Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жыр дүлдүлі -Мұқағали

Жыр дүлдүлі -Мұқағали

 

БҚО,Теректі ауданы,Ақжайық ауылы.

Ақжайық ЖОББМ-нің бастауыш сынып

мұғалімдері Зекенова Гульнур Смаиловна

және Каримова Сандуғаш Каримовна.

Жыр дүлдүлі -Мұқағали

Мақсаты: Білімділік – Оқушыларды М. Мақатаевтың өмір жолы,
шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантымен
таныстыру.Дамытушылық – Мұқағали жырларын оқыту арқылы поэзия әлеміне, сөз  өнеріне сүйіспеншілігін арттыру, көркем оқуға
дағдыландыру.Тәрбиелік — М.Мақатаев өлеңдерін оқи отырып Отанын, туған жерін табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М. Мақатаевқа арналған хаттамалы альбом, кітап көрмесі, талант туралы тұшымды ойлар жазылған плакат, сөзжұмбақ, кадаскоп.
Барысы:І. Ұйымдастыру.! Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Қасиетті Қарасаз жерінде туып, артына өшпес мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақыны М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Жыр дүлдүлі — Мұқағали» атты өнеге сағатымызға қош келдіңіздер.
Қайтейін, айыптымын алдарыңда,
Айта алмаған сөзім бар, арманым бар.
Достарым, жаман ақын жазған жырдың
Тым құрыса, бір парағын аударыңдар.
деп, өлеңін аманат етіп кеткен мақтанышымыз М. Мақатаев биыл 9 — ақпанда 81 — ге келер еді. 2-3 сынып оқушыларының сіздерге арналған әдеби сазды өнеріне құлақ салыңыздар.
Хор: «Отан»
1 — бөлім:«Ақын өмірі жайлы не білеміз?»
Ділназ: «Арыз жазып кетейін» өлеңін оқиды.
Алихан: М. Мақатаев қасиетті Қарасаз мекенінде 1931 жылдың 9 — ақпанында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы колхоздың құрлысшысы, шешесі Нағиман.
Шұғыла:: Мұқағалидың азан шақырып қойған аты Мұхамедқали. Кейіннен жеңгелері, ауыл әйелдері тілге жеңіл болсын деп Мұқағали атап кеткен.

Жанболат: Мұқағалиды сөзге, жырға үйреткен әжесі Тиын еді.

Салтанат: Зеңгір көк тіреген шыңдар, Шалкөденің баурайы Мұқағалидың шабытына қанат бітірген, алтын бесігі.
Гулжанат: Мұқағалидың әжесі Тиын «Әкесін ұрысқа аттандырып келгеннен кейін Мұқағали төрге жайылып жатқан көрпеше үстінде жер бауырлап, ұзақ жылап жатты деп еске алады.
Шұғыла: Қалай сені жұбатам, аңыра Ана,
Сау қайт деп тәңіріңе жалын Ана.
Мына отырған иеміз құласа егер,
Саған жар, бізге әке табыла ма?!
… Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған.
деп әкесі Сүлеймен Калининград маңында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, қара қағаз. суық хабар әкелді. Шешесі Нағиман қаршадай Мұқағалиға жете қабыл үш ұлымен жесірлік тауқыметін тартып қалды. Сол кездері Мұқағали жас та болса анасының бір жағына шығып, еңбекке ерте араласты.
2 — бөлім:«Жырлап өсем Мұқағали жырларын»

Архат: «Үш бақытым»

Батырбек: «Әке»
Алихан: «Мен таулықпын»

Абзал: «Отан»
Ануар: «Туған жер»

Салтанат : «Қайран Қарасазым — ай»
3 — бөлім:«Ақын жайлы естеліктер»
Көрініс: «Бауыржан мен Мұқағали» Ролдерде: Шұғыла мен Абзал
Сөзжұмбақ шешу, көрнекіліктер мен жұмыс.
Хор: « Саржайлау»
Сөзі: М. Мақатаев Әні: Н. Тілендиев
Қорытынды:
Аламан бәйгеде оза шауып, өлең – жырда шашасына шаң жұқтырмайтын, талантты тұлға – Мұқағали ақынның өмір жолы әр — алуан оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондықтан біздің парызымыз бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз
Осымен өнеге сағатымыз аяқталды.Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *