Басы » Математика » Екі өрнектің квадратының айырымы

Екі өрнектің квадратының айырымы

Жансен Кереев атындағы орта мектебі

 Математика пәнінің мұғалімі:

Жанбауова Маруан Сакеновна.

Сабақ тақырыбы: Екі өрнектің квадратының айырымы

Сабақтың мақсаты:а) Көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы қысқаша көбейту формулаларын мысалдар арқылы түсіндіріп, қорытып шығару, түсіндіру.

б) Дамыта-тереңдетіп топтық әдіспен тақырыптың мәнін түсіндіру, қысқаша көбейту формуласын қорыту, ережені жатқа айту.

в) «Математикалық диктант», «Жекпе -жек», «Күш сынасу», «Бәйге» ойыны арқылы топтық, ұжымдыққа, батылдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: топтық сайыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық тапсырмалар, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру.
  2. Оқушылардың білімдерін тексеру.
  3. Жаңа сабақты түсіндіру;
  4. Түсінгендерін тексеру;
  5. Бекіту;
  6. Үйге тапсырма беру.

Сабақ үш кезеңді қамтиды:

Бірінші кезең – жаңа білімге ие болу және оны қолдану;

Екінші кезең – алған білімді түрлендіру.

Үшінші кезең — жаңа білімді өздігінен меңгеру.

Сынып  үш топқа бөліненді.

І. Білімдерін тексеру үшін әр топ өз аттарын қорғайды.

«Бірмүше», «Көпмүше», «Ұқсас мүше»

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Үш топтан бір-бір оқушы шығып көпмүшені көпмүшеге көбейту амалын орындайды.

(а-в)(а+в) = а²+ав-ав –в²= а²-в²

(х-у)(х+у) = х²+ху-ху –у²= х²-у²

(m-n)(m+n) = m²+mn — mn – n²= m² — n²

Ереже: екі өрнектің айырмасы мен олардың қосындысының көбейтіндісі сол өрнектердің квадраттарының айырмасына тең болады.

1) (5а-4в)(5а+4в) = 25а²+20ав-20ав – 16в²=25а²-16в²

2) 57*63= (60-3)(60+3)= 60² – 3² =3600 – 9=3591

Ауыспалы ҚР туы жеңімпаз топта.

  1. Математикалық диктант (Әркімнің өзі шығар биігі бар)

1.(а-3)(а+3) = а²-9                                                        2.(m-n)(m+n) = m²-n²

3.(1+c)(1-c) = 1– c²                                                      4. (10x-7y)(10x+7y)= 100х²-49y²

2.Бәйге (Шапқан озар, жатқан қалар)

1.(а-5)(а+5) =                                                            2.(2х- 1)(2х +1) =

  1. (8с-d)(8c+d) = 4. (7-3y)(7+3y)=

5.(a2-3)(a2+3)=

3.Жекпе – жек (Білекті бірді жығар,  білімді мыңды жығар)

1.(3m- *)(3m+ *) =9 m²-4n²                                2.(*+4х)(*-4х) =25а² – 16х²

3.(144а²-4в²) =(12а-*)(12а+*)                            4. (100-1)(*+1)= * — 1

4.Күш сынасу. (Жұмыла көтерген жүк жеңіл)

158 есеп

  1. Сабақты бекіту:
1 өрнек 2 өрнек Екі өрнектің айырмасын оның қосындысына көбейту Екі өрнектің квадраттарының айырмасын жаз
b    
0,3    
аb 5    

Үйге тапсырма: 8- тарау   №152(жұп нөмірлері) №154

Оқушыларды бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *