Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Сейдакова Айнұр Есенгелдіқызы
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы
«Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері
Сабақтың мақсаты: біліктілік — М. Дулатовтың «Оян қазақ» жинағы туралы, өлеңдерінің тақырыптары мен мазмұнын әңгімелеу, идеялық ерекшеліктерін таныту, ақын лирикасын талдай отырып түсіне білуге үйрету;
тәрбиелік — шығармашылық жұмыстар арқылы оқушыларды мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу;
дамытушылық – өзіндік ой айтуға, пікір қорғауға жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Дулатов өлеңдері жазылған парақшалар, кесте – сызбалар, слайд, қима қағаздар, бағалау парақшасы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, география, музыка, бейнелеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топтық және жалпы сыныптық
Сәлемдесу, кезекші мәлімдемесі
Оқушыларды III топқа бөлу.
Бағалау парақшысы туралы түсінік беру.
II. Үй тапсырмасын бекіту. (Қима қағаздар) арқылы
1. А. Байтұрсынов өмірбаян жайында қысқаша мәлімет
2. А. Байтұрсыновтың қандай шығармаларын білесіңдер?
3. А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы қазақтың ұлттық сана сезімінің оянуына қалай әсер етті?
4. А. Байтұрсыновтың қандай аудармалары бар?
5. «Маса» кітабындағы басты сарынды атаңдар.
6. А. Байтұрсыновтың мақалында қандай мәселелер қозғалған?
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын Алаштың бес арысын еске түсірейік.
1. М. Дулатов өлеңдерінен не білесіңдер?
2. Төменгі сыныптарда қандай өлеңдерімен таныстыңдар?
3. «Оян, қазақ!» деген тіркес сендерге қандай ой салады?
М. Дулатовтың өмір жолы, қоғамдық қызметі Ұлтына «Оян қазақ!» деп ұран салған қайраткер қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келді.
Оян, қазақ! Ойлан қазақ! Бол қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ
Алашағың аз ба мына дүниеде,
Болашағың емес пе еді зор ғажап.
Біз сонымен М. Дулатовты кім деп танимыз.
Аса көрнекті ағартушы Қоғам қайраткері
Сазгер
Міржақып Дулатұлы |
Шабытты ақын
Жазушы
Саяси күрескер
Міржақыптың даңқын қазақ арасы ғана емес, Ресейдегі түркі әлеміне тұтас жайған «Оян,қазақ!» кітабы 1909 жылы Уфада шығып, 1911 жылы Орынборда екінші рет басылды. Бұл – қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көп қудаланған шығарманың бірі.
Азаттық мүддесі жалындағы күреске халықты шақыру, ояту, еңсе көтеру ісіне Міржақып өз уақытының мүмкіндігіне қарай баспасөзді жақсы пайдалана білген. «Қазақ», «Серке», «Айқап» және татар, орыс тіліндегі басылымдарға да жиі шығып тұрды. Елді ояту, саясатқа тарту мүддесіндегі саяси жұмыс болатын. Ол Алаштың табынды күрескері болды. Міржақыптың « Серке» газетінің 1907 жылы 2 басылған « Біздің мақсатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгіт деп саналып бұл газет конфискеленсін деген шешім қабылданды.
И. Жақановтың «Кез болған соң кер заман біздің баққа» мақаласын пайдалана отырып М. Дулатовтың сазгер екенін таныту, ән нотасын көрсету. «Айрылған», « Сүйген жарға», «Қанат талды», «Қайда едің», «Қайтер едің?» әндері бар. Ж.Аймауытовтың «Алаш ұраны» өлеңіне саз шығарған, екеуінің арасында шығармашылық байланыс болған.
Сергіту сәті Мұң термесін тыңдай отырып, өз түсініктері бойынша суреттеу.
Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
1993 — «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» Алашордарежиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
1 топ «Қазақ жерлері» өлеңді талдау.
Өлеңнің идеясы 1731 жылғы Ресей патшасының бодандыққа алуы,1868 жылы қазақ жерін ата баба қонысын түгелдей қарамағына алуы. Қалың қазақ ордасын атамекен қонысынан шұрайлы жерінен айырған.
Шумақ саны – 13
Тармақ саны – 52
Бунақ саны – 2-3
Қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)
Көркемдегіш құралдан: Метафора. Әділдік саясында.
Теңеу. 1. Ішім оттай 2. көзден жас көлдей болып, ағасың да
Тұрақты тіркестер:
Халық билеген, назар саласың ба,
Көз жасыңа қаласыңба?
Ішім оттай жанасың ба?
Сөздік
1. Үнерсіз = өнерсіз – араб сөзі
2. Һәммәсін = барлығын түгел мағынасы, араб сөзі
3. Фәкіл – ақылмен деген мағынада парсы сөзі
4. Мұжық = мужик – орыс сөзі шаруа мағынасы
5. Кафадан = қападан мағынасы – араб сөзі
6. Ғаділдік = әділдік араб сөзі
7. Нәсіліңнің = ұлтыңның – араб сөзі
2 топ «Таза бұлақ » өлеңі сөздікпен жұмыс
1. Әйбат = әдемі сұлу – араб сөзі
2. Шүбәсіз = сенімді – араб сөзі
3. Масқұдыңа = мақсатыңа — парсы сөзі
4. Пәкілік = адалдық — араб сөзі
5. Ғибрат = үлгі — араб сөзі
Тұрақты тіркес дегеніміз не? Өлеңнен тұрақты тіркесті табамыз.
Таңдай қатқан —
Мейірімі қанған —
Жан жайнаған-
3 топ «Шәкірт » Ой толғау жазу.
1928 жылдың аяғында бір топ қазақ зиялылырмен бірге қамауға алынады да, 10 жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Қазақ халқының ұлы перзенттері А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев 1988 жылы ақталды.
IV. Қорытынды сұрақтары:
1. М. Дулатов өмірі туралы не білесіңдер?
2. «Оян қазақ!» кітабына енген өлеңдерін атаңдар.
3.М. Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
V. Бағалау.
VI. Үй тапсырмасы:
Азамат, Терме жинақтарындағы ақынның сезімі толғанысы, табиғат көріністерін сипаттағы өлеңдері.
« Міржақып – азаматтық жолындағы күрескер» Ойтолғау жазу.
[bws_related_posts]