Зауреш Иманбаева
Тақырыбы: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Сабақтың мақсаты: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы мәлімет беру, мазмұнын меңгерту.
Міндеттері:
Білімділік: аңыз әңгіме арқылы Жиренше мен Қарашаш бейнесіне талдау жасау, әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.
Дамытушылық: сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету. Тәрбиелік: Жиренше мен Қарашаш бейнесі арқылы шешендікке, тапқырлыққа, досқа қайырымды, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, СТО.
Сабақ түрі: жаңа білім меңгерту
Сабақ әдісі: пікір айту, ой белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: Жиренше шешеннің бейнесі, слайд, нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу;
Ә) топқа бөлу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Аңыз әңгімелер туралы сұрау. Топтастыру әдісін қолдану.
III.Жаңа сабақ. Қосымша мәлімет алу.
Жиренше шешен мен Қарашаш өмірде болған адамдар. Оларды әз Жәнібек ханның тұсында, соның арғы-бергі уақыттарында,XV-XVI ғасырларда өмір сүрген деп білеміз. Өйткені Жиренше мен Қарашаш туралы аңыздарда көбінесе Жәнібек хан бірге айтылады. Олар туралы ел арасында көптеген аңыздар бар. Жиренше бойынан мынандай қасиеттерді байқаймыз: біріншіден әрқашан әділдікті, шындықты айтады, екіншіден кісімен ақылдасуды ұмытпайды, үшіншіден сөзді тауып айтады, төртіншіден хандарға жағымпазданбайды, өзін тең дәрежеде ұстайды, олардың теріс әрекеттерін ашық айтады.Қарашаш сұлу қашанда ақылдылығымен Жиреншеге тірек болады, ақылына ақыл қосып отырады. Яғни бұл кісілер аңыз әңгімелер кейіпкерлері.
IV.Мәтінмен жұмыс:
1.“Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» әңгімесі не жайында?
- Әңгімеден диалогты табу;
- Жұмбақтап сөйлеуін және оның шешуін табу.
Ү. Деңгейлік тапсырмалар.
- Мәтінге композициялық талдау жасау.
- Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.
ҮІ. Қорытынды. Тест тапсырмасын орындау.
1.Шешендік дегеніміз –
а) қорытынды
в) мәнерлеп сөйлеу
с) ақыл айту
д) көркем тілмен айтылған үлгілі ой тұжырымдар
- “Би” деген кім?
а) сөзге шебер, ел мүддесін қорғайтын адам
в) өз ойынан жыр шығаратын адам
с) әнші , өнерлі адам
д) айтысқа түсетін адам
- Аңыз-әңгіменің кейіпкерлері қайсы?
а) Алпамыс, Қобыланды
в) Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
с) Ер Төстік, Аяз би, Керқұла атты Кендебай, Тазша бала
д) Асан қайғы ,Жиренше, Қорқыт, Қожанасыр
- Жиренше кім?
а) қазақтың ханы
в) қазақтың шешені
с) қазақтың ақыны
д) қазақтың жырауы
- Жиренше шешен қай ханның тұсында өмір сүрген?
а) Абылай ханның тұсында
в) Жәнібек ханның тұсында
с) Тәуке хан тұсында
д) Шыңғыс ханның тұсында
- Аңыз әңгімеде кейіпкер кім?
а) адамдар
в) жануарлар
с) құстар
д) өсімдіктер
7.Жиренше туралы әңгіме ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
а) ертегі
в) өлең-жырлар
с) аңыз әңгімелер
д) жұмбақ
- Жиренше қандай адам?
а) ақылсыз
в) ақылды
с) бай
д) мейірімсіз
- Жиренше қандай үйде тұрды?
а) қараша үйде
в) ақ үйде
с) зәулім үйде
д) тас үйде
10. Жиренше Қарашашқа неге қызықты?
а) сұлулығына
в) кедейлігіне
с) ақылдылығына
д) тәртіптілігіне
ҮІІ. Бекіту. Не білдім? Не ұқтым?
Әңгіменің атауы | Кейіпкерлері | Іс-әрекеттері | Мінездеме бер |
5 жолды өлең. Шешен, аңыз сөздеріне.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
- Жиренше-даналық иесі (ойтолғау)
- Өзіңе ұнаған кейіпкерге хат жаз.
Бағалау.
[bws_related_posts]