Сундетова Светлана Куановна
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Достық ауылы
ЖОББ Семиглавый Мар мектебінің география пәні мұғалімі
Шетелдік Еуропа елдерін қайталау
Білімділік мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау, пысықтау;
Дамытушылық мақсаты: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауға үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар
Сынып екі топқа бөлінеді. Сабақ бірнеше кезеңнен өтеді.
І кезең
Тақтаға бірнеше елдердің аты жазылады:
Норвегия, Ұлыбритания, Испания, Ирландия, Швецария, Польша, Франция, Венгрия.
Ал интерактивті тақтаға елдердің сипаттамасы жазылады. Оқушылар тапсырманы оқып ол қандай елге тән екенін жылдам айтады. Бұрын жауап берген топқа және топ оқушысына ұпай беріліп отырылады.
Тапсырмалар:
1)Бұл ел гидроэнергия ресурсының қоры жөнінен Еуропа елдерінен алда тұр. Алюминий, никель, ферроқорытпаларын өндіруден алдыңғы орында. Жағалауында су астынан мұнай, газ өндіру алға қойылған. Бұл елде саяхатшылар, балықшылар, кеме жасаушылар өмір сүреді. (Норвегия)
2) Таза ауа, жұмсақ климат, көлдерінің мөлдір суы жер жүзінің туристерін қызықтырады. Станок, сағат, дәрумендер, балалар тағамы, шоколад, сапасы жоғары ірімшік – елді дүние жүзіне әйгілі етті. (Швецария)
3) Жоғарғы индустриялы бұл мемлекет өзінің банк, сақтандыру кәсіптік іс-әрекетімен белгілі. Бұл ел еуропадаға үлкен архипелагта орналасқан.( Ұлыбритания)
4) Батыс Еуропадағы дамыған елдің бірі. Автомобиль, авиациялық техника, парфюмерия, сыра және шарап экспорттауымен белгілі. (Франция)
5) Халқының ұлттық құрамы бір ұлтты, көмір өнеркәсібі және қара металлургия дамыған. Ірі қара бидай және кортоп өндіруші ел. (Польша)
6) Жерінің 10 пайызын мұз басып жатыр. Бұл елді жанартау мен гейзерлер елі деп атайды. Жерден бу шығып жатады. Шілде айында +11градустан аспайды. Құрлықта жатқан көршілес мемлекет жоқ. (Исландия)
7)Жазықта орналасқан ел. Бидай, жүгері, жүзім, бау-бақша егуге маманданған. Астанасын еуропаның ең ірі өзені екіге бөліп ағады. (Венгрия)
8)Аралда орналасқан мемлекет. Жұмсақ, теңіздік климатпен ерекшеленеді.Ауыл шаруашылығының ішінде мал шаруашылығы жақсы дамыған. ЕО мүше ел. (Ирландия)
9) Европадағы ең ұзын ел. Кеме жасаумен, балық аулаумен, гидроэнергетика және мұнай өндірумен ерекшеленеді.(Норвегия)
10) Монархиялық , астанасы үлкен портты ел. Машина жасау өндірісі жақсы дамыған. Құрлықта бір ғана мемлекетпен шекараласады.(Ұлыбритания)
11) Бұл мемлекет теңізге шыға алмайды. Елдегі өндіретін электрэнергияның көбін СЭС береді.Саяси жағдайында бейтараптықты ұстанады. (Швецария)
12) Бұл мемлекет поляр шеңберіне жақын орналасқан, балық аулау және балық өнімдерін шығарумен айналысады. Геотермальды суды үйлерді. парниктерді жылытуға пайдаланады..
(Исландия)
ІІ кезең
Интерактивті тақтаға елдердің үштігі жазылады. Әр топтың алдында 1,2,3 сандары бар.
Әр үштікке сипаттама оқылады. Айтылған сипаттамаға қай ел тән емес , сол елдің номерін оқушы көтереді.
1.1.Норвегия 2.1.Германия 3.1. Испания 4.1. Италия
2.Финляндия 2.Италия 2. Германия 2. Греция
3.Швеция 3.Испания 3. Италия 3. Ирландия
5.1.Венгрия 6. 1.Албания
2.Дания 2.Швецария
3.Румыния 3.Австрия
Елдердің сипаттамасы:
1.Үшеуіде конституциялық монархиялы ел, бір түбекте орналасқан. («2» санын көтеру керек, Финляндия-республика)
- 2. Үш елде Жерорта теңізінің державасы болып саналады. («1»)
3.Үш елде «Үлкен жетілік» құрамына кіреді. («1»)
4.Үш елде түбекте жатыр. («3»)
5.Үш елдің астанасы «Б» әрпімен басталады. («2» )
6.Үш елде мұхитқа шыға алмайды («1»)
ІІІ кезең
Әр топқа елдердің екі тобы беріледі. Оқушылар бұл елдер қандай ерекшеліктерімен топтастырылғанын айтады. Бірнеше ерекшелігі болуы мүмкін.
Елдер: І топқа
1.Румыния, Венгрия, Чехия, Албания. (Бұрынғы социалистік мемлекеттер)
2.Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия.(«Үлкен жетілік» құрамына кіретін елдер)
ІІ топқа
1.Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Бельгия.(Солтүстік теңіз қоршап жатыр, конституциялы монархия)
2.Ватикан, Сан-Марино, Монако, Андорра.(Кішкентай мемлекеттер)
ІҮ кезең
Әр топ қарсылас топқа үш сұрақтан береді.
Ү кезең
Интерактивті тақтаға бірнеше сұрақтар жазылады, әр топ оқушылары тез-тез жауап беру керек.
- Олимпиада ойындарының отаны.(Греция)
- Еуропаның «Сүт фермасы»(Швецария)
- «Болат герцогствосы»(Люксембург)
- Почта маркасын шығаратын курорт.(Монако)
- Қызғалдақ елі.(Нидерланды)
6.Банкир ел.( Швецария)
7.Теократикалық монархия.(Ватикан)
8.Теңізбен шайқасатын ел.( Нидерланды)
9.Раушан майымен әйгілі ел.(Болгария)
10.Еуропаның «Орман цехы» (Финляндия)
- Елдің көп бөлігі түбекте, ал астанасы- аралда жатыр.(Дания)
- Күніне 1 млн. карандаш шығаратын «Кох-и-Нор» фабрикасы бар мемлекет.(Чехия)
13.Паровоз және метрополитен отаны.(Ұлыбритания)
14.80 мың көлі бар ел. (Финляндия)
Сабақ қорытындалып, көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Топ оқушылары бағаланады.