Басы » Математика » Көпмүшелерге амалдар қолдану

Көпмүшелерге амалдар қолдану

ШҚО Күршім ауданы Қазақстан ауылы

«Қазақстан негізгі орта мектебі»КММ

Касымжанова Нургуль  Еркиновна

математика пәнінің мұғалімі

 Көпмүшелерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:көпмүшелерді қосу,азайту,стандарт түрге келтіру,ықшамдау және бірмүшені көпмүшеге көбейту амалдарын меңгергенін жүйелеу,бекіту,бақылау жұмысына дайындық.

Дамытушылық:оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,білім,білік дағдыларын дамыта отырып,математикалық тілде сөйлеу және ой қорыту дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:оқушыларды ұйымшылдыққа,дәлдікке,ұқыптылыққа,бір-бірін мұқият тыңдауға және ортақ шешім қабылдауға тәрбиелеу

Сабақ типі:бекіту сабағы

Сабақ түрі:сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:танымдық ойын,тест,сұрақ-жауап,топпен жұмыс т.б

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар,сәйкестендіру тесті,симантикалық карта,суреттер,сызбалар т.б

Пән аралық байланыс:геометрия,информатика,физика

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

І бөлім. «Ұқыпты оқушы» (үй тапсырмасын тиянақты орындап келген оқушыға 10 ұпай,толық орындамаған оқушыға 5 ұпайдан беру).№ 204,205

Сайысты бастамас бұрын оқушыларды екі топқа бөлемін.

І топ. «Білгіштер» тобы.

Ұраны: «Көп білгеннің өзіңе пайдасы бар,

Уақыт жетті біліміңді іске асырар!»

ІІ топ. «Білімділер» тобы.

Ұраны: «Білімді болсаң жарқырап тұрған күндейсің,

Білімсіз болсаң күн шықпайтын түндейсің!»

ІІ бөлім. «Білгіш болсаң айтып көр!» (анықтамалар мен ұғымдар бойынша сұрақ-жауап түріндегі сайыс,әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі)

Сұрақтар:

1.Көпмүше деп нені айтады?

2.Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не?

3.Екі мүше дегеніміз не?

4.Ұқсас мүшелер дегеніміз не?

5.Теңбе-тең түрлендіру дегеніміз не?

6.Көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?

7.Стандарт түрдегі көпмүше дегеніміз не?

8.Көпмүшелерді қосу ережелерін айтыңдар

  1. Көпмүшелерді азайту ережелерін айтыңдар

10.Бірмүше мен көпмүшелерді қандай заңдылықпен көбейтеміз?

ІІІ бөлім.

 «Көпмүшелер бірмүшелердің алгебралық қосындысынан құралған,

Көбейткішке жіктеу үшін ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарған!»

(ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруға байланысты деңгейлік тапсырмалар сайысы.Интерактивті тақтада деңгейлік тапсырмалар беріледі.

А деңгей-10ұпай. В деңгей-20ұпай. С деңгей-30 ұпай.Тапсырмалар астында атақты ғалымның суреті жасырылған.Тапсырмалар толық шешілгеннен кейін оқушылар ғалымның атын атаулары тиіс)  /Евклид/

  • 10 ұпайлық есептер:
  • ав+ах             2)mt+nt

3)5а2+15ав               4)-2ах-6а

5)35х2 + 15х2           6)8а+4р

  • 20 ұпайлық есептер:

1)-20а+30с                       2)4а3у-8а2у2

3)14а3к-21а2к3                 4)5а3-20а2у+25ау2

5)6ах-9а2+18ах2              6)-7а2-14ав+21в

  • 30 ұпайлық есептер:

1)30pq3+18p2q2-16p2q                3)5а4+10а3в-30а2в2-20ав3

2)8х4у3-12х2у2+20х3у2               4)-6аt2+9t3-12t4-3a2t2

 

ІV бөлім.

 «Көбейтудің үлестірімділік заңыменен есептеледі,

Табыңдаршы,қандай мүшелер бір-біріне көбейтіледі?»

(бірмүшені көпмүшеге көбейту сайысы)

  • 10 ұпайлық тапсырмалар:

1)5(х+3)              2)3(х+7)

3)2(5-а)               4)5(р-8)

5)6(а-3в)             6)(в+3а)5

  • 20 ұпайлық тапсырмалар:

1)5х(6х+3у)                     2)-6а(5в-2а)

3)-4х(2х3-5х+6)               4)-2х(х2-2х+3)

5)2ав(3а2-4ав+2в2)          6)2у2(3ау-2уа3)

  • 30 ұпайлық тапсырмалар:
  • — х(-9х2+6х-15)            2)- ху(2х2+12ху-6у2)

3)-2рк(-1 р2— рк+к2)          4)3ас(3а3-5ас2-2а2с+4с)

5)-3х2у(-2ху3+5х2у2-5х3у+4х4)

6)-5авс(4ав2с-7а2вс2+3а2вс)

V бөлім. «Сергіту сәті»

(топтарға математикалық жұмбақтар беріледі)

1.Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай.  (натурал сан)

2.Физикаға да қажетті,

Геометрияға да қажетті,

Алгебраға да қажетті,

Дөңгелектеп сызатын,

Табыңдаршы атауын.  (Циркуль)

 

3.Санасаң,бір үйде төртеу бар,

Қаласаң ауызды өртейтін нәр.  (бұрыш)

4.Он түйеде қанша аяқ,

Бес жылқыда қанша аяқ,

Бес тауықта қанша аяқ,

Табыңдаршы қанекей

Жиынтығы қанша аяқ?

                                      (70 аяқ)

5.Туған күнім еді кешке бүгін,

Тойлап өттім дүркін-дүркін.

Тойласуға Айгүл келді,

Майгүл,Майнұр,Назгүл келді,

Нұргүл,Гүлгүл,Гүлнұр келді,

Көрші ауылдан ағам келді,

Екі қызын ала келді.

Жұмысынан шыққан бойда,

Сыйлығымен жеңгем келді.

Көршілерден Айбар келді,

Айдар,Қайдар,Дидар келді,

Айдар,Айбар жұп боп келді,

Барлығы қанша адам болады?

Туған күн иесі сонша жасқа толады!

                                                   (17 жас)

VІ бөлім. «Барар жолды ұмытып адасып қалма,

                   Өз үйімді таптым деп шатасып қалма»

(семантикалық карта мен сәйкестендіру тесті.

Әр дұрыс сәйкестікке 10 ұпайдан)

 

 

Сәйкестендіру тесті:

1)5а3вс2(-0,2авс3)(-ав)                      12а4-14а2в2-20в4

2)(-2а3в2)3(-0,5ав)2                            20а2-17ав+3в2

3)16а5в3с2: (-0,4а3вс)                        а5в3с5

4)(6а2+5в2)( 2а2-4в2)                        -40а2в2с

5)(5а-3в)(4а-в)                                 -2а11в8

Семантикалық карта:

Р/с а в ав23=12 -ав-а2= -4 ав-а2= -2 5-3в2+9=142 2в-ав2+7=17
1 1 2 +        
2 1   -1     +    
3 2 1         +
4 1 3   +      
5 2 3       +  

 

VІІ бөлім. Бағалау  Екі топтың ұпай сандары есептеліп,жеңген топ марапатталады.

VIII Үйге:№ 208,209

Ережелерді жаттау және бақылау жұмысына дайындалу.

Қорытынды: бағалау.[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *