Басы » География » Отын – энергетикалық кешеннің ерекшелігі мен маңызы.

Отын – энергетикалық кешеннің ерекшелігі мен маңызы.

«PISA халықаралық зерттеулері аясында  ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша  функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған география 8 сынып бойынша сабақ жоспары»

География  пәнінің мұғалімі:Зейноллова Жаркын  Канаткызы

 

Сабақтың тақырыбы: Отын – энергетикалық кешеннің ерекшелігі мен маңызы.

 

Мақсаттары:

 

Білімділік: ОЭК кешеннің құрамы мен құрылымы, маңызы туралы білім алу.

 

Дамытушылық: ОЭК салаларының өзара байланысын көрсететін тірексызба, диаграммалар құрастырып, талдауға дағдыландыру.

 

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық тәрбие беру.

 

Сабақ түрі: жаңа сабақ

 

Оқыту әдістері: «Миға шабуыл», «ыстық картоп», коллобаративті шешу, Венн диаграммасы.

 

Құрал – жабдықтар: ОЭК қабырға карта, атлас, интернет – ресурстардан шағын фрагмент.

 

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру 2 минут
ІІ. Мотивациялық кезең 3 минут
ІІІ. Материкке шолу 13 минут
IV. Бекіту 4 минут
V. Қорытындылау. Бағалау 3 минут
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақ барысы

 

І.Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім оқушылармен амандасып, түгендейді және эммоционалды көңіл – күй жағдайын туғызады. Бағалау парағын таратады.

 

ІІ. Мотивациялық кезең

Отынның адам өмірінде маңыздылығын түсіндір.

 

«Миға шабуыл»

 

 

 

ІІ.  Мағынаны ажырату:

 

Тапсырма № 1

 

«Ыстық картоп» стратегиясы  § 17 мәтінің 1 тақырыпшасын  оқып және 70-суретті талдап, отын – энергетика кешенінің салалық  құрамы мен құрылымын анықта.

 

Тапсырма № 2

 

Венн диаграммасы стартегиясы § 17 – нің 2 тақырыпшасын оқып, 72 – суретті және атласты пайдаланып, Қарағанды мен Екібастұз көмір алаптарын салыстыр.

 

Тапсырма № 3

 

Сен білесің бе? – қосымша материалды пайдаланып Коллобаративті шешу стратегиясы арқылы  көмірдің сапасы оның өзіндік құнына тигізетін әсерін дәлелде

 

 Тапсырма №4

 

Тест тапсырмасы:

 

  1. Қарағанды көмір алабы қай жылдардан бастап кеңінен игеріле бастады?

А) 1920

В) 1930

С) 1950

  1. D) 1960

 

Дұрыс жауабы:  В) 1930

 

  1. Екібастұз көмір алабы қай жылдардан бастап кеңінен игеріле бастады?

А) 1920

В) 1930

С) 1950

  1. D) 1960

 

Дұрыс жауабы: С) 1950

 

  1. Қоңыр көмірді қандай алапта және кең орында өндіреді?

 

А) Қарағанды

В) Қаражыра

С) Екібастұз

  1. D) Майкүбі

 

Дұрыс жауабы: D) Майкүбі

 

  1. Қайсы алапта көмірді шахталық әдіспен өндіреді?

 

А) Қарағанды

В) Қаражыра

С) Екібастұз

  1. D) Майкүбі

 

Дұрыс жауабы: А) Қарағанды

 

  1. Өзіндік құны ең арзан көмір қай алапта?

 

А) Қарағанды

В) Қаражыра

С) Екібастұз

  1. D) Майкүбі

 

Дұрыс жауабы: С) Екібастұз

 

  1. Отын – энергетика балансын анықтау үшін барлық отын түрлерін неге ауыстырады?

 

А) Шартты отынға

В) Электр қуатына

С) Отын түрлеріне

  1. D) Минералды шикізатқа

 

Дұрыс жауабы:  А) Шартты отынға

 

 

ІІІ. Бекіту кезеңі

 

Қазақстанның басты көмір алаптарын кескін картаға түсір. Оқушылар кескін картаны пайдаланып, тапсырманы орындайды

 

 

БББ  кесте толтыру

 

Білемін Білдім Білгім келеді

 

 

Кестені толтырады

 

ІV. Бағалау кезеңі

 

Бағалау парағын талдап, оқушыларды мадақтайды

Бағалау парағын толтырады

 

  1. V. Үй тапсырмасын беру кезеңі

 

«Көмірдің қоршаған ортаға тигізетін әсері»  эссе жазу

Оқушылар тапсырманы жазып алады.

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *