Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Торғай селосы
«Ш.Уәлиханов атындағы
Торғай орта мектебі» ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Сейдағалиева Гүлмира
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау
Сабақтың басты мақсаты: Ақтамберді жырау туралы жан-жақты мәлімет беру.
Көрнекілік және оқытудың техникалық құралдары: Интерактивті тақта,
Ақтамберді жырау туралы слайд, түрлі кесте қағаздар, тұжырымдамалық карта плакаттар,маркерлер т.б
Сабақтың міндеттері:
1.Ақтамберді жыраудың өмір жолынан мәлімет беру.
2. Оқушыларды жыраудың толғаулары арқылы ерлікке, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
3.Ақынның толғауларының өмірлік маңызына, тілдік ерекшеліктеріне тоқталу.
Ұйымдастыру кезеңі 1 минут
Сынып оқушылары үш топқа бөлініп отырады.
Сабақтың кезеңдері: І. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
Үй тапсырмасын сұрау екі кезең арқылы жүзеге асырылады.
І кезең «Жалпылама шолу» (2 мин)
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы өткен тақырыптарға жалпы шолу жасалып, жыраулар тақырыбы бойынша еске түсіру сұрақтары қойылады.
1.Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?
- Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?
3. Жыраулар өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау еткен?
4. Жыршы, жырау, толғау сөздерін қалай түсінесіңдер?
5. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген қандай жырауларды білесің?
6. Жыраулық өнер дала «Абызы»деп аталып, кімнен бастау алған?
ІІ кезең «Доспамбет жырау шығармашылығы»
1.«Қар кесегі» стратегиясы бойынша үйге берілген Доспамбет жыраудың өмірі туралы оқушылар айтып шығады.
2.Оқушылар Доспамбет жыраудың толғауларын жатқа оқиды.
3.Оқушылар Доспамбеттің «Айнала бұлақ, басы Тең», «Арғымаққа оқ тиді» толғауларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталады.
Жаңа тақырып (10мин)
Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп толғауы». Осы тақырыпты ашу үшін үш топқа «Адасқан әріптер» стратегиясы бойынша сөздер беріледі (1мин)
І топ Қ Е М Р А Д А І Б Т
ІІ топ Ы Ж А У Р
ІІІ топ “Д Л Ү Р І К-Д Л Ү Р І К І П С Т Е К І Н І”
Сабақтың кіріспесі ретінде Ақтамберді жыраудың бір шумақ өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен,
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман,
Сыртым — құрыш,
жүзім — болат
Тасқа да салсаң, майырылман!
Ақтамберді жырау 1675-1768 жылдары өмір сүрген атақты жырау. Ол кісі Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратау баурайында дүниеге келген. Әкесі Сары ауқатты кісі болған. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақтамберді атақты жырау болумен қатар туғалы ат үстінен түспеген батыр, қолбасшы, қоғам қайраткері,дипломат, қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері болған.
Ақтамбердінің өмір жолы, айқастары,(кесте бойынша) түсіндіріледі.
Ақтамберді жыраудың мавзолейінің суреті көрсетіледі.
Ақтамберді жыраудың толғаулары:
1.“Күлдір-күлдір кісінетіп”,
2.“Уа, қарт Бөгембай”,
3.“Менімен ханым ойнаспа”,
4.“Жауға шаптым ту байлап”,
5.“Заманым менің тар болды”
- “Балаларыма өсиет”
- «Түйе мойнын тұз кесер»
- “Жылқыдан асқан мал бар ма?”
- “Балпаң-балпаң кім баспас”
- “Жауға шаптым”
- “От басар орны отаудай”
Осы толғауларының ішінде бүгін біз «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауына тоқталамыз. «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы ақын арманын танытатын, тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр бейнесін тудырған туынды.
Оқушыларға белгілі термеші Бекболат Тілеуханның орындауындағы Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп» термесі тыңдатылады.
Деңгейлік тапсырмалар (20 минут)
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі./Тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады./
Үш топқа:
- І деңгей
- “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауын мәнерлеп оқу, маңызын түсіндіру
- ІІ деңгей
- Топтық эссе, семантикалық картамен жұмыс
- ІІІ деңгей
- Тұжырымдамалық карта / постер қорғау/
І деңгей бойынша үш топтан үш оқушы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын нақышына келтіре мәнерлеп оқиды және толғаудың маңызын мағынасын түсіндіреді.(5 мин)
ІІ деңгей бойынша (2 тапсырма)
1.Жыраулар өмірі, соның ішінде Ақтамберді жырау туралы үш топ «Топтық эссе» жазады. Жазған эсселерін әр топтың басшылары оқып береді. (4мин)
- Үш топ өз топтарына берілген «Семантикалық карталармен» жұмыс жасайды.
І топ «Әдебиеттің кезеңдерін білесің бе?»
ІІ топ «Жырауларды білесің бе?»
ІІІ топ «Толғаулары қаншалықты білесің?»
(Әр топ топта семантикалық картаны толтырады, содан кейін әр топтан бір оқушы шығып, интерактивті тақтадағы кестелерді белгілейді.5 мин)
ІІІ деңгей бойынша бүгінгі сабақта меңгерген бар білімдерін қортындылай отырып, алдарына берілген тұжырымдамалық картамен (постермен) жұмыс жасайды.(6 мин)
Үш топқа оқулықтан арнайы тапсырмалар беріледі.
І топ
Ақтамберді жырларындағы еңбек мәселесі және “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауын талдау, аллитерацияларға тоқталу.
ІІ топ
Ақтамберді жырларындағы ерлік туралы, «Күлдір-күлдір кісінетіп»толғауындағы теңеулер, эпитеттер.
ІІІ топ
Ақтамберді жырларындағы ағайынның татулығы туралы және «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көнерген сөздерге тоқталу.
Қорытынды (4минут)
Сабаққа ауызша кері байланыс жүргізіледі,оқушы бұған дейін Ақтамберді жырау туралы не білді, кейін не білді?
Сабақ мақсатына жетті ме? Не ұнады? Т.б сауалдар қою арқылы оқушылардың бүгінгі сабаққа көзқрасы, пікірлері тыңдалады.
Үйге тапсырма беріледі.
1.Ақтамберді шығармашылығын оқып келу.
2. “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауын мәнерлеп жаттап келу.
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушылар бағаланады.
[bws_related_posts]