Басы » Баяндамалар » БІЛІКТІ МҮҒАЛІМ- ЗАМАН ТАЛАБЫ

БІЛІКТІ МҮҒАЛІМ- ЗАМАН ТАЛАБЫ

акма Жамбыл облысы, Жуалы

№24 Тұрар Рысқұлов  атындағы  орта мектебі

Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін  арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді  оқыту курсын аяқтаған физика және математика пәнінің  мұғалімі

Бейсенова Ақмарал  Ажимуханкызы

БІЛІКТІ  МҮҒАЛІМ- ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

                Білімге, ақылға апаратын үш жолын таңдайтын   ұстаз мынаны естен шығармауы тиіс,  ойлау жолы,бұл –   ең жақсысы, ұқсау жолы, бұл  – ең жеңілі, тәжірибе жолы, бұл – ең ауыры. Осы жолдардан өту арқылы мұғалім «мәнгі нұрдың қызметшісі» бола алады.   Конфуций

 

 

Елбасы «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне  көтерілу тиіс» — деп, Қазақстандық  мұғалімдер  қауымына үлкен  сенім білдірді. Олай  болса,  сапалы білімді азаматтар тәрбиелеу ұстаздар үлесінде.Сапалы білім-қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны  пайдаланып, оқытудың жаңа  әдістерін тиімді  қолдану, жаңа технологияны  қазіргі заманға  бейімдеу,  оқытуды  жетілдіре  түсу,

білім  мен  тәрбиені  қатар өрістету, жеке тұлға қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа  жетулеріне күш салу біздің  міндетіміз. “Кез- келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге  байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу  жоспарын  да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал мұғалімнің  кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады”,-делінген. Осы  орайда педагогикалық ұжымға білім  бағдарламасының  табысты  орындалуына, оқу  жоспарын биік  деңгейде  жүзеге  асыруға, нәтижеге  бағытталған  білім беруге –тек  кәсіби  шеберлік  пен шығармашылық ізденіс  қажет  екендігін айтқым келеді..Қазақ халқының  көрнекті зиялы қауым өкілдері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин және басқа азаматтардың қай заманда, қай қоғамда өмір сүрсек те – алдыңғы толқын ағалардың бар арманы, бар мақсаты жас жеткіншектерді тәрбиелеуге үлес қосқаны анық.  «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек – адамның қасиеті,» — деп Абай атамыз үш нәрсеге тоқталған.  Зерттеуші – психолог Шульманның  мұғалімнің де осындай «үш көмекшісі» деп атаған қасиеті айтылады. Бас – кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары , жүрек – кәсіби-өнегелік тұтастық. Бұл жердегі үлкен құнды пікір әрбір мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, шын ынта-ықыласымен оқушыларға мейірімділік, жанашырлық көресете білген жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.

Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда.

Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуңне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Білім  мен  ғылымды өз  дәрежесінде меңгерген  елдер  ғана әлемдік  дамудың алдында, озық көштің бұйда  ұстар тұсында  тұрады  десек, қазіргі кезеңде  еліміздегі білім  саласында  жүріп  жатқан реформаларға  байланысты білім  беру жүйесі  терең  құрылымдық  өзгерістермен сипатталады.Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру  мәселесі-ең негізгі  мәселелердің  бірі. Бұл бағытта  балаларға  жоғары  деңгейде  білім  беретін,  еңбекке  баулитын, талабын  оятып, қозғау  салатын  орын- мектеп. Бүгінгі  өркениетті  қоғамда білім  беру  жүйесінің ең  басты  мәселесі – білім  сапасының  деңгейін  халықаралық  дәрежеге  көтеру.

Мен мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде физика пәніне ерекше ықылас қойып, табиғаттың қыр-сырын үйренуге қызығатынмын.  Бұл ғылым – табиғат құбылыстары және заңдылықтарын зерттейтін ғылым болуымен қатар, құбылыстар мен заңдылықтардың математикалық сипаттамасы  ғылыми техниканың дамуына орасан зор ықпалын тигізгені анық. Қазіргі таңда қоғам өмірінде  – ғылым мен техника заманы. Әрине бұл мәселеде физиканың алар орны ерекше. Оқушыға пәнді үйренуде көп еңбектенуді яғни, бастауыш сыныптағы білім деңгейі жақсы болуды, математика, география, химия сияқты пәнаралық байланысты дұрыс орната  білуді талап етеді.  Міне осыған орай мектепте бұл пәнді оқытуда мұғалімге бірқанша қиындықтар туғызады. Еңбек жолымды осы физика пәнінің мұғалімі ретінде бастап, сабақ беру барысында оқушылармен жоғарыда айтылған проблемаларды кездестіре бастадым. Әрине оқу бағдарламасы оқушылардың  жас ерекшеліктеріне сәйкес қарастырылған.  Дегенмен, сыныпта балалардың басым бөлігінің дағды, қабілеттері жете бермейді.  Ал кейбірулерінің есте сақтау қабілеттері төмен болса,  кейбіреулері қазіргі ақпараттық коммуникативтік құралдардың жетегінде пәнге деген қызығушылық төмендеп, олардың психологиясында өзгерістердің орын алуынан деп білемін. Енді мұның бәрін тізбектеп айта берсе себептері көп.  Тығырықтан шығар жолы – оқытуда иннавациялық технологиларды орынды қолдана отырып, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы және кәсіби шығармашылық жұмыс жасауын қажет етеді. Әр мұғалім осыларды ескере отырып білім беретін болса, пайдалылық коэффицеинтінің артуына септігін тигізеді.Абайдың педагогика салсына деен көзқарасы өте жоғары. Осыған сүйене отырып, менің педагогикалық ұсытанымым: ғылым – адам болуды,  адамдық мәнді табуды мұрат етеді.  Ғалымдық – еңбектену,  талаптанып тырысу,  ғалымдарға ұқсау немесе ұмтылу арқылы жүзеге асатын іс. Оған махаббат керек.Шығармашылық тақырыбым: Практикалық  жұмыстарды жүйелеу арқылы оқушының құзіреттілігін дамыту. Бұл тақырыппен 3 жыл бойы жұмыс жасап, жинақтау, тәжірибе және тарату кезеңдерінен өтті.

Келешекте 2015-2016 оқу жылынан бастап өз мектебімде 10-сынып оқушыларымен 2 жыл бойы аталған жұмысты зерттеп, нәтижесі жайлы сараптама жасауды жоспарлап отырмын.Өз шығармашылық жұмысымды қолданбалы курс сабақтарына бағдарлама жасау арқылы бастадым. Физика пәнін оқытуда болып жататын кемшіліктерді жасаған бағдарламам арқылы азайтуға тырыстым. 10 және 11 сыныптарға «Физика пәнінен есептер шығару» тақырыбында алып, мектепте оқытылатын бүкіл физика курсын қамтитын тақырыптық тапсырмаларды жинақтадым. Нақтырақ айтқанда, Ұлттық біріңғай тест тапсырмаларының классификациясын құрдым. Бұл бағдарламаның мақсаты —  Оқушылардың логикалық, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, физикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру және іскерліктерін жетілдіру. Оқушыларды таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.

Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша ҰБТ тапсырмаларынан есептер құрастырылған. Бұл есептерді сабақты бекіту кезінде  алған білімдеріне сүйене отырып, оқушы өз бетінше орындайды, есептер түрі мен типіне байланысты жүйелі түрде,  оңай есептен қиын есепке қарай топтастырылған. Бұл тапсырмалардың  сатылы түрде берілуі оқушының жеке бір тақырыпты жақсы түсінуіне қолайлы жағдай туғызады. Әр тарау тапсырмаларының соңында өзіндік жұмыс. Мұнда  оқушылар тақырып бойынша ізденіс жасап, одан әрі тақырыпты зерттейді және кеңейтеді немесе жаңадан тест сұрақтарын тауып тапсырмалар санын көбейте түседі.

Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сол тақырыптарға сәйкес тақырыптық есептерден бөлек, тақырыптық тест сұрақтар да енгізілген. Тест тапсырмалары саны 45 минуттық уақытқа байланысты 25-ті құрайды. Бұл тест сұрақтарын сабақтарда қолданып, тапсырма ретінде беріп отыруға және білімді сынақ ретінде алуға да болады, ол үшін тест тапсырмаларына бөлек сабақ жоспары жазылып, әрбір оқушыға сараптама жазылып, мониторингін шығаруға болады. Нәтижеде апта сайын тақырып бойынша сынақ сабағы жүргізіліп отырады.Пән бойынша соңғы 3 жылдың ҰБТ көрсеткіші, орташа 50% ды құрайды.  2011 жылдан бастап ҰБТ-ке дайындық жүргізе келе, физика пәнін таңдаған мамандықта бойынша 9 оқушының 6 ЖОО-на грант негізінде оқуға қабылданды, бұл 67 %-ы жоғары балл жинағандар қатарынан.

Мектепте физика пәні бойынша үш жылдың салыстырмалы түрде білім сапасы төмендегідей: орташа алғанда 64% ды құрап отыр.

Өзіне-өзі сұрақ қойып жауап беру, керекті дәлелді табу, оқып, тыңдап, көріп білу, сабырлықпен тоқтамдық жасап ой қорыту, содан соң барып, нәтижелі сөз арқылы өте қысқа да ұғымды етіп жеткізу — ақылдан кенже болмаған адамның белгісі

Ия, жаңа енгізіліп жатқан технология бойынша алға мақсат қоя білу және оған жету жолын айқындау да өз ісіне талдау және есеп беру басты мәселе болып отыр. Мен өз өзіме күнделікті, жыл бойы және осы кезге дейінгі жасаған жұмысыма есеп беріп отырамын

Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мектептерде мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді. Бұл орайда мемлекетімізде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қолдауымен педагог қызмекерлерінің біліктілігін арттыру курстары  жақсы жолға қойылған.  Мен  аталған  курстың бірінші деңгей бағдарламасын аяқтап, жаңа әдіс тәсілдерді  мектепте енгізу үстіндемін.

Мектепте зерттеу жұмысын жүргізе келе, мен атқарған жұмыстарымды жүйелеп орындауға тырысамын. Мен мектептің басымдылығын анықтап, проблемаға сай әекет етуді ұйғардым. Бұл мақсатында мектеп құжаттарына талдау және әкімшілігімен сұхбаттасу, педкеңестің шешімдері, мұғалімдерден, ата-аналардан және оқушылардан алынған сауалнамалар алу негізінде  жұмыстарды жүргіздім:  Міне, осы жұмыстарды атқарып, оны қорытындылау барысында мектептің басымдылығын анықтадым. Ол мұғалімдердің сабақта оқушыларды сыни ойлауға жетелей алмауы,осыдан барып менің мектепті дамыту жоспарым шықты.Оның тақырыбы: «Білім сапасын жақсартудағы сабақ  үдерісіндегі  сыни тұрғыда ойлаудың маңызы»  Яғни, мектепке өзгеріс керек, ол өзгерісті кәсіби қоғамдастық пен тәлімгерлік Мектепте даму жоспары, тәлімгерлік жұмысын жүгізумен қатар, өз пәнім бойынша  ұзақ, орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап, оның тиімділігін, нәтижесін көрсететіндей жұмыс жасауды алдыма мақсат етіп қойып отырмын.Қорыта келгенде ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар  заманы. Жер бетінде болып  жатқан жаңалықтар мен  өзгерістер туралы  спутник арқылы, интернет  арқылы күн  сайын, сағат сайын мағлұмат  алып отырған жас жеткіншектерді басқа  нәрсемен таңдандыру  жаңа сабақты  айтып, тыңдата білу мұғалімге оңай емес.

2014-2015 оқу жылында 8-сынып оқушысы  Ұзақ  Айнұр Халықаралық дистанционный блиц турнир «Новый урок» II-орынды иеленді 9-сынып оқушысы Қабылтай Аружан  Халықаралық дистанционный блиц турнир «Новый урок»I-орынды иеленді.8-сынып оқушысы  Абдрақова Дана «Жас дарын» атты ІІ ғылыми жұмыстар конкурсында физика пәні бойынша «Физика сабағында мақал-мәтелдерді тиімді қолдану тақырыбындағы зерттеу жұмысымен қашықтықтан қатысып, «Талаптың мініп тұлпарын…» номинациясында ІІ ОРЫН АЛҒАНЫ ҮШІН марапатталдыҚоғам қайраткері, көрнекті ақын – Мағжан Жұмабаев «қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген. Сол қанатты сөздер жетегінде таза қазақ менталитетіндегі білімді, мєдениетті  ұрпақ  даярлау жолында шаршамай, шығармашылықпен жұмыс жасап, ұлтымызға дұрыс еңбегімізді сіңіріп, шындығында да ағартушық ұстаззы білейік

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *