Басы » Бастауыш сыныптар » Жай және құрмалас сөйлем

Жай және құрмалас сөйлем

Қызылорда облысы
Қазалы қаласы
Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 мектеп
Сейітова Айнұр Елтайқызы
Жай және құрмалас сөйлем

Сабақтың аты Жай және құрмалас сөйлем 51-56 жаттығу
Сілтеме Қазақ тілі 4 сынып
Жалпы мақсаты:     Оқушылардың сөйлем туралы алған білім –білік дағдыларын кеңейту. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.
Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайтып тіл байлығын арттыру.
Ұйымшылдыққа, сауаттылыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын айыра біледі.

2. Өз ойларын еркін айта алады.

3. Топтаса жұмыс жасауға үйренеді.

Негізгі идеялар: Өз беттерінше топтасып жұмыс жасайды.
Көрнекілігі: Сюжеттік суреттер, плакат, интерактивті тақта.
Тапсырмалар

 

  1. Оқулықпен жұмыс
  2. Дәптермен  жұмыс
  3. Топтық жұмыс
  4. Жұптық жұмыс
  5. Шығармашылық жұмыс.

 

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

I  Ұйымдастыру кезеңі:

  Оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы «Мен қандаймын» ойыны арқылы өздерін таныстырып өтеді.Оқушыларды санау арқылы 3 топқа бөлу. (1,2,3)

II  Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

49-жаттығу.  Сөйлемдерді жай сөйлем бе, әлде құрмалас  сөйлем бе соны ажырату.

 

 

                

                Жай                                           Құрмалас

                 сөйлем                                          сөйлем 

 

 III  Жаңа сабақ

   Тақырыбын, мақсатын хабарлау

   Жай және құрмалас сөйлем 51-56 жаттығу

Оқулықпен жұмыс:

51-жаттығу жұмбақтың шешуін тауып оны жатқа жазу.

Дәу қара құс көрінді,

Көзінің жасы төгілді.             (бұлт)

52-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып жай және құрмалас сөйлемдерді ажырату.

Жай сөйлем:  Құсбегі бүркіт салды.   Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы.

Құрмалас сөйлем: Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық болған кісі екен.

Біз далаға шықсақ, боран басылыпты.

Топтық жұмыс

Үш топқа шілдехана, бесікке салу, тұсау кесер сияқты қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып өту.

Бес жолды өлең құрау, әр салтқа байланысты мақал-мәтелдер айту.

Сергіту сәті:

Ұшты-ұшты

Жұптық жұмыс:

Семантикалық карта.

Сөз таптары Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Айгүл +      
Төрт       +
Жүгіреді   +    
Қызыл     +  

Ой толғаныс.

55-жаттығу. «Жалғасын тап» ойыны

1. Ол бүгін үйге ерте келіп, бізге ас әзірледі.

2. Лезде аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауа бастады.

3. Жаз ыстық болса, қыс қатты болады.

4. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

5. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Қорытындылау:

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

-Құрмалас сөйлем деген не?

-Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі неде?

Үйге тапсырма:

56-жаттығу. Сөйлемнің екі түрі-жай және құрмалас сөйлемдер туралы ойыңды, біліміңді жинақтап, сызбаға түсіру.

Бағалау:  

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *