№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кожахметова Лиза
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а+7, а-7
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: а+7, а-7 өрнектерін шешіп жаттықтыру, өрнектің мәнін таба
білуге үйрету. 7-ге қосып, азайту амалдарын қайталау.
- Дамытушылық: Оқушылардың математика пәнінен қызығушылығын тудыру, олардың білім,
білік және дағдыларын дамыту, ой-өрісін кеңейту, таным қабілетін арттыру.
- Тәрбиелік: Мақсатына жетуге ұмтылу, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен
жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сызба, алтын қақпа,алтын ақшалар(школад)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Жұма күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Үй тапсырмасын сұрау
Өрнектер.а +6, а-6. 4-мысал.
- 6+2 не жаздым? Өрнек
Қандай өрнек? Санды өрнек
- 8-2 қандай өрнек? Санды өрнек
- а +3, а-3 қандай өрнектер? Әріпті өрнектер
- Әріпті өрнек дегеніміз не?
Математикада белгісіз санның орнына әріп жазады. Сондықтан оны әріпті өрнек деп атайды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
–Балалар бүгінгі біздің сабағымыз қызықты есептер мен ойындарға құрылған.
Біз бүгінгі сабағымызда «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты мынадай. Алтын қақпа ойынында үш қақпа бар. Тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа. Алтын қақпаның ішінде алтын сандық бар, ал алтын сандықтың ішінде алтын ақшалар бар. Сол ақшаларды алғыларың келе ме?
Білімді , ақылды адам ғана бара алады? Ақшаны алған соң сонымен бірге бай боласың. Ал білімді, ақылды, бай болуға әзірміз бе?
-Ендеше әр қақпаны ашу үшін тапсырмалар орындаймыз.
- Тас қақпа.
Ашу үшін мына кестені толтырамыз.
а | 0 | 1 | 2 | 3 |
а+7 |
а | 10 | 9 | 8 | 7 |
а-7 |
Жақсы тас қақпа ашылды.
- Күміс қақпа
Ашу үшін дәптерімізді ашамыз.
Бүгінгі күнді жазамыз.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз Өрнектер. а+7; а -7
2-мысал
7 саны мен а-ның айырмасын жаз. Мұндағы а =7; а =0.
7-а а =7; а =0
7-7 =0 7-0=7
Саннан дәл сондай санды азайтсаң 0 шығады. Сонан 0- ді азайтсақ сол санның өзі шығады.
Күміс қақпа ашылады.
Сергіту сәті
3.Қазір барлығымыз орнымыздан тұрып допты алып 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын тура, кері санау.
Доптың пішіні қандай?
Домалақ, шеңбер тәрізді
4.Ендеше Алтын қақпа.
Ашу үшін 3-есепті шығару, салыстыру.
Екі есептің мәтінін оқыту.
Ондағы ұқсастықтарды ортаға: барлығын табу, екі есепте қосу амалымен орындалады.
Айырмашылығы
1- есепте балмұздақ туралы, ал 2- есеп ағаштар туралы.
Шарты:
Пломбир -6 ? Қайың -4 ?
Эскимо-4 Қарағай -6
Шешуі: 6+4 = 10 Шешуі: 4+6=10
Жауабы: 10 балмұздақ Жауабы: 10 ағаш өсіп тұр
Алтын қақпа ашылды.
Алтын қақпаның ішінде не бар?
Алтын сандық. Оны ашу үшін не керек?
Кілт керек!
Шығармашылық тапсырманы орындасаң сандық ашылады.
Жасырын санды тап.
4 | |
3 | 7 |
6 | |
2 |
5 | |
4 |
Алтын сандық ашылды.
Іші толған алтын ақша.
Алтын ақшаны алу үшін логикалық есептер , тапсырмалар, сұрақтар орындату.
- Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай қалғаны қарға?
Неше қарға отыр? (2 қарға)
2.Аслан 4 жаста, Динара 9 жаста
Кім үлкен? Кім кіші?
Жауабы: Динара үлкен,Аслан кіші
3.Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Жауабы: 5 қаз қонбады
4.а+7, а-7 қандай өрнек?
5.Қосу мен азайту өзара қандай амалдар?
Алтын сандықтан алтын ақша алып оқушыларға тарату.
ІV. Қорытынды. –Біз не білдік? Талқылау
- Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
VІ.Үйге тапсырма: Өрнектер а + 7, а — 7 . 4 –есеп.
[bws_related_posts]