Басы » Баяндамалар » Біз демократиялық қоғам құру жолындамыз

Біз демократиялық қоғам құру жолындамыз

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты
Тарих пәнінің мұғалімі Әбдез Мейіржан Ергешұлы

Біз демократиялық қоғам құру жолындамыз

Уақытысында Англияның премьер –министрі болған Уинстон Черчилль былай деген екен: « Демократияның көптеген кемшіліктері бар екенін мойындай отырып, оның бір ғана артықшылығы бар екенін ескерте кеткенді жөн көремін. Ол артықшылық мынада: бүгінге дейін ешкім де демократиядан асып түсетін ештеңе ойлап тапқан жоқ». Сондықтан да қазіргі таңда бүкіл әлем халықтары демократия құндылықтарын сақтау барысында еңбек етуде. Соңғы ғасырларда демократиялық ұстанымдарды орнатудың үлгісін көрсетіп келген АҚШ президенттерінің бірі Авраам Линкольн: « Демократия – халық үшін, халықтың өзі іске асыратын халық билігі», — деген екен. Билікке халықтың тікелей сайлау арқылы қатысуы осының айғағы болса керек. Осындай демократиялық ұстанымдарды дамыту үшін мектебімізде жыл соңында ұйымдастырған «Біз демократиялық қоғам құру жолындамыз» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсатымыз халқына қалтқысыз еңбек ететін болашақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу және отан қорғау жолында отқа түсетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу. Дөңгелек үстелді мектеп директорының инновациялық істер жөніндегі орынбасары Далмырзаев Сәкен Әбдіманатұлы ұйымдастырды. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен бұл жиында жас өркендердің ойлары тыңдалып талқылау жасалынды. Ұтымды ойлар айтқан сөз шеберлері тақырыптың мәнін ашып, өз идеяларымен бөлісті. Атап айтар болсақ, 10 сыныптың оқушысы Әбдіхан Жазира: «Мемлекеттегі билік өкілдерінің бар билікті қолына жинап алып өзі ғана шеше алмауы, демократияның дамығандығын көрсетіп отыр емес пе?»- деп сөзін қорытындылады. Сонымен қатар 9 сынып оқушысы Жорабек Ерсұлтан: «… біз оқып отырған оқулықта экономика, әлеуметтік, білім беру аялары белгілі үлесте азаматтық қоғамның немесе мемлекеттің қарамағында болуы мүмкін делінген, сондықтан сайлау арқылы халық өзінің таңдаған тұлғасын жоғары лауазымды билікке сайлай алады. Бұны қысқаша демократия деп атауға болады»- деп өз ойын ортаға салды. Тек аталған балалар ғана емес сегізінші, он бірінші сыныптың оқушылары да көңілге қонымды ойларын ортаға салды. Қорыта айтар болсақ Қазақстан қоғамы – ұзақ жылдар бойы өзге елдің отары болуы салдарынан өзінің табиғи даму даңғылынан шығып, өзіне тән ерекшелік болмысының бірқатарынан айырылып қалған қоғам. Алайда мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған бірқатар бағдарламаларды да жоққа шығаруға болмайды. Мектеп ұстаздары тарапынан үнемі оқушылармен бірге осындай игі істер атқарылып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Сөз соңын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр: «…біздің қоғамның демократияландыру мен адам құқықтарының ең жоғары стандарттарына қадымдап жақындап келе жатқанын көрсете отырып, мемлекеттілікті әрі қарай нығайту және Қазақстанда демократияны дамыту бойынша жаңа ұзақ мерзімді шараларды белгілеп берді» . Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты Тарих пәнінің мұғалімі Әбдез Мейіржан Ергешұлы

Сообщение:
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты
Тақырыбы: Біз демократиялық қоғам құру жолындамыз
Уақытысында Англияның премьер –министрі болған Уинстон Черчилль былай деген екен: « Демократияның көптеген кемшіліктері бар екенін мойындай отырып, оның бір ғана артықшылығы бар екенін ескерте кеткенді жөн көремін. Ол артықшылық мынада: бүгінге дейін ешкім де демократиядан асып түсетін ештеңе ойлап тапқан жоқ». Сондықтан да қазіргі таңда бүкіл әлем халықтары демократия құндылықтарын сақтау барысында еңбек етуде. Соңғы ғасырларда демократиялық ұстанымдарды орнатудың үлгісін көрсетіп келген АҚШ президенттерінің бірі Авраам Линкольн: « Демократия – халық үшін, халықтың өзі іске асыратын халық билігі», — деген екен. Билікке халықтың тікелей сайлау арқылы қатысуы осының айғағы болса керек.
Осындай демократиялық ұстанымдарды дамыту үшін мектебімізде жыл соңында ұйымдастырған «Біз демократиялық қоғам құру жолындамыз» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсатымыз халқына қалтқысыз еңбек ететін болашақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу және отан қорғау жолында отқа түсетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелді мектеп директорының инновациялық істер жөніндегі орынбасары Далмырзаев Сәкен Әбдіманатұлы ұйымдастырды. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен бұл жиында жас өркендердің ойлары тыңдалып талқылау жасалынды. Ұтымды ойлар айтқан сөз шеберлері тақырыптың мәнін ашып, өз идеяларымен бөлісті. Атап айтар болсақ, 10 сыныптың оқушысы Әбдіхан Жазира: «Мемлекеттегі билік өкілдерінің бар билікті қолына жинап алып өзі ғана шеше алмауы, демократияның дамығандығын көрсетіп отыр емес пе?»- деп сөзін қорытындылады. Сонымен қатар 9 сынып оқушысы Жорабек Ерсұлтан: «… біз оқып отырған оқулықта экономика, әлеуметтік, білім беру аялары белгілі үлесте азаматтық қоғамның немесе мемлекеттің қарамағында болуы мүмкін делінген, сондықтан сайлау арқылы халық өзінің таңдаған тұлғасын жоғары лауазымды билікке сайлай алады. Бұны қысқаша демократия деп атауға болады»- деп өз ойын ортаға салды. Тек аталған балалар ғана емес сегізінші, он бірінші сыныптың оқушылары да көңілге қонымды ойларын ортаға салды.
Қорыта айтар болсақ Қазақстан қоғамы – ұзақ жылдар бойы өзге елдің отары болуы салдарынан өзінің табиғи даму даңғылынан шығып, өзіне тән ерекшелік болмысының бірқатарынан айырылып қалған қоғам. Алайда мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған бірқатар бағдарламаларды да жоққа шығаруға болмайды. Мектеп ұстаздары тарапынан үнемі оқушылармен бірге осындай игі істер атқарылып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Сөз соңын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр: «…біздің қоғамның демократияландыру мен адам құқықтарының ең жоғары стандарттарына қадымдап жақындап келе жатқанын көрсете отырып, мемлекеттілікті әрі қарай нығайту және Қазақстанда демократияны дамыту бойынша жаңа ұзақ мерзімді шараларды белгілеп берді» .

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *