Теректі ауданы
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Адиев Жасулан Самиголлиевич
тарих пәнінің мұғалімі
Мақсаты:
Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер – Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға жорығы жайлы талдау, басқыншылық зардабын көрсету;
Дамытушылық: Оқушыларға өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу;
Көрнекілік: «Әмір Темір жорықтары» картасы, жаңа тақырыпқа, үй тапсырмасына қатысты кестелер, карточкалық сұрақтар, «Мазар» диограммасы.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру.
- Жаңа білімді қалыптастыру.
Ой қозғау. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою.
- Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында құрылған мемлекет (Моғолстан)
- Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет (Алтын Орда)
- ХІІІ ғасыр мен ХV ғасырдың басында Шығыс Гешті Қыпшақта өмір сүрген мемлекет (Ақ Орда)