Павлодар облысы
Ақсу қаласы №2 жоббм
тарих, география пәнінің мұғалімі
Жулдыз Каировна Конырханова
Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы: Жердің құрылысы және құрамы,тау жыныстары мен пайдалы қазбалар
Мақсаты:
Білімділік: Жердің ішкі құрылысымен, тау жыныстары,пайдалы қазбалармен таныстыру
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: табиғатты қорғай білу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең— үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең— жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең— қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.
Қоржынның тапсырмалары: 1.Географиялық карта дегеніміз не? 2.Масштаб дегеніміз не? 3.Масштабтың қандай түрлері бар? 4.Алғаш рет масштабты пайдаланып карта жасаған б.з.д.VII-Viғ.өмір сүрген …..кім?(Анаксимандр) 5.Бізге белгілі алғашқы карталардың бірін IIғ. жасаған… (Птолемей) 6.Кімнің картасында бірінші рет Еділ өзені түсіріліп,оған Ра деген атау берілген? (Птолемей) 7.Америка құрлығы түсірілген бірінші картаны қай жылы және кім жасады? (1507ж,Мартин Вальдземюллер) Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.
Бағалау нормасы: 10-9 сұрақ «5»; 7-8 сұрақ «4»; 5-6 сұрақ «3»; 5-тен төмен «2». Өзіңді бағала……………
3-тапсырма. (Ғалымдар) Сәйкестендір: 1 минут
Бағалау……………………….. |
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
Дұрыс жауаптарын бағалау критерийлер бойынша топ басшысы санап отырады.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 | Оқушылар топпен отырады.
1-топ.Ай 2- топ. Жер 3-топ.Күн 4-топ.Жұлдыз 1-топқа тапсырма:Географиялық қабық, Жердің даму тарихы 2- топқа:Жердің құрылымы 3- топқа.Тау жыныстары 4- топқа.Пайдалы қазбалар Дайындыққа-10 мин Қорғауға-12мин |
Оқушылар ауызша өз ойларын айтады.
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Топ арасында қорғауларды тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4 | 1.Оқулық мәтінін және жер қыртысының құрылысының суретін пайдалана отырып,сызбаны толтыр:
Жер қыртысының қалыңдықтары
Тауларда Мұхиттардың астында Жазықтарда 2.Сөйлемдерді толықтыр: а) Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары……………тереңдікке дейін барды. ә) Жердің осіне дейін………..шақырым. б) Мұхит астында………………………….қабаты кездеспейді. в) Мантия шамамен…………….шақырым тереңдікке дейін барады. г) Мантия жартылай…………………..және…………………күйде болады. ғ) Ядро……………….және……….. деп екіге бөлінеді. д) Сыртқы ядро-………….. күйінде болса,ішкі ядро-……………..болып келеді. е) Қазақстанның……………………………мен……………..аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады.
Кестелерді толтыру№1 Керекті сөздер: бор,гранит,қиыршық тас,базальт,ұлутас,гнейс, саз,жанартаулық туф,мәрмәр,құм,обсидиан,тас көмір, кристалды тақтатас,қоңыр көмір.
Пайдалы қазбалар
Бағалау нормасы: 10-9 сұрақ «5»; 7-8 сұрақ «4»; 5-6 сұрақ «3»; 5-тен төмен «2». Өзіңді бағала………… Топ басшыларына зымыран сұрақтар: Зымыран сұрақтар. 1.Жаратылыстанушы ғалымдардан кімдерді білеміз? 2.Галактика дегеніміз не? (жеке жұлдыздардың тобы) 3.Күн мен жердің орташа арақашықтығы қанша. (150 млн шақырым) 4.Орбита дегеніміз не? (күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы) 5.Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді? (9) 6.Экватор деген не? Экватор сызығы Жерді қандай жарты шарларға бөліп жатыр. 7.Жердің ішкі құрылымында қандай қабықтар бар? (ядро,мантия,жер қыртысы) 8.Қазақстан қай материкте орналасқан. (Еуразия) 9.Дүниежүзінде барлығы қанша материк бар? (6) 10.Ең үлкен аралдарға қандай аралдар жатады? (Греландия,Мадагаскар т.б.) 11.Тау жыныстары нешеге бөлінеді? (магмалық,шөгінді,метаморфты) 12. Гумус дегеніміз. (қарашірік) 13.Топырақтану ғылымының негізін салушы. (В.Докучаев) 14.Қатты жыныстардың үстінде 2,5 см қалыңдықтағы топырақтың түзілуі үшін кететін уақыт. (1200 жыл) 15. ..1 литр теңіз суының құрамында қанша грамм тұз болады. (35 грамм) 16. Емдік сулардың шығып жатқан жерін не дейді. (арасан) 17.Гидросфере деген не? (жердің су қабығы) 18. Галактика дегеніміз не? (жеке жұлдыздардың тобы) 19.Жердің экваторлық радиусы?(6378км) 20. Жердің полярлық радиусы?(6357км) |
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 |
§ 6-7 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6. | Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау.. |
hghj