Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Еріншек. Шәкәрім Құдайбердіұлы

Еріншек. Шәкәрім Құдайбердіұлы

Индира Акимжанова

Тақырыбы:  Еріншек.  Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мақсаты: 1.Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

2.Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;

3.Тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: Саяхат сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық даярлық.

Білім теріп, бейнетінен қашпаймыз,

Оқу жылын бестікпенен бастаймыз.

  Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда,

                                    Білімменен достасамыз жастай біз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын хабарлау.

-Балалар бүгінгі біздің сабақ саяхат сабағы болмақ. Саяхатқа шығу үшін бізге не керек? (Билет)

-Иа балалар дұрыс айтасындар саяхатқа шығу үшін бізге билет керек.

  1. 1-слайд. Ең бірінші билетіміз ол біздің семей қаласындағы театрына бару. Театрға билет алу үшін мына ребусты шешейік

Жақсы балалар ребусты шештіндер шешуі: Еріншек

Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз еріншек.

Балалар, сендердің араларыңда еріншектер бар ма?

Олар қандай балалар деп ойлайсың?

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың аса көрнекті               ақындарының бірі. Жастайынан әкесінен жетім қалған Шәкәрім немере ағасы Абай өз қамқорлығына алады. Ол өз бетінше оқып, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Шәкәрімнің әдеби мұралары қазақ әдебиеті үшін асыл қазына болып есептеледі.

ш

 

 

  1. 2-слайд.Келесі біздің саяхатымыз ол өскемен қаласына бару. Ол үшін

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жалғастырып оқу. Әр шумаққа көңіл бөліп, түсінігін әңгімелеу. Оқушыларға тізбектей, ішінара оқыту.

VII. 3-слайд. Ал енді келесі саяхатымыз астана қаласына баруымыз керек оған билет қажет. ол үшін бізге мына сызбаға сүйеніп, Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы (3 класта оқығаның бойынша) деректер жазу.

 

шшҚай жылы туған?

(1858-1931)

 

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қандай шығармалары бар?

(«Аманат», «өлеңдер мен шығармалар жинағы»,  «Қазақ айнасы» ө/ж. т.б.)

Шәкәрім жөнінде мен не білдім?

 

 

Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Бір, Екі, Үш!

Жоғары қолды созамыз,

Тып-тыныш қана отырамыз.

VIII. 4-слайд. Келесі саяхатымыз павлодар қаласына бару, оғанда билет керек ол үшін

Өлеңге және мына кестеге сүйеніп, еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды дәптеріңе толтырып жазу.

 

 

Еріншек адам қандай болады?

1.     Салақ

2.     Надан

3.     Адамдығы жоқ

 

ІХ.  Бекіту: 1. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады? 2.Автордың қорытынды ойы қандай?

3.Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?

  1. Қорытындылау. Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па?

Сенің жалқау, еріншек болғың келеді ме?

  1. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап алу. Бет-236

ХI. Оқушыларды бағалау. Балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырғандарды бағалаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *