Жамбыл облысы. Жуалы ауданы
№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
Коучинг – сессияның жоспары
Тақырыбы : «Топтық жұмыс аркылы сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру»
Бірінші (ілгері деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған физика және математика пәнінің мұғалімі:
Бейсенова Ақмарал Ажимуханкызы
«Бекітемін»
мектеп директоры:…………………………..Н. Ортаев
«Топтық жұмыс аркылы сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру»
қысқа мерзімді коучинг сессия жоспары
Күні: 24.12.15. | |
Тақырыбы: | «Топтық жұмыс аркылы сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру» |
Жалпы мақсаты: | Топтық жұмыс жүргізудің әдіс тәсілдерімен танысады
Мұғалімдердің топтық жұмыстың ережелері туралы ойларын нақтылайды.Тренингтер мен ойын түрлерін , тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі. Әр тыңдаушының тапсырманы орындау негізінде ойларын ,сезімдерін білдіруі. |
Сілтеме: | 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 39 бет
2. Үлестірмелі нұсқаулық 3. Әлеуметтік желі |
Оқу нәтижесі | Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдалана алады .Өз сабақтарындағы осы уақытқа дейінгі жүргізген топтық жұмыс туралы пікірлерімен кері байланыс орнатады. Мұғалімдердің топтық жұмысқа деген көзқарасы өзгереді.
Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауы. |
Түйінді идеялар: | Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау;
Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | А- 4 парақтары , стикер , интерактивті тақта , флипчарт , маркерлер , қалам , критериалды бағалау парақтары , түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы , степлер т.б. |
Оқыту әдістері: | Топтық жұмыс, топтастыру, жұптық жұмыс, сыни тұрғыдан оқуға үйрету, жеке жұмыс. |
Дерек көздері: | Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары |
Тапсырмалар: | Макет жасау , стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия |
Оқуға арналған тапсырма:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық 19-21 беттер 39 бет |
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | |
(2 мин) | Психологиялық тренинг
«Ұстазым» әні « Әнмен сыйлық сыйлау» |
Мұғалімдер шеңбер болып тұрады , қолдарына жұмсақ ойыншық беріледі. Сол ойыншықты
бір – біріне беру арқылы ән айтады. Ән біткен соң тілек жазылған открыткаларды ұсыну. |
|
(3 мин)
|
Топқа бөлу:
А.Құнанбаевтың өлеңдері арқылы топтастыру. 1. Әсемпаз болма әрнеге 2- «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» 3- «Көзімнің қарасы» Алтын ереже құру Бағалаушыны анықтау. Сабақ басындағы көңіл — күйді смайликпен белгілеу. |
А.Құнанбаевтың өлеңдерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
Өз ойларын топпен ақылдасып, ортақ ойларын тізбектеп жазады
|
|
(15 мин)
|
Тақырыпты ашу:
1. Миға шабуыл. Мұғалімдерге «Ауысып отыратын топтар» атты бейнежазбаны көрсету. Сұрақ: Сіздер бұл тапсырмадан түйген ойларыңызды өз сабақтарыңызда қалай қолданар едіңіз? 1-ші топ , 2-ші топ тақырып бойынша әңгіме құрайды. 3-ші топ екі топтың әңгімесін тыңдап бағалайды. |
Топтағы әрбір қатысушы тақырыпты толғанып, өз ой-пікірлерін айтады.
1, 2 топ әңгіме құрайды , 3 топ екі топтың әңгімесін талдап , бағалайды. |
|
(18мин)
|
Топтық жұмыс:
«Құмырсқалар» бейнефильмін көрсетемін. 1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай процесті байқадыңыздар? 2.Қалай ойлайсыздар топтық жұмыс тәсілін қаншалықты жиі және қалай қолданасыз? 3.Сіз мысал келтіре аласыз ба? Алдарына топтық жұмыстың тиімділін көрсететін материалдарды беремін 1-топ Топты ұйымдастыру 2-топ Топта жұмыс істеу ережесі 3-топ Мұғалімнің рөлі. |
Талқылау.мұғалімдер өз идеяларын зерделейді өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді, белсенді түрде қатысады.
Мұғалімдер жұпта топта талқылап, постерге түсіріп қорғау
|
|
Қорытындылау
(5 мин)
|
Сергіту сәті « От , Су, Күн , Ай »
От: Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып , өз білімдерін насихаттай білетін жандар. Су :Жандары жақсылықты сүйетін , көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар. Күн : Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар. Ай: Ойшыл, арманшыл , қиындықтарға мойымайтын ержүрек , батыл жандар. |
Мұғалімдер осы таңдаған атауларға түсінік ала отырып бойларын сергітеді.
Топта бірлесе отырып, ойланады , жауап береді.
|
|
Кері байланыс
« Бағдаршам » тәсілі (2мин) |
Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін « Бағдаршам » тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын. | Қызыл түсі- түсінбедім
Сары түс- әлі сұрақтарым бар Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті Түстің біреуін көтереді. |
|
[bws_related_posts]