Қызылорла облысы
Арал ауданы,Шижаға ауылы
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі: Төлебаева Светлана
Сабақтың тақырыбы: Кеңес Оразбекұлы «Елтаңба мен Ту туралы жыр»
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту,Отанын сүюге , байлығын қорғауға,елжандылыққа,әсемдікті сезінуге,жауапкершілікке тәрбиелеу. Елге , жерге патриоттық сезімдерін ояту.Ел рәміздерін,тарихын білуге,қастерлеуге үйрету.Өз
ойларын байланыстырып әңгімелеуге дағдыландыру.Сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, диалог құру, өзіндік жұмыс,шығармашылық тапсырмалар,топтық СТО.
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, қазақ тілі ,бейнелеу
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Сабағымызды бастайық!
ІІ. Өткен тарауды қорыту
1.Қандай тарауды аяқтадық?
2.Кейіптеу дегеніміз не?
3. «Үсік »дегеніміз не,одан қалай сақтану керек?
ІІІ.Ой қозғау: Жасырылған топтың атын табу.Сол арқылы топқа бөлу.
ІV.Жаңа тарау: «Туған өлкем –тұғырым »
Сұрақ-жауап:
1.Отанымыз қалай аталады? ҚАЗАҚСТАН
2. РӘМІЗДЕР
3.Кесте толтыру (Әр топқа өздеріне берілген рәміздер туралы білетіндерін толықтырып айтады. )
Мен не білемін? Нені білгім келеді? Бүгінгі сабақта не үйрендім?
Әр топ өздеріне берілген рәміз туралы білгендерін айтады. Сабақ соңында толтырылады. Сабақ соңында толтырылады.
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
ТУ ЕЛТАҢБА ГИМН
Елбасының арнау сөзі:
V.Жаңа сабақ: Кеңес Оразбекұлы «Елтаңба мен Ту туралы жыр»
Кеңес Оразбекұлы Дүйсен 1956 ж.Жазушы, «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері , «Қанатты сөз-қазына»,
«Тұран баһадүрлері немесе Ер,Би , Нұрдың ерлік жорықтары» т.б. кітаптары бар.
VI.Мәтінмен жұмыс.Компьютер арқылы тыңдатып ,түсіндіру.
VII.Сұрақ-жауап.
1.Қос Пырақ қандай елдерді аралапты?
2.Қыран олардан не деп сұрайды?
3.Пырақ не деп жауап береді?
4.Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылады? (Оқушылар жауабы тыңдалады.)
VIII.Топтық тапсырма.
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
Пырақ қандай Қыран мен Пырақ Бір рәмізге «Бес жолды »
елдерді аралады? сөздеріне диалог құру. өлең құрау.
ІХ. Мәтінге сүйеніп , мақал мен қанатты сөздерді аяқтау.
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
1.Бергеннің қолынан, … 1.Өз елім-өлең … 1.Кісі елінде ….
2.Ел аралаған … 2.Әркімнің өз жері -… Өз еліңде …
3.Отан –оттан да … 3.Туған жер — … 2.Төртеу түгел болса, …
Туған ел — … 3.Ынтымақ түбі — …
Х.Шығармашылық тапсырма:
———————елім ,
———————жерім .
———————жайқалған ,
———————жасарған ,
———————жайған ,
———————Қазақстан !
ХІ.Кестені толтыру.
Мен не білемін? Нені білгім келеді? Бүгінгі сабақта не үйрендім?
Әр топ өздеріне берілген рәміз туралы білгендерін айтып кеткен. Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгендері туралы айтады.
XII.Өлеңді оқыта отырып қорыту,бағалау.
Жерде тудың.Сонау көп заманнан,
Адам деген сол жер үшін жаралған.
Жазда,қыста бар уақытта мәпелеп
Жер өзіңнен нәр алған!
Жерде тудың. Ие болып сенімге
Қорғауға оны міндеттісің тегінде
Қорға бәрін :орман,суын,ауасын
Қалсын сенің ізің де.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып ,түсінігін айту. «Пырақ» туралы эссе жазу.