Аскар Салтанат Аскаркызы
Ойлы болсаң,озып көр! сайыс сабақ
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Ойқозғау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Жұмбақ, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру.
Жоспары:
1. «Қас – қағым сәтте»
2 “Тұлғаны тани біл”
3. «Ойлан да, аяқта»
4. Жеті жұрттың тілін біл»
5. «Ойлы болсаң, озып көр».
6.«Кім тапқыр?
-Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Қазақстан болашағы –білімді ұрпағында, сондықтан «Ойлы болсаң,озып көр!» ақыл-ой зерделі ойынымызды бастайық! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Тіл — өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт — дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
-Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер
Білімді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
-Бүгін біз осы күнге дейінгі алған білімдерімізді көрсетіп , өлеңдермен, мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда
1- кезең «Жүйрік болсаң, озып көр»
1. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай).
2. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай)
3. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? (Ыбырай)
4. Жылдан құр қалған жануар не еді? (Түйе)
5. Басты байлық не? (Денсаулық)
6. Абайдың әжесі кім? ( Зере)
7. Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана)
8. Орман дәрігері (Тоқылдақ)
9. Ақан серінің тұлпарының аты? (Құлагер)
10. .Ел басқару саласында ең жоғарғы лауазым тұлға (Президент)
11. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)
12. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? (күй)
13. Үш бақымым өлеңінің авторы кім? (М.Мақатаев)
14. Баланы тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең? (Тұсау кесер)
15.Әр адамның шағын отаны?(отбасы)
16. Жанар,Сұлтан,Қожа қай әңгіменің кейіпкері?(Менің атым Қожа)
2-кезең . “Тұлғаны тани біл”
Бұл кезеңде көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендеріңді айтасыңдар. Әр оқушыға 2 тұлғадан беріледі.
Илья Ильин , Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Әлия Молдағұлова, Абай Құнанбаев .Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин,
3 -кезең. «Ойлан да, аяқта»
Ойланбастан басқасын,
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз,
Уақыт берем сіздерге.
1. Күш – білімде, білім – …(кітапта)
2. Еңбектің наны тәтті, …жаны тәтті (жалқаудың)
3. Денсаулық – зор …(байлық)
4. Кітап – білім бұлағы, …– өмір шырағы (білім)
5. Анадан артық…бар ма? (дос)
6. Ырыс алды -…(ынтымақ)
7. Өзге елде сұлтан болғанша,…(өз еліңде ұлтан бол)
8. Білекті бірді жығар,…(білімді мыңды жығады)
9. Төртеу түгел болса,…(төбедегі келеді)
10. Досы көпті жау алмайды, …(ақылы көпті дау алмайды)
4 -кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
Шарты : Бұл бөлімде жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын табу, оны орыс тіліне аудару)
1.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі-Лиса)
2.Өзі кірді ашады,
Суға салсаң қашады. (Сабын-Мыло)
3.Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау-Званок)
4. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз-Морковь)
5.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза- жаза арықтаған(бор-мел)
6.Алты қырлы,алтын сырлы (қалам-ручка)
7.болса да көктем мекені,кездеспейді екеуі (күн мен ай,луна и солнце)
8.Асты тас,үсті тас
Ортасында піскен ас(нан-хлеб)
9.Көкшіл айна үйдегі,көрсетеді киноны (теледидар,телевизор)
5 – кезең. «Ойлы болсаң, озып көр».
1. Төбе шашы тік тұрды. ( Қорықты).
2. Көз ұшында көрінеді. ( Алыста)
3. Қолды болды. (Ұрланды).
4. Жүрек жұтқан. ( Батыр).
5. Қоян жүрек. ( Қорқақ).
6. Көзі ілінбеді. ( Ұйықтамады).
7. Көзге түртсе көргісіз. (Қап-қараңғы).
8. Бетінен оты шықты. ( Ұялды).
9. Ат құйрығын кесісті. ( Араздасты).
10. Араларынан қыл өтпейді. ( Достар).
11. Күлін көкке ұшыру. ( Құрту).
12. Жүрек жалғап алды. (Тамақтанды).
13. Көз шырымын алу. (Ұйықтау).
14. Көзі ашып-жұмғанша. (Лезде).
15. Беті бүлк етпеді. ( Ұялмады).
16. Ит терісін басына қаптады. (Ұрысты).
17. Ат ізін бір салмады. ( Іздеп келмеді).
18. Су тегін. (Арзан).
19. Тісіңнен шығармау. ( Айтпау).
20. Ешкімнен ештеңесін аямайды. (Жомарт, мырза).
ІІ . Қорытындылау. Оқушылар бүгінгі сабақтан әсерлерін ағашқа жазады. Марапаттау.
[bws_related_posts]