «Қызыл кітап», ядролық сынақ, лазер қаруы сөздерінің мағынасын түсіндіру. |
Оқушылар сабақ барысында көргендерін, қосымша деректерден естігендерін, тарихи оқиғалар туралы өздерінің сезімдерін айтады:
Оқушылардың жауабы…
Жаңа тақырыпты, жаңа ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім | 23мин | Топтық жұмыстар:
Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында топтарға бірдей тапсырма беру. I тапсырма. «Қазақстандағы экологиялық мәселелер». Әр топқа әр түрлі тақырыпта тапсырма беру: І топ: «Арал, Балқаш тағдыры» ІІ топ: «Капустин Яр» ІІІ топ: «Семей полигоны» ІІ тапсырма: «Кезбе тілші» әдісі. Оқыған деректері бойынша оқушыларды бағыттап, көмек көрсету. Әр топтан бір оқушыны басқа топқа жіберіп, олардың әрекетін түсіндіру. Тапсырма бойынша басқа топтағы әрекетіне байланысты мадақтап, ынталандыру
III тапсырма: І топ: «Арал апаты» ІІ топ: «Капустин Яр» ІІІ топ: «Семей полигоны» Үш тақырып бойынша топтарға слайдтар топтамасын қорғату
IV тапсырма: Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және ғылыми-техникалық дамуына бағыт алу үшін қазақ жерінің экологиясына зардабын тигізбейтін қандай өндісір орындарын дамытуды қолға алар едіңіздер? |
Берілген тапсырманы топпен оқулықтан мұқият оқу. Ғаламтор желісінен алынған деректер жазылған ресурстық парақтардан тақырыпқа қатысты деректерді түртіп алу
Әр топтан бір оқушыдан басқа топқа барып, олардың орындаған тапсырма-лары бойынша сұхбат алып, жауапта-рын диктофонға немесе қағаз бетіне жазып алады. Алған мәліметтерін өз топтарында талқыға салады.
Әр топ өздерінің таңдаған тақырыптарында, өздерінің оқығанын, басқа топ мүшелерінен алған деректері бойынша слайдтар топтамасын жасайды және қорғайды.
«Тақырыптық теннис» әдісі арқылы әр топ осы сұрақтың шеңберінде басқа топтарға сұрақ қойып, жауаптарын бағалайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды | 10мин | Кері байланыс. «Екі жақты күнделік» толтырғызу
· Мәтіннің қандай тұстары әсер етті? · Ол тұсы қай жағынан әсер етті? · Мәтіннің бұл тұсы қандай ой туғызды? · Оған қатысты қандай сұрақтар туындады «Бағалау ағашы» арқылы оқушыларды бүгінгі алған білімін өзіне бағалатқызу және деңгейінің себебін сұрау Үй тапсырмасы бойынша сумативті баға, топты, өзін-өзі бағалауын, ынталандыру бағаларын ескере отырып сумативті қорытынды баға қою. Үйге тапсырма: 1. Міндетті деңгейлі тапсырма. «Қазақстандағы экологиялық мәселелер» тақырыбын оқу, жаңа сөздердің мағынасын түсіну 2. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма. «Ауыл экологиясы» тақырыбында реферат жазу. |
Оқушылар жазбаша орындап, жауап береді.
Жаңа сабақтан түйгендерін қорытындылап, бағалау ағашының жеткен деңгейін түсіндіреді.
|