Басы » Тарих » Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар

Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Восход жалпы орта білім беретін мектебі

Адиев Жасулан Самиголлиевич

тарих пәнінің  мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар»
Мақсаты : Кеңестік қоғамдағы саяси қозға-лыстың қазақ халқына әсері туралы оқып білу, саяси көзқарастарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер: А) Кеңестік қоғамдағы саяси дағдарыстың тереңдей түсуі мен тәуелсіздік кезеңіндегі қоғамдық-саяси қозғалыстардың себептерін біледі;

В) Өтпелі кезеңдердегі саяси жағдайлардың себептерін ажыратады;

С) Қоғамдық-саяси қозғалыстардың нәтижелерін болжай алды.

Керекті жабдықтар: маркер, стикерлер, кері байланыс парағы, флипчарт, ҚР саяси картасы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау.

Үй тапсырмасын сұрауда «Стикермен диалог», жаңа сабақты меңгеруде  бірлескен оқу «Ойлан, топтас, бөліс»,  кесте толтыру, «Пирамида»,  БКҚК кестесі, «Кері байланыс» «Smiley Faces», «КЕС» әдістері

Негізгі ұғымдар Реабилитация, постсоциалистік, пикет
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

13 мин Сыныппен амандасу.

«Пазл» әдісі бойынша оқушыларды үш топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау. «Ауыл экологиясы» тақырыбында жазып келген рефератты жинап алу. Тапсырманы орындаған оқушыларды формативті бағалау. «Стикермен диалог» әдісі үй тапсырмасын тексеру

Стикердегі сұрақтар:

1. Арал теңізіне сипаттама беру, картадан көрсету

2. Балқаш көліне сипаттама беру, картадан көрсету

3. Каспий теңізіне сипаттама беру, картадан көрсету

4. Арал теңізінің апатқа ұшырау себебі мен салдары

5. Балқаш көлінің экологиялық апатының себебі

6. Каспий теңізінің экологиялық апатының себебі мен салдары

7. Экологиялық апаттар орын алған өндіріс орындары

8. Семей полигоны және оның зардаптары

9. Капустин Яр және Азғыр полигондарының зардабы

10. Сарыағаш полигонының зардабы.

Оқушылардың берген жауаптары бойынша формативті бағалау

-мұғаліммен сәлемдесу;

— сабаққа зер салу

Оқушылар туған күндері бойынша ретпен тұрып, артынша топқа бөлінеді,  үй тапсырмасы бойынша жазып келген рефераттарын тапсырады. «Стикермен диалог» әдісі үй тапсырмасына жауап береді.

 

Тақтадан стикерге жазылған сұрақтарды алып, жауап береді және картадан көрсетеді.

 

Жауап бере алмаған оқушыға топ мүшелері көмектеседі және жауабын толықтырады

 

 

 

 

 

 

 

Тұсаукесер 2 мин Ой қозғау: Осыған дейінгі өткен сабақтарымызда Қазақ жерінде көптеген толқулардың, экологиялық апаттардың болғанын білесіздер. Осы оқиғалардың арты жабулы қалды ма? Әлде белгілі бір саяси қозғалыстар болды ма? Бүгінгі сабағымызда осы мәселеге тоқталайық.

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Реабилитация, постсоциалистік, пикет сөздерінің мағынасын түсіндіру

 

 

Оқушылардың жауабы…

 

Жаңа тақырыпты, жаңа ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады.

 

Негізгі бөлім  17мин Топтық жұмыстар:

Мәтін мазмұнын,   идеясын меңгерту мақсатында топтарға тапсырма беру

I тапсырма.  «Ойлан, топтас, бөліс», Бірлескен оқу

І топ: «Демократиялық үрдістер»

ІІ топ: «Қоғамдық-саяси қозғалыстар»

ІІІ топ: «Саяси белсенділіктің артуы»

Бірлескен оқу барысында үйден жазып келген рефераттарын қарап шығамын.

ІІ тапсырма:  «Кемпірқосақ» әдісі. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөлу. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады.

Әр оқушыны ынталандыру бағытында мадақтап, бағалап отыру

III тапсырма:  Әр топқа «Пирамида» сызбасын беру

Қоғамдық-саяси қозғалыстардың шығу себебі неде?

_________________________________________

_________________________________________

Ол туралы бұрыннан білетінім

_________________________________________

_________________________________________

Саяси қозғалыстың нәтижесі неде?

__________________________________________

 

 

І тапсырма бойынша берілген тақырыпшаны әр топ оқулықтан мұқият оқиды, нақты деректерді дәптерге жазып алады.

 

ІІ тапсырма: Түстер бойынша топқа бөлінеді, жаңа құрылған топта

оқушылар өздерінің бірлескен оқу барысында алған деректерінен мәлімет береді.  Кейін өз топтарына қайтып оралып, топта қандай мәселелер  талқылағандарын ортаға салып, басқа топ алдында айтады. Басқа топ мүшелері жауаптарын толықтырып,  «Smiley Faces» әдісі арқылы бағалайды

ІІІ тапсырма

Әр топ «Пирамида» сызбасын толтырады және ол бойынша жауап береді

 

Қорытынды 13мин БКҚҚ кестесін толтыру

 

Мен не білдім? Не үйрену керек деп ойлаймын? Оны қалай үйрендім? Үйренге-німді қалай қолдана-мын?
       

 

КЕС рефлексия парағын беру

Көру

Есту

Сезіну арқылы не үйрендіңіз?

Әр оқушының жауабын тыңдап, сабақ бойына алған формативті бағаларының жиынтығынан, жақсы жауап берген оқушыларға сумативті баға қою. Төмен деңгейде жауап берген оқушылардың жауабын келесі сабақта ескеру

Үйге тапсырма:

1. Міндетті деңгейлі тапсырма.

«Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар» тақырыбын оқу, жаңа сөздердің мағынасын түсіну

2. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

«Невада-Семей» қозғалысы,

«1991 ж қыркүйек – Орал» тақырыптарында реферат жазу.

 

 

Әр оқушы жеке, БКҚҚ кестесін орындап, жауап береді.

 

 

 

Әр оқушы жеке, КЕС парағын толтырып, жауап береді.

көру арқылы не үйрендім?

_______________________

_______________________

тыңдай отырып не үйрендім?

________________________

________________________

сезіну арқылы не үйрендім?

________________________

________________________

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *