Басы » Дене шынықтыру » Көңілді эстафета

Көңілді эстафета

№ 57 Е.Көшербаев  атындағы  орта  мектебінің

дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі  Үмбетов  Бөкенбай

Тақырыбы: Көңілді эстафета

Сабақтың мақсаты: оқушыларға дене тәрбиесімен үнемі айналысуға, шыдамдылыққа, жылдамдыққа, қоршаған ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі:спорттық құрал жабдықтар, шарлар, ұранды сөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сайыскерлер мен жанкүйерлерді бөліп алу және орындарын белгілеу.

  1. Бүгінгі сыныптан тыс сабақта біз екі топ болып жарысамыз. Олар:2 «Б,В» сыныптары. Яғни екі топтан да 10 оқушыдан қатысады. Сыныптан тыс сабағымыздың мақсаты сайыскерлеріміз бен жакүйерлерімізге жауапкершілікті жүктей отырып, өзін қоршаған ортада ұстай білуін, дене тәрбиесін әрі қарай шыңдау және жеңіске де, жеңіліске де шыдай білуге, белсене араласуға дене тәрбиесінің адам денсаулығына қажет екндігін боларына қалыптастыру. Бүгінгі ашық сынптан тыс сабақтың жоспары мынадай:

Жоспары:                                                                                                                                              Мұғалім: Әділдікпен баға берер жарысқа,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділқазы алқаларын сайлайық.

Жеңімпазды анықтауға сайыста.

Әділқазылар алқасы таныстырылады.

Әрбір топ өз тобының атын, ұранын, қарсы топқа сәлемін жеткізеді.

І. «Қапқа түсіп жүгіру» сайысы.

Оқушылар қапты аяқтарына киіп алып мәреге жетіп, қайта келіп, келесі оқушыға беруі тиіс.

ІІ. «Спорттық жұмбақтар шешу» сайысы.

  1. Тауға шықса талмайды,

Аузына нәр алмайды.             (шаңғы)

2.Тұра алмайды шошаңдап,

Сіңірлерін созады,

Алма кезек озады.

Қаны жоқ,

Жаны жоқ

Жер жарады дауысы.   (Ысқырық).

ІІІ. «Жіп астымен өтіп көр» сайысы.

Оқушылар жіптің асытмен денесін тигізбей өтуі керек.

 

ІV. «Әтештер соғысы» сайысы

VІ. «Жұмыртқамен жүгіру» сайысы.

VІІ. «Доп ұстаған математиктер» сайысы

Қорытынды.

Әділқазылар алқасы жарыстың жеңімпазын анықтап бағалайды.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *