Басы » Cыныптан тыс » «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы.
??????????????????????

«Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы.

??????????????????????

Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы,

Осакаровка кенті №1 орта мектебі.

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі.

 Габдуллаева Орынбасар Канатовна

Педстаж: 14 жыл

 «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы.
Мақсаты:

Білімділік: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,мәртебесін көтеру.

Дамытушылық:Танымдық,ақыл-ой,логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту,пәнге қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік:Өз ойларын нақты,дәл айта білуге баулу,жылдамдыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: рәміздер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Барысы

                                            Барысы:

I.Ұйымдастыру. Сайыстың мақсатын хабарлау.

1.Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығы.Өз тобының таңбасын жасап келу.Әр топ өзінің атын және ұранын айтуға тиіс.Топтар қолбасшыларын тағайындайды.

II.Кіріспе сөз.
Мұғалім:

Құрметті оқушылар!Ел ертеңі –білімді ұрпақ дегендей,тәуелсіз Қазақстанның болашағы өздеріңнің қолдарында.Еліміздің көк байрағын білім кеңістігінде желбірететін қазіргі  таңдағы жас жеткіншіктер. Солай болса, «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысымызды бастайық.Бүгінгі сабақтың негізгі  мақсаты– басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылықтарын арттыру.

III.Сайыстың өтілу барысының ережесі мынадай:

1.Тыныштық сақтау;

2.Бірін-бірі тыңдау;

3.Сұраққа толық жауап беру,ойын ашық айту.

IV.Бүгінгі сайысқа 10-сынып оқушылары арасынан екі топ қатысады.

Әр топ өздерін топ таңбасы,ұранымен таныстырады.Топтағы әр оқушы өзін сын есімдер арқылы таныстырып шығады.Мысалы:Айгүл-дарынды,парасатты…

I топ: «Жас ұлан».

Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің – «Жас ұлан».

II топ: «Топжарған».

Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.

Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің – «Топжарған».
              Бүгінгі сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

  • Көркем сөз.
  • Дода.
  • Сөз мәйегі – мақал.
  • Кім жылдам?
  • Полиглот

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын әділқазыларымызды сайлап алайық.

                                                 – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

                                                  — қазақ тілі пәні мұғалімі.

                                                 – қазақ тілі пәні мұғалімі.

Сайысқа бес адамнан құралған екі топ қатысады.

«Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

.

 

 

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық», — деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

І кезең. «Көркем сөз» сайысы.

Үйге берілген тапсырма.Әр топ тілдер туралы дайындап келген өлеңдерін оқиды.
ІІ кезең. «Дода».
Бұл кезеңде әр топқа 20 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.

І топқа.

-Қазақстан қандай мемлекет?
-Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?
-Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
-ҚР-ның мемлекеттік тілі?
-Абайды әлемге танытқан кім?

-Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған жыл?
-Үш би
-Мемлекеттік рәміздер қай жылы бекітілді?
-Қазақстанның туының  түсі  қандай?
-Абылайханның шын аты кім?
-Тудың авторы кім?
-Әнұранның авторларын ата.
-Наурызда пісірілетін басты тағам?
-Тұрлаулы мүшеге не жатады?
-Наурыз сөзі қай тілден шыққан?
-ҚР-сы неше елмен шектеседі?
-Елтаңбаның авторы кімдер?
-Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
-Сөйлем неден құралады?
-Құрмалас сөйлемнің түрін ата.
ІІ топқа.
-ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?
-Абай Құнанбайұлы  кім?
-16 желтоқсан қандай мереке?
-Жүз жасаған ақын?
-Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
-«Қолөнер» сөзінің  аудармасын ата-
-Зере Абайға кім болады?
-Тіл білімінің атасы
-Үндестік заңына бағынбайтын сөздер?
-Ұлттық музыкалық аспап
-Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата.
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Абайдың неше қарасөзі бар?
-Тұрлаусыз мүшелерді ата.-
-Тудың авторы кім?-
-Шоқан Уәлихановтың шын аты кім?
-Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
-Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-Бір жылда неше күн бар?
-Ынтымақ сөзінің синонимі
ІІІ кезең. «Сөз мәйегі – мақал».

Әр топ Отан, тіл, достық туралы мақалдардың жалғасын тауып жалғастырады.

І топ – «Жасұлан».

1.Туған жердей жер болмас, …. (туған елдей ел болмас)

2.Оқусыз білім жоқ— ….(білімсіз күнің жоқ)

3.Ер жігіт ел үшін туады,…. (ел үшін өледі)

4.Отан оттан да …. (ыстық)

5.Күш білімде,…(білім кітапта)

ІІ топ – «Топжарған».

1.Отансыз адам, …. (ормансыз бұлбұл)

2.Ер елінде, …. (гүл жерінде)

3.Туған жердің күні де ыстық,…. (түні де ыстық)

4.Өзге тілдің бәрін біл,…. (өз тіліңді құрметте)

5.Өнер алды —…. (қызыл тіл)

ІҮ кезең. «Кім жылдам?»

Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет.

І топ. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.

(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген).

ІІ топ. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын,Отанымыздың.

(Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді).

Ү кезең. «Полиглот»   жауабын үш тілде айту

1.Жайшылықта жекесің,қарай қалсаң,екеусің.

2.Көп әңгімем,өлеңі,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім.

3.Қыста келген,көктемде еріген.

4.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым.

5.Түнде бармын,күндіз жоқпын.

6.Жеп көріп ем өзің өзіңмен ,жас шығарды көзімнен.

Қорытынды сөз әділқазылар алқасында.

Мұғалім: Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімде-кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
«Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ, барымыз. Тіл мерейі – ел мерейі. Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!» — дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін.Осы сайыста сендер өздеріңнің алған білімдеріңді ,өнерлеріңді көрсете білдіңдер.Сайыс болғаннан кейін жеңген де жеңілген де болады.Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап,биіктерден көрінуге  тілектеспін!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *