Алматы облыс
Іле ауданы
Боралдай кенті
«Балдаурен» балабақшасы
Тәрбиеші Хожа К.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №9
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі:Жапсыру
Тақырыбы: «Теңіз асты патшалығы»
Мақсаты: балық туралы балалардың білімдерін жүйелеп тереңдету; шеттерін қию, қию іскерліктерін жетілдіру; ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып жапсыру; шығармашылық қабілеттерін, қол бұлшық еттерін дамыту.
Билингвальды компанент: теңіз-море, балық-рыба
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық-оятушылық | Жылулық шеңбер
Тәрбиеші жайлы дауыспен, көздерін жұмып ұйқыға кететіндерін, бәрі бірдей түс көретіндерін айтады. -Мөлдір тұнық- су…. -Сендер су астында тұнып жүрсіңдер… -Жан-жақтарыңда түрлі әдемі балықтар… Балықтардың тіршілігімен, сан алуан түрімен таныстырады: сазан, бекіре, мөңке, жайын т.б. |
Балалар жылулық шеңберін орындайды.
Балалар көздерін ашып алған әсерлерін айтады. — Сазан, бекіре, мөңке, жайын
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Тәрбиеші балалар назарын үлестірмелі материалдағы «теңіз асты патшалығы» сюжетті суретке аударыңдар.
-Мына суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
-Ал, балалар су астында мекендейтін балықтарды, ұлуды, шаянды жасап жіберейік. Тәрбиеші жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі.
Сергіту сәті: «Өзін-өзі тану» әдістемелік құралынан. Тәрбиеші балалармен әңгіме жүргізеді. Теңіз астында біз көрмеген көптеген тіршілік иелері мекендейді, олардың тіршілігі біз үшін беймәлім. Балықтарды өзіміздің ауылдағы өзен-суларынан кездестіреміз. -Суда жүзіп жүрген балықтарды көрдіңдерма? -Хайуанаттар бағында болдыңдарма? -Балалар кімнің үйінде аквариум бар? Ұжымдық жұмыс: Теңіз асты патшалық балықтарын қағазға жапсырады. |
-Су астындағы балықтарды, ұлуды, шаянды тастарды және шөптерді көріп тұрмыз. -Балалар қуана келіседі.
Балалар жұмыстарын жасайды.
Балалар көрсеткен сергіту жаттығуын орындайды.
Тәрбиешітің әңгімесін мұқият тыңдайды.
-Иә, көрдік.
Балалар әртүрлі жауап береді.
Балалар қиып алған балықтарды жапсырады. |
Рефлексиялық түзетушілік | -Бүгін оқу іс-әрекетінде не білдік? Судың астында қандай жәндіктер тіршілік етеді?
-Жасаған жұмыстарың ұнады ма?
|
-Теңіз астында неше түрлі жәндіктер тіршілік ететінін білдік. Судың астында әртүрлі балықтар, шаяндар, ұлулар тіршілік етеді екен.
-Иә, өте әдемі болды. |
Күтелетін нәтиже:
Жасайды: балықтарды, ұлуды, шаянды ;
Түсінігі: сюжетті суретті ұжым болып жасауды;
қолданды: қиюдың таныс әдіс-тәсілдерін;