Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Атырау облысы, Атырау қаласы

Борана Нысанбаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мусина Майра Абдрахимовна

Қазақ әдебиеті  6 cынып      20.10.15

Тақырыбы:Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Сабақтың мақсаты: А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қара сөзін» оқыту,қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.Естілікке,ынталы болуға,ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу.Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне  сіңіре отырып,сөйлеу тілін,ойлау қабілетін дамыту,шығармашылыққа баулу.                                                          Сабақтың барысы:

Бағдарлау- мотивациялық кезең.
Оқушылармен сәлемдесу
Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру,
топқа бөлу.
Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат» тобы деп екіге бөлеміз.
Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
— Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Әсемпаз болма әрнеге»өлеңінің мазмұнымен танысқан болатынбыз.

— Ендеше үйге берілген тапсырмаға тоқталайық.

Оқушылардың өлеңді жатқа айтуы

 Өлеңнің идеялық мазмұнын топтастыру.

  1. Өнерпаз болуға     2. Еңбек етуге            3. Ақылды болуға

4.Өмірден өз орнын     5.Үйреніп, білуге      6.  Ақырын жүріп,

табуға                          шақырады                анық басуға

— Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, соған мына

видео арқылы шолу жасап кетейік.

Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?
(«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т. б.

Абайдың қандай күйлерін білесіңдер?
( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)
Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»   (2 топтан екі оқушы бір әннен орындап береді.)
Операциялық-орындаушылық кезең.

Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымызда ұлы Абай шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымызды:
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл — қызы да болу керек дарынды, —      деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды.Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды.Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абайдың қара сөзінің жалпы саны-45.Олардың қай –қайсысын алсақ та,оқырманына ой тастап,адамды еңбек етуге,білім алуға,жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге шақырады.

            Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы. Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері   ғақлия даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890 — 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл — ойы толысып, жасы кемелденген, көрген — білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл — Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде — кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Абай қара сөздері — өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.Қара сөздерінде Абай әңгіме — сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.
Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М. Әуезов еді. «… Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов. 20 — том).

Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім — ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез — құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді

Өткенге шолу.Бұған дейін біз, яғни 5 — сыныпта «Жетінші» қара сөзімен танысқан болатынбыз. Қане, кім есімізге салып жібереді?      (оқушы  жатқа айтады.)
Бүгінгі сабақта «Отыз бірінші» қара сөзімен танысатын боламыз. Барлығымыз назарымызды салып, тыңдайық

.Электронды оқулықтан «отыз бірінші» қара сөзін тыңдату.

 2 топтан 2 оқушы оқулықтан қара сөзді оқиды.

Сұрақ — жауап:
— Қане, кім айтады, «Отыз бірінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?
— Есте сақтаудың, ұмытпаудың 4 түрлі себебі қандай?
1. — сену керек;        2. — үлгі алу керек;
3.- бірнеше рет қайталап отыру керек;
4. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек;
Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,, ойыншы — күлкішілдік, қайғыға салыну, қызығу (құмарлану)
Сөздікпен жұмыс. (дәптерге, тақтаға жазу)
Ғибратләну — (араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз».
Уайымсыздық — еш нәрсеге алаңдамаушылық.
Салғырттық — әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.
Топпен жұмыс.
1 — топ: «Отыз бірінші» сөз
Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
2 — топ: — төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы — күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
(әр топтан бір оқушы мазмұндап шығады)
Ой – қозғау сәті. (сұрақ – жауап бойынша)
— Бұл қара сөздің идеясы қандай?
— Естіген нәрсені ұмытпаудың, есте сақтаудың жолдарына тоқталған.
— Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?
— Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?
— Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.
— Абай бар асыл ойын кімге арнады?
— Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.
— Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты — адам тәрбиесі.
Асыл сөздің жалғасын тап.

1.Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық… (Аздырар адам баласын)
2.Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті… (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
3.Тағы сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға.(Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма?!)
4.Баламды медресеге біл деп бердім… (Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім)
5.Талап, еңбек, терең ой… ( Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)

Мәтіндік тапсырма.
1 — топқа:
Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: ———————————————————— болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде —————————- керек, көңілденіп, тұшынып, ——————————————— керек;
2 — топқа: үшінші — сол нәрсені ішінен ——————————————————- көңілге бекіту керек;
төртінші — —————————————— ——————— керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: ————————————— секілді. Бұл төрт нәрсе — ——————— мен ———————— тоздыратұғын нәрселер.

Сатылай кешенді талдау.

1 топ Қара сөз. Сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жаса.

  1. Бұл сөз екі құрамнан тұрады. Қара + сөз
  2. Тұлғасына қарай – туынды. Себебі екі сөздің

тіркесуі арқылы жасалған туынды сөз.

  1. Құрылысына қарай – күрделі, тіркесті сөз.
  2. Сөзде 1 лексикалық, 1 грамматикалық мағына бар.
  3. Лексикалық мағынасы – көркем әдебиет жанрына берілген атау.
  4. Грамматикалық мағынасы – зат есім.
  5. Қара сөз – не? деген сұраққа жауап береді.

2 топ «Отыз бірінші» қара сөзі
Авторы:
Жанры:
Тақырыбы:
Идеясы:
Естігенді ұмытпаудың төрт түрлі себебі бар:
1.         2.           3.              4.
Ой кеселдері:
Тәрбиелік түйіні:

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

«Топтастыру» стратегиясы арқылы сабақты бекіту.

Өмір тәжірибесі      Өсиет          Өнеге

                        Абай сөзі

Ақыл, нақыл       Білім,ғылымға      Еңбекке шақырады

Қорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.  Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл, Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады.

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса ,көңіл ұғар -дегендей

Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ

Үй тапсырмасы: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «отыз бірінші» қара сөзін жаттау.
Бағалау.2 жұлдыз, бір тілек

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *