Басы » Cыныптан тыс » Ойна да, ойла

Ойна да, ойла

Ойна да, ойлаАқмола облысы Бұланды ауданы Тоқтамыс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ахмет Ақлима Тұрсынқызы

Тақырыбы: Ойна  да, ойла

Мақсаты: А) оқушылардың өткен лексика- грамматикалық  тақырыптар бойынша алған білімдерін бақылау;

Б) қазақша тіл жұмсау дағдыларын; ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту;

В) зейінділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Түрі: жарыс сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, жаттығу әдістері

Көрнекілігі: интерактивті тақта

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. – Сәлеметсіздер ме, балалар және біздің сабағымызға келген қонақтар. Бүгін біз 3-4 «Б» сыныптарының аралығында «Ойна  да,  ойла» тақырыбында іс-шара  өткізгелі отырмыз.

-Балалар,  сайыс болғандықтан әр топ мүшелері өздерінің  тобының жеңімпаз атануы  үшін тырысып, белсенді қатысуы тиіс.   Келген қонақтар өздерің күнде  мектепте  көріп жүрген  ұстаздар. Сондықтан  қысылмай    жауаптарыңды сенімді, дауыстап айтуға тырысыңдар. Келістік пе?

— Сайыстың мақсатымен және кезеңдерімен танысайық. Сайысымыздың мақсаты  оқушылардың өткен лексика- грамматикалық  тақырыптар бойынша алған білімдерін бақылау; қазақша тіл жұмсау дағдыларын; ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту; зейінділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

-Сабағымыздың  эпиграфы ретінде Э.Эриксонның «Ойын арқылы бала қоршаған ортаның негізгі ережелерін зерттейді» деген сөздерін алдым.

— 3 «Б» сыныбы – Сұңқарлар тобы, 4 «Б» сыныбы – Тұлпарлар деп аталады.

— Сайысымыз төмендегідей кезеңдерден тұрады.

  1. Дода. ( 10 сұраққа жауап беру)
  2. Әрі оқу, әрі ойын. ( аудару арқылы ұйқасын табу)
  3. Адасқан әріптер ( әріптерден сөз құрау)
  4. Жаңылтпаш кімді жаңылтпас? ( жатқа жаңылтпаш айту)
  5. Кім жылдам? ( сөздерге көптік жалғауын  жалғау)
  6. Кім көп сөз біледі? ( сөздің соңғы дыбысына сөз ойлар жазу)

— Сайыс кезеңдерімен танысып шықтық, енді сайысты бағалайтын әділ –қазылар алқасымен танысайық: Бекеева Гүлнар Имашевна және Алтынтурина Айжан Утеулиевна.

—  Ендеше,  сайысымызды бастайық. 1. «Дода». Әр топқа лексика-грамматикалық тақырыптар бойынша 10 сұрақтан қойылады. Мұқият тыңдап, жауап беруге тырысыңдар.

Бірінші «Сұңқарлар» тобынан  бастаймыз. 1. Оқу жылы қай айда басталады? 2. Біздің мектеп неше қабатты? 3. Сендердің сыныптарың нешінші қабатта? 4. Бір жылда неше мезгіл бар? 5. Көктем айларын ата. 6. Қыста не  жауады? 7. Аптаның жетінші күнін ата. 8. Отбасы мүшелерін атап шық. 9. Реттік сан есім сұрақтарға жауап береді ? 10. Көптік жалғауларын ата.

Екінші «Тұлпарлар» тобына сұрақтар. 1. Қазақ тілінде неше әріп бар?2. Мына дыбыстар  дауыссыздың қай тобына жатады? Р,л, м, н, ң, й, у. 3. Буын түрлерін ата. 4. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата. 5. Қазақстан  Республикасының  бас қаласын ата. 6. Қандай көне қалаларды білесіңдер? 7. Қандай зергерлік бұйымдарды білесіңдер? 8. Аптаның үшінші күнін ата. 9. Қыс айларын  ата. 10. Біздің мектепте нелер бер?

  1. «Әрі оқу, әрі ойын» . Аудару арқылы ұйқасын тап.

Сұңқарлар тобына: язык-тіл, слон-…, смех-күлкі, лиса-…, мысль-ой, баран-…., гусь-қаз, лето- …, сердце- жүрек, лопата-….

Тұлпарлар  тобына: Сто- жүз,  осень- …, вяжи- тоқы, читай- …, жизнь- өмір, уголь-…, узор-ою, медведь-…, начальник- бастық, подушка-…,

  1. «Адасқан әріптер» сөз құрып шығару

Сұңқарлар тобына: е,п, т, е, к,м; қ,а,ж,ы,п,а,р; м,е,к,т,ө,к; т,і,к,а,п;

Тұлпарлар  тобына: н,ы,с,ы,п; б,о,р,а,м,ы,д; ң,а,р,а,қ,т; ң,а,р,а,қ,т, т,е,д,п,ә,р.

  1. « Кім жылдам?» Сөздерге көптік жалғауын жалға.

Мектеп, терезе, оқулық, гүл, алма, ағаш, тақта, қалам, дәптер, сызғыш, әже, ілмек, қоңырау, оқушы, күнделік, мұғалім, бөлме.

  1. «Жаңылтпаш кімді жаңылтпаш?»  Жаңылтпашты есте сақтап, қайталау.
  2. Шеше, 2. қыста күн қысқа

Кеше                                                         қыста күн

Неше                                                         тым  қысқа

Кесе сынды кеше?

  1. «Кім көп сөз біледі?» Сөздің соңғы дыбысына сөз жазу.

Кітап- парта-асық-

Қорытынды: сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *