Басы » Кембридж бағдарламасы » Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы – акцепторлы механизмі

Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы – акцепторлы механизмі

Сабақ Коваленттік байланыс түзілуінің  донорлы – акцепторлы  механизмі Есіл №3 мектеп
Күні   Аяс Жанаргүл
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Коваленттік байланыстың тағы бір ерекше түрімен танысу.

Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы – акцепторлы механизмін түсіну.

Донор және акцептор механизмдерін түсініп қолдана білу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: коваленттік байланыстың түрлерін ажырата білу.  Кешенді қосылыстардың формулаларын жаза білу.
  Оқушылардың басым бөлігі:  Аммоний ионы мысалында коваленттік байланыстың донорлы – акцепторлы механизмі түзілуінің ерекшелігін түсіндіру
  Кейбір оқушылар: Су молекуласының электрондық құрылымына сүйеніп кешен түзуге неше бөлінбеген электрон жұптары қатыса алатынын табу. Кешенді кристалгидраттардың түзілуіне мысалдар келтіру.
Тілдік мақсат

3 мин

Донор – бұл қос екі электрондық бұлты бар атом, ал акцептор – бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек екендігін дәлелдеп айту.
Алдыңғы оқу

5 мин

·        Алдыңғы оқуға негіздеп сәйкестендіру тестісін жазу.

HCl,NaCl,Cl2,H2S, CO2,N2

·         Мына молекулалардағы: F2,O2, CO2,NH3 -байланыстарының санын және еселігін табыңдар.

·         Мына молекулаларды байланыс энергиясы мен байланыс ұзындығының артуы бойынша орналастырыңдар.

А) HCl,HF,HBr,HI         B) H2Se, H2S, H2Te

C) PH3, AsH3,NH3                  D) BCl3,BeCl2, CCl4

Жоспар  
Басталуы

3мин

Сергіту сәтін өткізу: ойын шартын түсіндіру оқушылар орындарынан  қозғалады, тез арада кез келген орынға жайғасады, соңында қалған оқушы оқушыларды орнынан қозғау арқылы бір орынға жайғасады. «күн шуағын төгеді шалбар кигендерге» деп өзімнен 3мин  бастаймын.

Оқушыларды формулалар арқылы өткен тақырыпқа негіздей отырып топқа бөлу. ковалентті полюсті, полюссіз, байланыс ұзындығы, байланыс энергиясы 2мин

 

 

 

Ортасы Миға шабул: алдыңғы оқуға негізделген тапсырмаларды орындай отырып үй тапсырмасын орындағанын тексеру. Осы тапсырмалар жас ерекшеліктеріне негізделген деңгейлік тапсырмалар

·        Формулаларды танып білу

·        Байланыс ұзындықтарын анықтау

·         Мына молекулалардағы: F2,O2, CO2,NH3 -байланыстарының санын және еселігін табыңдар.

·         Мына молекулалардағы: F2,O2, CO2,NH3 -байланыстарының санын және еселігін табыңдар.

 

Мағананы тану

5 мин

Бейне көрсетілім көрсету арқылы тәжірибе жасау. Оқушылардың қорытынды шығаруларына мүмкіндік жасау.
5мин Бейне көрсетілімді көрген соң оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіре отырып су молекулалары  қалай  оксоний иондарын түзеді. Классикалық донорлы – акцептірлі механизм қалай түзіледі. Лигандтар дегеніміз не? Аммоний ионны қалай жазылады? Мыс сульфаты пентагидратындағы донорды ,акцепторды, лиганттар санын анықтаңыз кординаталық санын анықтаңдар. Осы сұрақтардың жауабын:

жеке жұмыс 3 мин

жұптық жұмыс 3 мин

топтық жұмыстар жасау арқылы өз ойларын дәлелдейді. 5 мин

топтардың өз жұмыстарын қорғауы 9 мин

Кітаптаға қосымша жаттығуларды орындай отырып сабақты қорытындылау. 7 мин

Аяқталуы Кері байланыс құру арқылы оқытуды бағалау, бағалау табыс критерийлерін құру арқылы оқуды бағалау.
  Бағалау критерийлері (қалыптастырушы бағалау)

Жұптық жұмыс,

Топтық жұмыс

Жұмыстың қорғалуы

Жалпы бағалау

Оқытуды бағалау үшін смайликтерге стикирлер жабыстыру, оқушылардың жалпы пікірін тыңдау.

Қосымша ақпарат Коваленттік байланыстың қасиеттері бойынша бейне көрсетілім, тақпақтар өлеңдер әкелу.
Саралау сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз Проблемалық сұрақтар қою.

Слайд жасау ( оксоний ионына, аммиак молекуласына мыс кристаллогидратына)

 

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеру Кері байланыс құру:

Смайлинктерге өз пікірлерін жазып қалдыру.

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Биология пәні бойынша қан топтары, қан құю атомдардың  байланыс түзу тәртібі мүмкіншіліктер мен ерекшеліктерін  айтып өту.
Рефлексия  Бүгінгі сабақтан алған әсерім дәстүрлі сабаққа қарағанда бұл сабақтың тиімді жақтары: оқушылардың сыни ойлауын қалыптастырады. Бейне көрсетілім көру арқылы мыс криталдарының өсу себептерін оқушылар өздері түсіндірді. Суды сіңіру арқылы акцептор лиганттардың саның өздері анықтады. Осы бейне көрсетілімді өздері үйден дайындап әкелгендіктен олар бірнеше рет қайталап көрді. Кешенді қосылыстардың формуласын жазуды біледі. Осылайша тапсырмаларды оқушылар Мерсердің диологтық оқыту әдісі бойынша білу, түсіну,талқылау ,қолдану іс –әрекеттерін өздері жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы талқылады. Топтық бағалаулар болды. Оқушыларды сабаққа әлде де ынталандыру керек. Осы сабақта мен оқушыларға сабақтың мақсатын таныстырған жоқпын. Бағалау критерийлерін құрып, олардың әр бір қадамдарын мадақтамағандықтан сабақ қанағаттандырылған күйде өтті деп ойладым.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *