Басы » Бала бақша » Қыс қызығы

Қыс қызығы

465126Алматы облысы

Іле ауданы

Боралдай кенті

Іле ауданы әкімінің «Балдаурен» балабақшасы МҚК

Дене шынықтыру нұсқаушысы Какиланова А.Б.

Білім беру саласы: «Денсаулық».

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Өтілетін орны: Спорт алаңы

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, батылдыққа баулу. Спортты сүюге, спорт арқылы салауатты өмір сүруге баулу. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Қайратты, епті, шымыр болуға тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: қар-снег, аққала-снеговик, қыс-зима.

Қажетті құралдар: шана, шелек, қалақ,

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: (дене тәрбие нұсқаушысы) Сәлеметсіздерме қонақтар, тәрбиешілер, қатысушылар. Бүгінгі күн ерекше күн. Біз сіздермен «Қыс қызығы» атты спорттық сайысымызды өткізгелі отырмыз. Ал балалар барлық қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Сәлем бердік алтын күн,

Сәлем бердік ашық аспан.

Сәлем бердік жер-ана,

Сәлем бердік баршаңа.

Шаттық шеңбері: Балалар мына қарды бір-бірімізге беру арқылы жылы лебіздер айтайықшы. Балалар қараңдар жылы-жылы лебіздер айтып едік қарымыз еріп кетті.

Жүргізуші:

Денсаулық ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан

Жүйке,тамыр жүйесі»

Денсаулық-ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай,

Денсаулық ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Жүргізуші: Бүгінгі жарысқа «Құлыншақ» тобының балалары қатысып отыр. Ал олай болса екі топқа бөлініп алып, топтарымызға ат қояйық.

1-тобымыздың аты: «Ақ қоян» тобы

2-тобымыздың аты: «Бозторғай».

Жүргізуші: Балалар неліктен тобымыздың атын «Ақ қоян» деп атадық?

Балалар: Себебі қыста қояндар тондарын ақ түске ауыстырады.

Жүргізуші: Ал «Бозторғай» деп неліктен қойдық?

Балалар: Себебі қыста қыстап қалатын құстардың бірі.

Жүргізуші: Ендеше балалар жарыс қортындысын шығарып, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ қазыларды белгілеп алайық.

1.Әдіскер: Чалимбаева. Б.

2.Медбике: Биниязова .Г.

3.Музыка жетекшісі: Дауылбаева Ж.

Жүргізуші: Балалар бүгінгі жарыс 6 кезеңнен тұрады:

1.Қай топтың шанасы алда сайысы.

2.Қар лақтыру ойыны.

 3.Ыдыстан-ыдысқа қалақпен қар тасу.

4.Қар жинау ойыны.

5.Жұмбақ сайысы (қыс мезгіліне байланысты).

6.Ақ қала жасау ойыны.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы біреу бізге қонаққа келе жатқан секілді. Ой мынау келе жатқан қыс мезгілі мен аққала ғой.

Қыс: Сәлеметсіңдерме балалар!

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлайды

Қарға омбығып

Бет домбығып

Сырғып жастар ойнайды.

Кейде ұлып,кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай мезгіл болады?

Балалар: (қыс мезгілі деп жауап береді)

Қыс: Жыл мезгілі төрт ағайынды соның бірі мен — Қыс. Қыста әртүрлі қызықтар болады. Сендер қыста жауатын қардан аққала жасайсыңдар, сырғанайсыңдар. Сондықтан біз сендердің қыста ойнайтын ойындарыңды тамашалауға келдік.

Жүргізуші:

Шанасына мінеді

Мәз мейрам боп күледі

Жарысамыз бәріміз

Жарасып тұр сәніміз.

Жүргізуші: Олай болса 1-ші кезеңімізді бастаймыз. «Қай топтың шанасы алда» сайысы. Әр топқа бір шанадан, оның үстіне бір баланы отырғызып, белгіленген жерден айланып өз орнымызға барамыз.

2-ші кезең. «Қар лақтыру» ойыны. Әр бала бір кардан алып ойыншықтарды дәлдейді. Ойыншыққа тигізсе бір ұпайдан жазылады.

3-ші кезең. Бір шелектегі қарды, екінші шелекке тасу.

4-ші кезең. Қалақтарымызбен берілген уақытқа дейін қар жинаймыз.

5-ші кезең. «Жұмбақ сайысы»

1.Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады          (аяз)

2.Отқа жанбайды,

Отқа батпайды       (мұз)

3.Зулап түсіп төменге

Шықпас менсіз төбеге       (шана)

4.Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады      (қар)

6-шы кезең. Әр топ берілген уақытқа дейін аққала жасайды.

Жүргізуші: Жеңімпаз топты мақтап, мадақтап марапаттау.

Қыс пен Аққала: Жарайсыңдар балалар сендер қысқы ойындарды жақсы ойнайды екенсіңдер, олай болса біз басқа балалақшаның балалары қыста спорттық ойындарды қалай ойнайды екен, соны тамашалап қайтайық. Сау болыңдар, спортпен жиі шұғылданып тұрыңдар!

 

Жүргізуші:

Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

Олай болса біздің «Қыс қызығы» атты спорттық ойын-сауығымыз өз мәресіне жетті келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *