Қызылорда облысы,
Арал ауданы
Қызылжарауылы
№81 орта мектебінің педагог-психологы:
Әуезханов Әділбек Әуезханұлы
Мектеп мұғалімдері мен тех қызметкерлерге арналған психологиялық тренинг
Мақсаты:мұғалімдермен тех қызметкерлерарасындақарым-қатынастынығайту, жағымсызкөңіл-күйденарылу, күш-қуатжинау, өзін-өзітану, құрметтеу, өзінеркінсезінугекөмектесу.
Жоспары:
- Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
- Тренинг есімі,өз есімін айтып,бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек!
- «Мен және менің есімім» бұл бөлімде алдарыңыздағы параққа есімдеріңізді бейнелейтін сурет салып,әңгіме құрастырып ортаға саламыз.
- «Сеніп құлау» жаттығуы.
5.Логикалық сұрақтар:
- «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.
- Өмір мектебін тамашалап, постер қорғау.
8.«Оның есесіне мен…» жаттығуы.
- Қорытынды. Сиқырлы таяқша!
Қажетті құралдар: интерактивті тақта,карандаш түрлі түсті,жаттығуға қажетті парақтар.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді екі қолдарыңызды жоғары көтеріп алақандарыңызбен үйкелейсіздер. 3 мәрте.Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.3 мәртеден.
- Тренинг есімі,өз есімін айтып,бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек! Мыс: мен Жанармын жайдарлымын.
- «Мен және менің есімім» бұл бөлімде алдарыңыздағы параққа есімдеріңізді бейнелейтін сурет салып,әңгіме құрастырып ортаға саламыз. Мақсат: ұстаздарымыздың ойлау қабілетімен сөздік қоры,тіл байлығы анықталады.
4.«Сеніп құлау» жаттығуы. Топ мүшелері әрбір тренингке қатысушыны қорқынышсыз қағып алу 3 мәртеден.
5.Логикалық сұрақтар: әр түрлі.
1.Бір адамның орташа неше туған күні болады? (1)
2.Сиыр неге жатады,содан соң тұрады,біраздан кейін қайта жатады? (Өйткені отыра алмайды)
3.Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
4.Терезе мен жақтаудың арасында не тұр? ( мен жалғауы)
5.Үш түйе құс ұшып келе жатты.Аюбек олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды? (Түйе құс ұшпайды)
6.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады.(мысық)
7.Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (Аспан суреті судан көрінген кезде)
- «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды — енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
- Өмір мектебін тамашалап, постер қорғау.Өмір деген өзіміз,ал оның жапырағы болады, жапырақ балдарымыз, яғни бүгінгі ҰБТ ға баратын шәкірттеріміз сондықтан осы балдарымызға ақ тілек жазуымызғада әбден болады.
- «Оның есесіне мен…» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ….. .
— Мен шаршадым, оның есесіне …… .
— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне …. .
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …. .
— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне …. .
— Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .
— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .
— Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне …. .
— Мен пәлендейбатылемеспін, оныңесесіне ….. .
— Мен өзімтуралыкөпойламаймын, оныңесесіне…… .
— Мен тез ашуланғышадаммын, оныңесесіне….. .
— Мен соншалықтысымбаттыемеспін, оныңесесіне …. .
— Мен тымтолықпын, оныңесесіне…. .
— Меніңаяқтарымұзынемес, оныңесесіне … .
— Меніңкемшіліктерімкөп, оныңесесіне … .
— Меніңжазуымәдеміемес, оныңесесіне ….. .
- Қорытынды. Сиқырлытаяқша!
Менің қолымда сиқырлы таяқша бар.Ол таяққа бар игі тілегіңізді айтып бір-бірімізге берсек арман тілектеріңіз түгелдей орындалады.Сонымен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар.Рахмет!
[bws_related_posts]