Есжанов Рустам Тулегенович,
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы,
«Ильинка орта мектебінің» І санаттағы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Әдебиеттен
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеру, қадағалауғ бағалау мақсатында сайыс өткізу. Топтық жұмысқа баулу, өзара және өзін-өзі бағалауға үйрету
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Күтілетін нәтиже: топта жұмыс жасайды; білімдерін көрсетеді; ертегілерді түсінеді; шығармашылықтарны танытады
Сайыс барысы:
Сайыс кезеңдері:
- «БӘЙГЕ»
- «Алтын балық»
- «Ертегіні дұрыс орналастыр»
- «Сандар құпиясы»
- Кері байланыс жүргізу
- Марапаттау
— Ең алдымен, оқушылар сайыс сабағымызды бастамас бұрын, сіздермен шағын сергіту сәтін өткізгім келіп тұр. Сергіту сәтіміз «Күннің көзі күлімдейді» деп аталады.
Сыныпты топқа бөлу. (Сынып топқа мақалдың екі жартысын қосу арқылы 3 топқа 4 адамнан бөлінеді)
Ендеше сайысымызды бастайық
1 тур «БӘЙГЕ»
Кезең шарты: Ертегі мазмұнына сәйкес қойылған сұрақтарға тез, жылдам және дұрыс жауап беру қажет. Әр дұрыс жауапқа топ 10 ұпай алады.
- Ертегінің түрлері /қиял-ғажайып, хайуанаттар, шыншыл/
- Мына сөзді жалғастыр: 8 қызым бір төбе … /Кенжекейім бір төбе/
- Бапы хан кім? /жер асты хандығы/
- Перінің қызын ата /Бекторы/
- Адамның жаманы /Жаман/
- «Аяз би» ертегісінде жақұтқа не болды? /құрт жейді/
- Тазша бала қай ертегінің кейіпкері? /Қырық өтірік/
- Қойшы баланың әкесі /Мергенбай/
- Ер Төстік жер астынан шыққанда кіммен төбелесті? /Шойынқұлақ/
- Кендебайдың жылқысы /Керқұла ат/
- Кенжекей Ерназарға қайда тоқтама дейді? /Сорқұдыққа/
- Ерназар жалмауыз кемпірге Төстіктің несін тастап кетеді /кездік/
- Төстік пен Шойынқұлақ төбелескенде Төстікке кім көмектеседі? /Күңке/
- «Аяз би» ертегісінде хан кімнің баласы болып шықты? /наубайшының
- «Қырық өтірік» ертегісі қандай ертегі? /шыншыл/
Кезеңді қорытындылау
2 тур «Алтын балық»
Кезең шарты: Оқушылар балық аулауға барады. Әр балықтың артында 10, 20, 30 ұпайлы сұрақтар жасырылынады. Дұрыс жауап берген топ сәйкесінше ұпай алады.
10 Меңді сұлудың жасы нешеде? /35/
10 Ханның неше уәзірі болыпты? /40/
10 Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты? /сиыр/
10 Хан Жаманға қандай тағам бергізді? /нан/
20 Кендебайдың әкесінің аты кім /Қазанғап/
20 –Ой, оңбаған-ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың ?» -кімнің сөзі /Ханның кіші қызы/
20 Кендебайда бие қандай құлын туады /алтын құйрықты құндыз жүнді/20
30 Желаяқ ол кім?
30 Ер Төстіктің жары? /Кенжекей/
30 Сорқұдықтың басында не жоғалып кетеді? /құба інген/
30 Кенжекей Ерназардан нелерді сұратады? /Шалқұйрық құба інген ақсырмалы сауыт/
Кезеңді қорытындылау
3 тур «Ертегіні дұрыс орналастыр»
Кезең шарты: Оқушылар «Аяз би» ертегісін мазмұнына сәйкес дұрыс орналастырулары қажет. Әр дұрыс сәйкестікке 10 ұпай беріледі
Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. 2
Жаманның сертке берік болуы. 5
Жаманның Барсакелмеске баруы. 7
Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 1
Хан тағына отырған Жаман. 10
Ханның Жаманды уәзіретуі. 3
Меңдінің Жаманды таңдауы. 4
40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6
Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8
Ханның Жаманды сағынуы. 9
Кезеңді қорытындылау
4 тур «Сандар құпиясы»
Кезең шарты: Оқушылар берілген сандарды ертегілермен байланыстырулары қажет. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
40, 9, 8, 3
Кезеңді және түгел ойынды қорытындылау
Кері байланыс
— Ал енді, оқушылар, сайысымызды қорытынддылап болған кейін сіздерден бүгінгі ойын туралы пікірлеріңді білу мақсатында «Жеміс ағашы» атты кері байланыс жүргізгім келіп тұр. Пікірлеріңді еркін жеткізе қойыңдар.
Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау
[bws_related_posts]