Басы » Бастауыш сыныптар » Туылған күніңмен Еркетай

Туылған күніңмен Еркетай

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы, Қазалы қаласы

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп жанынан құрылған «Еркетай» шағын орталығы

Бақбергенова Жұлдызай

Еркетай» шағын орталығының құрылғанына 6 жыл толуына орай «Туылған күніңмен Еркетай» тақырыбында ұйымдастырылған  кештің сценарийі

Есіктен Еркетай жылаған күйде кіреді.

Жүргізуші: Неге жылап жүрсін Ерке ?

Еркетай:  Бүгін менің туылған күнім ғой , ал мені ешкім құттықтамады (жылай бастайды).
Жүргізуші: Ерке сен білесің бе мұнда біз сенің туылған күніңді тойлауға жиналып жатырмыз . Тіпті шақыру қағаздарын  жіберіп сенің сүйікті кейіпкерлеріді , мында залда отырған  қонақтарды , балабақшалық  достарыңды да шақырдық. Сүйтіп саған тосын сый жасағымыз келген , ал мұнда сен жылаған қалай ? Сен үшін әнмен жырдан шуақ шашылып би де биленеді. Ал осының бәрі саған  жасалған  сый құрметтеп біл. Олай болса ерке сен төрде тұрған  туған күн иесінің  орнына жайғасып , біз дайындаған  тосын сыйды тамашала.

Еркетай қуанып күледі.

Ерке: Жарайды апай  мен білмей қалдым . Балалар менің бүгін туған күнім! (қатты дауыстайды)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар , әріптестер, балалар! Бүгін бізде мереке, себебі Еркетай шығын орталығымыздың  құрылғанына 6 – жыл  толып отыр. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей «Кішкентай бүлдіршіндердің дұрыс қалыптастыруын  жетілдіру үшін білім берудің алғашқы  сатысы  мектепке  дейінгі оқытуға басты назар аудару қажет» деп қойған міндеттемелерін басшылыққа ала отырып елімізде көптеген мектепке дейінгі шағын орталықтардың ашылуы жүзеге асырылуда .                 Қ. Нұрмаханов атындағы №95 мектеп жанынан құрылған «Еркетай» шағын  орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  Министрлігің  2006  жылдың  7 шілдесі  күнгі  № 372 бұйрығы , Қазалы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 17 тамыз  күнгі №183 «Аудандық  кебір  білім беру  ұйымдары жанынан мектепке  дейінгі  шағын  орталықтар  ашу  туралы » қаулысы , Қазалы аудандық  білім бөлімінің  2009 жыл 1 қыркүйек  күнгі №329 бұйрығы бойынша 2009 – 2010  оқу жылында өз жұмысын бастады.  Шағын орталықта 3-5 жасар аралығында қабылданатын 50 баладан тұратын екі топ ашылды. Аудандық  білім бөліміне қарасты  «266  мектеп – лицей  Республикалық трансферт есебінен , мемлекеттік  «Балапан» бағдарламасы  аясында ашылған  шағын  орталығының 4 – тобының , 2 – тобы  «Еркетай» шағын орталығына ауыстырылып, 2 – топ  «Жауқазын» , «Балауса» топтары  қосымша ашылды. Қазірде 100 еркені  тәрбиелеп отырған  сол шаңыраққа 6 жыл толу тойын тойлағалы отырмыз . Сіз бен біздің көз қуаныштарымыздың  мекенінің туылған  күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған  «Туылған  күніңмен Еркетай» атты кешке қош келдіңіздер !

«Салем» биі , орындайтын «Тұмар ханым »би үйірмесінің бүлдіршіндері.

Жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсеткен «Тұмар ханым» би үйірмесі

Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Еркетайды қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.

Құттықтау мен сыйдың,
Иесі мынау гүлдін.
Айтыңдаршы, балалар,
Туған күні кімнің? (Жүргізушінің  қолында бір шоқ гүл болады.)

(Балалар : Еркетай деп айтады)

Жүргізуші: Еркетайдың туылған күніне арнаған «Жауқазын» , «Қарлығаш» топтарының құттықтауы бар екен , олай болса кезек берейік.

Нұрсәуле:

Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Туған күнін «Еркенің»

Бірге қарсы аламыз

Дильназ:

Туған күнін «Еркенің»

Зор қуаныш көреміз.

Ортаға алып би билеп.

Ән де салып береміз.

Нұртас:

Туған күнді тойлаймыз.

Қызықты ойын ойнаймыз.

Қолдан жасап ойыншық

Еркетайға сыйлаймыз.

 

Ерасыл : Туған күнің құтты болсынЕркетай,

Қуаныш пен шаттық бағын аралай,

Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп,

Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.

 

Сейітқали Нұрдәулет:

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан.

Аман боп Еркетайдың балғындары ,

Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!

 

Серік Нұрдәулет:

Осындай ойын-сауық бола берсін,

Үй-іші той-думанға тола берсін,

Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай

Баршаңа бақыт құсы қона берсін.

 

Оңдасын Нұрдәулет:

Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Еркетайым  жанашыр боп жүресіңіз,
Болғаннан соң бірге шыққан күніміз.

М.Нұрдәулет:

Үзілмесін Еркетайдың жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.

Ернар :

Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,

Балаға таудай талап, сана берсін,

Бәрі де балалардың өнерлі боп,

Еркетайдың бақыты  жана берсін!
Асель:Ашып өмір есігін нұрланды күн,

Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.

Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,

Құтты болсын Еркетай туған күнің!

 

Кәусар: Туған күндеріңіз құтты,
Денсаулықтарыңыз мықты.
Жұмыстарыңыз табысты,
Істеріңіз ілгері болсын!

Бейбарыс: Балғындар саған бақытты күнін арнасын

Қайғы мұңға жүректе орын болмасын.

Төбемізде күн күлімдеп әр қашан

Ай мен жұлдыз төрімізге кеп орнасын.

Еркебұлан:

Туған күн құтты болсын, ағайын

Ашшы бүгін көңіліңнің сарайын

Азырқанбай сыйлығымды қабыл ал

Қыздырып бір әннің отын жағайын

 

Ерасыл : Тілер едім ұлы сезім

Іздеп келді өзі де

Бол бақытты Ерке достым

Бақыт кілті өзіңде.

Жүргізуші: Балалар бүгін Еркетай неше жасқа толды?

Балалар:  6 жасқа .
Жүргізуші :
Ендеше 6 рет аяқтарымен топырлатыңдар, қолдарымен 6 рет шапалақтаңдар.
Жүргізуші: Бүгін Еркетайдың туылған күні — төл мерекесі, қуанышы. Еркетай досымыз, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегі жана берсін! Ұл-қыздары бақытты ғұмыр кеше берсін деген тілекпен келесі Ерке қыз әнін Әшім Айзере қыздарыңызды қарсы алыңыздар!

«Ерке қыз » әні , орындайтын  Әшім Айзере

Залға маша мен аю  кіреді.
Аю: Еркетайдың  туылған  күні осында өтіп жатыр ма ? Мені жақсы көріп , ертегілерімді сүйіп тыңдайды деген соң , шақыруды қабыл алып келіп тұрмын. Еркетай саған арналған сыйлығымызда бар.

Маша : Арине , аю ата бірақ сыйлықты мен берейінші. Ал сен Еркетайға арнап жақсы тілек айт.

Аю: Арине айтам қызым . Еркетай туылған  күнің құтты болсын. Ғұмыр жасың ұзақ болсын , сенің балғын  достарың еліміздің қалаулы азаматы болсын және бізді ұмытпай, біз түскен ертегілерді әрдайым көріп жүрсін.Жарай ма Ерке ?
Ерке : Жарайды аю

Жүргізуші : Аюдың әдемі тілегінен кейін  «Қошақан» әнін Бейбарыс ұлдарыңыздың орындауында қабыл алыңыздар !

Ән «Қошақан» , орындайтын Бақытбек Бейбарыс

Жүргізуші: Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып ән шырқаймын
Биде билеп береміз .

«Жаяу» би, орындайтын  «Тұмар ханым» би үйірмесі бүлдіршіндері .

Есік қағылып , тиын кіреді.

Тиын : Ой мұнда қандай әдемі ,қандай керемет . «Еркетай» үйіме бұл ? Туылған  күні дегенді естіп інімде отыра  алмадым . Мен де қонақ болсам бола ма ?Еркетай сенің туылған күніңе арнап жаттаған тақпағым да бар соны айтып берейін.

Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,

Болсын дейміз әрдайым бағың басым.

Еркетайға тілейміз біз амандық,

Жаратқан дәйім сізді жарылқасын.

              «Туған күн кешінде» әні , орындайтын Еркін Құдабаев

Есікті қағып қоян кіреді.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге қоян келе жатыр.

Қоян : Салем Еркетайлықтар!Бүгін Еркенің туылған  күні дегенді естіп менде тиыннан қалмауға бел будым. Сүйтіп міне орталарыңда тұрмын. Ал мен өнерлімін қаласаңдар ән айтып , ол болмаса билеп , ал олда болмайды десеңдер өлең оқып бере алам.

Жүргізуші: Қош келдіңіз қоян, мұнда келгенін дұрыс болыпты. Сіздің өнерлі екендігіңізді білдік, бірақ өнерді балалар көрсетсін. Мүмкін тілек айтарсыз .

Қоян: Дұрыс айтасын қызым.

Тілеймін болашағың жарық болсын!
Әр кезде жас жүрек жырға толсын!
Алдағы арманың орындалып,
Басыңа бітпес дәулет, бақыт қонсын!

Жүргізуші: Жайнасын өмірлерің әр күн сайын
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың,
Келешек Еркетайға  бақыт тілеп
Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймын – деп қоянның тілегін жалғай отырып ортаға  Еркетайды туылған күнімен құттықтай келген Аружан мен Жанымай қыздарыңызды «Көңілді күн» әнімен шақырамыз, қарсы алыңыздар.

«Көңілді күн» әні , орындайтын Жеткерген Жанымай , Нағашыбай Аружан

Жүргізуші: Балалар біреу есікті қаға ма, қалай өзі ? Балалар қараңдаршы бізге Қыдыр ата келіпті.

  • Той әкелген ғаламға

Қыдыр атам аман ба?

Бас иеді барша жұрт

Өзіңдей дана адамға

 

Қыдыр ата:     — Ау, аманба, жараңдар!Мұнда еркетайдың балғындары Еркенің 6 жасын тойлап жатыр дегенді естіген менің қанышымд шек болмай , орталарыңа тұрмын. Қыр аралалап Қазалының  топырағында өсіп – өркендеп жатыған  осындай шаңыраққа батамды бере келдім . Ал , амин деп қол жайыңдар.

Қыдыр Ата бата береді.

Жүргізуші: 1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте, 1 жастан 10 жасқа дейін – сәби, 1 жастан                2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек , 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін,                      3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса , 6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай деген атау алады екен . Олай болса бүгінгі балақай жасындағы Еркетайымызға  ұзақ та тәтті ғұмыр тілей отырып  туылған  күн кешінің ең маңызды сәтті , туылған күн тортын ортаға әкелуге рұхсат етіңіздер !

Торт әкелінеді.

Жүргізуші: Туылған күнге арналған  тәттіні  кесіп , Еркетайға деген жылы лебізін білдіру үшін мектеп директоры Маханбетов Оңталап Төлегенұлына сөз кезегін ұсынамыз. Жүргізуші: Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені Ерке заңғарлардан!

Жүргізуші : Еркетаймызға алып , биік шыңдар, Еркетай ұжымының , балғындарының дені сау , ғұмырлары ұзақ болсын  деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Келесі Еркеміздің туылған  күнінде жолыққанша күн жақсы.

Хор :  Еркетай

 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *