Жас дос!

                                                ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД-ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН

                                                                       ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА

 

      Жас дос!

«Елдің болашағының бар-жоғын жастардың тыныс-тіршілігінен білеміз» деп Әл-Фараби айтқандай, кез келген елдің болашағы – жастар.

Келешекте еліміздің рухани байлығын дамытатын, елімізді өркендететін, көркейтетін, басқа елдердің арасында маңдай алды мемлекеттің бірі болып қалыптасуына ықпал жасайтын қазақ жастары бүгінгі таңда  қандай?

Қоғамдағы жастардың  арасында денсаулығы  нашар, маскүнемдік, нашақорлық, қылмысқа бейімділік, жеке бас мәдениетінің төмендігі секілді бір қатар келеңсіздіктер орын ала бастады.  Осындай жастардың  елді қорғамақ түгіл, өзін қорғай алмай жүргені өте өкінішті. Адам өмірге бір-ақ рет келмей ме, ендеше аз ғұмырын азғындап, «жанбай жатып, сөніп жатқан» жастарымызға не себеп?

Адам тәрбиені отбасында үйренеді. Отбасы – сүйіспеншіліктің және көрегендіктің алғашқы бұлағы. Бала құрсақта жатқан күннен бастап тәрбие алуы қажет. Дүниеге келген пәк нәрестені, қоғамдық ортаға сай, көрегенді, әдепті, адамгершілігі жоғары, иманды етіп өсіру – ата-ана міндеті.

Менің ойымша, имандылыққа толық бет бұрып, жауапкершілікті сезініп біріккенде ғана жарқын болашаққа қол жеткіземіз.

Ей, жас дос! Алланың берген аз ғана ғұмырын мәнді де сәнді өткізуге көңіл бөл, көзіңді аш. Алдыңа арман, мақсат қой да, соған жету жолында еңбек ет!

Бар өмірің өз қолыңда!

 

                                                                                             Алпамыс Айдана

                                                                                           9 «А» сынып оқушысы

                                                                                              Байқоңыр қаласы

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *