Басы » Tәрбие сағаттары » Сыпайы сөйлеу — сыйласу

Сыпайы сөйлеу — сыйласу

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ

Сынып жетекшісі: Серикова Эльмира Зановна

 

Сабақтың тақырыбы:         Сыпайы сөйлеу — сыйласу.

 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың   «сөз»,  «сөз құдіреті»,  «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып,сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:  Интерактивті тақта, жүрекшелер,стикер қағаздар, слайд, үлестірме материалдар, А- 3,А-4 ақ қағаздар, түрлі-түсті маркерлер

 

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сынып тазалығына мән беру, сынып кезекшілері арқылы сабақта жоқ оқушыларды түгендеу, сабаққа көңіл аударту

 

Шеңберге орналасу, амандасу.  Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық.
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!
— Енді қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Сыпайы сөйлеу — сыйласу» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.Алдымен әрбір бала өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез-құлық көрсекіштеріне байланысты өздерін таныстырып өтеді.

дарынды Диана

ажарлы  Ажар

назды Назира

ақылды Аяна

епті Ерсултан

зейінді Зарема

Дастан

шырайлы Шынар

мейірімді Мирас

Диана

намысты Нұриден

Айдана

шыншыл Шыңғыс

рахымды Рахымжан

Айжан

Топқа бөлу. Сурет қималары арқылы 2 топқа бөлу.
І. Әңгімелесу

І -топ

Адамдармен қалай тіл табысуға болады?

ІІ-топ

Бейтаныс  адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?

ІІ. «Күн нұрының шапағы» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттыққа тәрбиелеу.
Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөйлеу ережелерін жазып, құру.
Түйіндеме: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік. Күн сендерге алғыс білдіріп, қуанып жатыр.
Жаңа ақпарат

Тыңдай білетін және өзіңді түсіне білетін  адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді,жағымды әсер етеді.Адам  сөзді есту,тыңдау арқылы шебер болады. Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп,туралықты айту адам жанының тазалығын көрсетеді. Мәдениетті адам не айту керектігін алдын ала ойланып алады.

ІІІ. Ситуациялық жағдаяттар
1 — жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» — деп, орнымды ұсынамын. )
2 — жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 — жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Бағалау. Стикер арқылы

  1. Мәтінмен жұмыс

Не айтатыныңды ойлап ал

                                                                                                          Үнді аңызы

Күндердің күнінде бір байлыққа масаттанған әйел данышпаннан ақыл сұрайды.

  • Ата ,менің де сіз сияқты данышпан атанғым келеді. Бірақ менің бір кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан қалай арылуға болады?
  • Жақсы, — деп жауап берді ақсақал.  «Базарға барып,тауықтың қанатын сатып ал. Үйіңе қайтып келе жатқанда бір-бірлеп жұлып , жолға тастап отыр. Сосын маған қайтып кел» — дейді.

Әйел данышпанның айтқан сөзіне таң қалады. Алайда өзі өте қадірлейтін адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды.

Ертеңгі күні тағы келеді.

  • Өте жақсы. Бірінші тапсырмамды орындадың,енді тағы базарға бар да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарды түгел жинап ал,- дейді данышпан.
  • Ол мүмкін емес қой ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды қалай жинап алам ?
  • Данышпан әйелге қандай тәлім берді?
  • Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
  • Неліктен біреу туралы ғайбат сөз айтуға болмайды?
  1. Тыныштық сәті (үнтаспадан баяу әуен естіліп тұрады)

Балалар, көзімізді жұмып,біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет,әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке,ізгілікке толы әдептілік әлеміне саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда отбасымыз, жақындарымыз, достарымыз,олар сондай ерекше адамдар,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Сүйіспеншілік, мейірімділік,ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді жақсы сезімге толтырады.Адамдар әрқашанда бір-біріне тек жақсылық жасап, қуаныш, ізгілік нұрын сыйлап, әдептілік танытып жатса, қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақытта келді. Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын, әдептілік әліппесін өзімізбен ала кетейік. Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

Ал, балалар өзіміздің жан-дүниемізден қандай өзгерістерді сезіндік?

— Сол сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды ала келдік?

— Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Ал,ендеше сол әлемнен алып келген әдептілік әліппесі, мейірімділік нұрымен жер бетін нұрландырайық.

(Алдындағы ақ қағаздарына түсіру).

  1. Сахналау

І-топ   Көшеде достармен сөйлесу әдебі

ІІ-топ  Дастархан басында үлкендермен сөйлесу әдебі

ІІІ -топ  Көшедегі бейтаныс адамдармен сөйлесу әдебі

VII.Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».
Шарты: 2 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 2 сөз беріледі.
1 топ — кішіпейілділік.
2 топ — инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш…
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық…
Бағалау.
Сабаққа белсене араласып, жаттығуларды уақытылы орындаған, ойынға қызыға араласқан және бағалау фишкасының қызылын көп жинаған оқушы — 5, көк фишка — 4, сары — 3 деп бағаланады.

 

Сабақты бекіту

Сабақ бекіту мақсатында оқушыларға   «білім ағашы», «сабақтан қандай әсер алдың» тапсырмаларын орындату

 

Үйге тапсырма

                              Шығармашылық  жұмыс

Мәтінді оқып, дұрыс сөйлеу ережесін құрастырыңдар.

                                             Сөйлеу әдептері

Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат,жұмсақтық, қаттылық, оқу, әдеп сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді.Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын. Біреуге тіл тигізіп, сөз тасып,өсек айтпаңыз.Білмеген нәрсені сөйлемеуге кіріспеңіз. Біреудің сөзін бөлмеңіз. Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түзетіңіз.Өзіңіз қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз.Үлкен кісілермен биязы сөйлесіңіз, ата-баба не ұстаздарыңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз.Түсінбеген сөзді әдеппен қайта сұрап, әңгімелесіңіз. Өзің сөйлегенде ойыңды анық жеткіз. Ант ішіп сөйлеме, ол- өтірікшінің әрекеті. Өзің толық білмеген сөзге таласпа. Заманға лайық іс қылып, халықтың жайын ойла.

Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабағымызды Нақысбековтың мына өлең жолдарымен және «шырағың сөнбесін» деген ниетпен қолдарымыздағы ақ қағаздарымызға шамның суретін сала отырып,   бір-бірімізге деген ыстық лебізімізді жақсы сөздер, жақсы тілектер жазып бір-бірімізге табыстаумен  аяқтаймыз.

                                                Жүректен жүрекке

Адамдар бар жөн- жосықсыз сөзге құмар,                                                                                                               Айтарыңды алдымен ойланып ал.                                                                                                                      Асығыс іс істеме, сөз сөйлеме,                                                                                                           Мінездің көк суын төк , қаймағын ал.

(Оқушыларға қағаз бетіне шырақтың суретін салғыза отырып, бір-біріне деген  ыстық тілек , лебіздерін білдіртеді)     

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *