Қазалы қаласы Қ. Нұрмаханов атындағы «Еркетай» шағын орталығы
Орындаған: Қ. Нұрмаханов атындағы №95 ортамектептің жанынан құрылған “Еркетай” шағын орталығының тәрбиешісі
Бақбергенова Жұлдызай
Тақырыбы: Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндерді оқыту мен тәрбиелеудегі тұлғаға бағытталған және құзырлық амалдар
Мазмұны
І. Кіріспе
1.1. Құзырлылық – білім сапасын арттыру кепілі. ….1-2беттер.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Мектепке дейіңгі ересек бүлдіршіндерді оқыту мен тәрбиелеудегі
тұлғаға бағытталған жүргізілген іс – тәжірибем…. 3беттер
ІІІ. Қорытынды
3.1 Жұмыс бағытында қоланылып отырған әдістен күтілетін нәтижем……………………..4 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер. ………………………………………………..5 бет
Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру басты мақсат.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, мектепке дейіңгі мекемелерден бастап білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әрбір баланың өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогына түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.Осы мақсатта бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзырлылық – білім сапасын арттыру кепілі. Білім беру жүйесі 300 жыл қолданыста болып келген білімдік-педагогикалық арттыру және білім беру қызметі бүгін педагогикалық өзгеріс үстінде. Біз тәрбиеленіп отырған балаларымызға ертең, немесе одан арғы күні оның еңбек жолында, өмір жолында қандай талаптар болатындығын анықтай алмайды. Сондықтан біздің балаларымызға өмір белестеріне көтеріле білу үшін, өмір соқпақтарынан өз жолын таба білу үшін мектеп жасына дейіңгі алған білімі мен тәрбиесін, дағдысын әр түрлі тәсілдермен, әр түрлі жағдайларда пайдалана білуі қажет. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде әр түрлі бағдарламалар негізінде жүргізілген зерттеулерге жасаған талдаулар түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастаудың қажет екендігін айқын көрсетеді. Әр тапсырма –шешімі нақты анықталмаған, өзіндік шешімді талап ететін өмірлік ситуация. Бір тапсырманы екі бала өз тәсілін пайдалана отырып, мүлдем басқа жолмен шешімін табу мүмкін. Бұл дегеніміз, шешілу тәсілдерінің және тапсырма шешімінің тек белгісіздік жағдайында адам нақты шешім қабылдаудағы шығармашылығын, өз құзырлылығын көрсете алады. Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық техналогиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды қалыптастырады. Осы мақсаты жүзеге асыруда әдіснамалық деңгейге соңғы кездері қолданысқа «құзырлылық» ұғымы еніп отыр. Құзырлық-танымдық, пәндік-практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдасы. Құзырлылық тәсіл мектепте дейінгі мекемелерде жаңа тәсіл болып табылады және өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын балалардың сапалық кешенін дамытуды көздейді. • Білім философиясындағы негізгі құндылық – бала яғни ертеңгі адам. • Білім парадигмасындағы пәндік –білімдік көзқарас, жеке-тұлғалық сипат алып отыр. • Білім стандарты жаппай міндетті білім, білік, дағдының орнына күтілетін нәтиже ретінде тұлға құзырлығын қойып отыр. Құзырлылық тәсіл бірінші орынға баланың ақпаратпен қамтамасыз етілуін емес, • нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі, танып білудегі, • жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі, • адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалаудағы, • өмірдегі жанұя мүшесі, қоғам мүшесі, көрермен т.б.әлеуметтік роліндегі, • құқықтық нормадағы және әкімшілік құрылымдағы ситуацияларды шешудегі біліктілікті қояды.
Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек» — деген тұжырымда шығармашыл мұғалім , шығарматшыл шәкірт дайындайтынын нақтылайды. Сонымен бірге бүгінгі күннің өзінде кең сұранысқа ие болып отырған педагогикалық технологиялар түрін дұрыс таңдап қолдану оқыту мен тәрбиелеуде 80% нәтижелілікке жетуін қамтамасыз ете алады. Ал оқу іс – әрекетінің жетістігінің 20%-ы ғана тәрбиешінің жеке шеберлігіне байланысты екенін ұмытпау керек. «Ал осы мақсатты жүзеге қалай асырсам болады?» — деген сұрақ төңірегінде мынадай жұмыстар жүргіздім . |
Мектепке дейінгі жаста коммуникативті құзырлығының дамуында маңызды өзгеріс болады. Оның араласу шеңбері кеңейеді. Ересектерден бөлек ол өз құрдастарымен араласа бастайды. Басқа балалардың да өзі сияқты екенін көреді. Ол мұны бұрын байқамады, көрмеді деген емес, бірақ құрдастарын түсіну ерекше қасиет – саналылықты қалыптастырады. А. Н. Леонтьевтің сөзі бойынша дәл осы ересек жаста адами қасиеті қалыптасады. Баланы қарым — қатынасқа түсуге жетелейтін негізгі 3 қажеттілік:
Әсер ету;
Белсенді іс — әрекет;
Мойындау мен қолдау;
Қарым — қатынасқа қабілеттілік қамтиды:
• Қоршаған ортамен қарым — қатынасқа түсуге деген қалауы “Мен қалаймын”
• Қарым — қатынасты ұйымдастыру білігі “Мен жасай аламын”
• Басқаларды тыңдау, шиеленісті жағдайларды шешу “Мен білемін”
Балалардың балабақшаға бейімделу кезінде олардың көпшілігі ашушаң, ызақор, өте белсенді, эмоциясын ұстай алмайтын немесе ұялшақ, өзіне деген бағасы төмен, сөздік қоры аз, құрдастарымен қарым — қатынас жасай алмайтындығын байқадым. Осы балаларды зерттей келе ойындар картотекасын жасап, жұмыстар жүргіздім.
Бұл ойындар 4 блоктан тұрады.
- 1 — блок балалардың бір — бірімен жақын болуына бағытталған ойындар
- 2 — блок балалардың эмоциясын дамытуға бағытталған ойындар
- 3 — блок әлеуметтік қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ойындар
- 4 — блок өзіндік “Мен” ұғымын қалыптастыруға бағытталған ойындар.
1 — блок балалардың бір — бірімен жақын болуына бағытталған ойындар
«Кел, танысайық!»
Барысы: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өз атын, жақсы қасиетін айтады
«Шеңберге кір».
Барысы: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала сыртта тұрады. Ол шеңберді бұзып шеңберге кіру керек.
«Қалпақтар».
Барысы: Барлық қатысушыларға таяқшалар және түрлі — түсті қалпақтар беріледі. Қатысушылар таяқшаның көмегімен қалпақтарды келесі адамға беріп «Саламатсыз ба! Менің атым…..» дейді. Келесі адам «Танысқаныма қуаныштымын» деп жауап береді. Қалпақты қолмен ұстауға болмайды.
«Қайтала» ойыны
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, балалар оларды қайталайды, осыдан кейін топтан бір бала шығып, өз қимылдарын көрсетеді, ал басқа балалар оны қайталайды.
«Көгалда» ойын жаттығуы
Барысы: Тәрбиеші балаларға қимыл-қозғалысты айтылатын сөздермен үйлестіре отырып, гүлдермен жаттығулар орындауды ұсынады. Жаттығуды әнмен орындауға болады.
Бірінің соңынан бірі, жұптасып, үштікпен жүреді. Балалар алаңды (зал) айнала жүгіреді – көгалда жүгіріп, гүл тереді.
Бастапқы қалып (БҚ) – негізгі тұрыс. «бір-екі» деп санағанда, қолдарын екі жағынан жоғары көтереді; бастарын көтеріп, гүлдерге қарайды. «Үш-төрт» деп санағанда – қолдарын екі жақтан төмен түсіреді.
Б.қ. – негізгі тұрыс, қолдарына гүл ұстап, арт жаққа жасырады. Денені алдыға еңкейтеді, аяқтары түзу, гүлдерді алдыға сермейді.
Б.қ. – отыру, аяқтары екі жақта, түзу, гүл ұстаған қолдары артта, басты тік ұстайды. «Бір» деп санағанда «гүлдерді қою» алдыға еңкейеді. Гүлдерді аяқ арасына неғұрлым алыс қояды. «Екі» деп санағанда – тік тұрады, «үш» дегенде «гүлдерді алу» – алдыға еңкейіп, гүлдерді алады.
Б.қ. – негізгі тұрыс, гүлдер қолдарында. «Бір-екі» деп санағанда – отырады, қолдарымен тізені құшақтайды, бастарын алдыға еңкейтеді. «Үш-төрт» деп санағанда – тік тұрады, қолдары екі жақта.
«Екі және үш» ойыны
Барысы: Балалар жүреді немесе араласып жүгіріп жүреді. Тәрбиеші «Екі!» деп белгі бергенде – жанында тұрған кез-келген баламен жұп құрайды, қолдарынан ұстап, белгіленген жерге жүгіріп барады (жалау, доп), ол жерде келген кезектері бойынша жұптасып тұрады. Егер тәрбиеші «Үш!» деп айтса, балалар үштік жасап, белгіленген жерге жүгіріп барады.
«Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы
Барысы: Тәрбиеші балаларға ойын жаттығуын орындауды ұсынады, мұнда сөздерді қимыл-қозғалыспен үйлестіру керек.
Ханзада орманда келе жатты (орнында аяқтың ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда — жұдырық түйеді, оң аяқпен адымдағанда – жұдырықты жазады).
Хан қызын жолықтырды, жолықтырды (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда — сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда — сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Кел, екеуміз секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Тағы бір секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Қолымызбен шапалақ ұрайық, шапалақ ұрайық (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда — сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда — сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Аяқпен тарсылдатайық, тарсылдатайық (орнында 6 қадам жасап, әрбір қадамға шапалақ ұрады).
«Өткелден өту» сахналау ойыны
Барысы: Бұл ойын үшін тас (қиыршық, дәнек) толған жәшік қажет. Балалар тышқандардың жүрісін келтіреді. Бірінің соңынан бірі тастардан адымдап жүреді.
2 — блок балалардың эмоциясын дамытуға бағытталған ойындар
«Рөлдік гимнастика» ойыны .
Барысы : Балалар сәби, ата, аю, түлкі сияқты жүру керек.
«Эмоциямызды жаттықтырамыз» ойыны.
Барысы: Балаларға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Олар орындау керек. Мыс; қу түлкі, күзгі бұлт сияқты немесе зұлым сиқыршы сияқты қабағыңды түй. т. б.
3 — блок әлеуметтік қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ойындар
«Ғажайып кәмпиттер».
Барысы : Балаларға қораптың ішінде не бар екені сұралады. Кәмпиттерді жеген соң сиқыршыға айналатынын айтады. Барлық адамдарға олар қуанатындай тілек айту керек.
4 — блок өзіндік “Мен” ұғымын қалыптастыруға бағытталған ойындар
«Комплимент».
Барысы: Балалар бір — біріне қарап тұрып көршісіне жақсы тілек, мақтау сөз айтады да қағаз шамды береді. Бастысы қайталамау керек.
«Мақтаулы моншақтар».
Барысы: Балалар үстелде отырып досының жақсы қасиетін айтып бір моншақты жіпке тізеді. Келесі бала жалғастырады.
«Біздер доспыз».
Барысы : Балалар шеңберге тұрып шарды жоғары көтеріп достарын айтады. Барлық шарларын қосып біздер бәріміз доспыз деп айтады.
Коммуникативті әрекетті дамытуда жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша балалар мейірімді, тату, өздеріне сенімді бола түсті. Өзара ойнап араларындағы жағдайларды өз бетінше шешуге үйренді. Сонымен қатар бұл ойындарды оқыту іс – әрекеті кезінден сергіту жаттығулары ретінде қолдануға толық мүмкіндігіміз бар.
«Кесте құра» сахналау ойыны
Барысы: Тәрбиеші балаларға ұзындығы әртүрлі түрлі түсті таяқшалар береді. Балалар жалаң аяқ тұрып, аяқ башпайларымен түсі және ұзындығы әртүрлі таяқшаларды қолданып, әртүрлі кестелер құрайды.
Жаңа заман баласының қалыптастырып,дамыту үшін,тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап,мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы-бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып,дамытса,оның нәтижесі де соншалықты жеміс болмақ. Осыған орай жаңа бағдарламалар білімдерді қабылдауға,оларды тиімді қолдануға қабілетті,ортаға мейлінше тез бейімделгіш тұлғасын қалыптастыруда өзім мәлім еткен әдісті қолғануға кеңес беремін.
Пайдаланған әдебиеттер :
- Педагогика. АГТУ. Дәрістер курсы.-Алматы «Нұрлы әлем» 2003.
2.Әбентаев С. Тәрбие теориясымен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы «Дарын». 2004
3.Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы.Оқу құралы.Алматы 2007
4.Бабаев С.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. Түркістан-2010.
5.Бабаев С, Оңалбек Ж.Жалпы педагогика.Оқулық. Алматы-2006.
- Ушинский К.Д. Педагогика. Алматы: Ана тілі. 1992 ж.
- Ұзақбаева С.Тамыры терең тәрбие.-Алматы: Білім, 1997-231 бет.
10.Майғаранова Ш, Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу-әдістемелік кешен. Алматы-2006.
11.Қазақстан Республикасының «Тәрбие» туралы тұжырымдамасы.Алматы 2007.
12.Калиев С., Майғаранова Ш., Иманбаева С., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.-Алматы «Рауан
А. В. Хуторский
¡ Құзырлылық — тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті
Т.Г. Браже
¡ құзырлылық бірнеше жеке құзырға жіктелетін кіріктіріл ген сипаттама.
¡ Құзырлылық сатылары:
мамандық; кәсіптік; әлеуметтік; тұлғалық
М.Б.Челышкова
С.М.Вишнякова
¡ Құзыр: (латынның – заң бойынша бағыныштылығы) – мемлекеттік органның міндеттері, құқы, билік төңірегі;
¡ қызмет бабындағы адамның бір сұрақтар төңірегіндегі танымы, тәжірибесі.
¡ әлеуметтік- кәсіби мәртебесіне оның нақты орындалатын және шешетін мәселелерінің күрделілік деңгейіне сай білімі, біліктілігі және тәжірибесінің өлшемі;
¡ билік аймағы нормативтік актілермен, ережелермен, нұсқаулармен заңдастырылған билік орнындағы адамның, басқару органдарының билігі; қандай да бір сұрақтар төңірегінде шешім қабылдау құқы
¡ Құзыр — нақты бір пәндер мен үрдістер айналасындағы және сапалы, өнімді қызмет үшін қажетті тұлғаның бір-бірімен тығыз байланыстағы сапалары А. В. Хуторский
¡ Құзырлылық — тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті Т.Г. Браже
¡ құзырлылық бірнеше жеке құзырға жіктелетін кіріктіріл ген сипаттама.
¡ Құзырлылық сатылары:
мамандық; кәсіптік; әлеуметтік; тұлғалық М.Б.Челышкова