Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені
Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның
ІІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Дузенова Гульзада Оралқызы
Тақырыбы: Ч ч дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. Ч ч дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету, ч дыбысы бар сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту.
2.Сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
3.Оқушыларды өзара сыйластық, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: АКТ, СТО әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, флипчарт, маркер, интербелсенді тақта.
Кезеңдер | Мұғалімнің әрекеті мен тапсырмалар | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Мотивациялық
қозғаушы
Ізденушілік-ұйымдастырушы
|
Психологиялық дайындық
Кел, танысайық» ойыны. Ұстаз қоңырау соғады, қатысушылар бір — бірінің арқаларын сипайды. Топқа бөліну. «Чипсы, чак-чак, чупа-чупс» суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді. Сынып ұстанымы еске түсіріледі. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Э дыбысы Э дыбысы қандай дыбыс? Мәтінді әр топтан оқушыларға тізбектеп оқыту. Миға шабуыл стратегиясы. Ойын «Мен саған, сен маған» әр топ допты лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Топтарға тапсырма 1-топ «Сөз ойла, тез ойла» ойыны Э дыбысы бар сөздерді топтастырады. 2-топ Адасқан әріптер ойыны 3-топ Ойын «Қай әріпті жоғалттым?» — Тұсау кесер «Ой қозғау» әдісі. Видеоролик көрсету. Бұл бейнетаспадан кімдерді көрдік? Оларды кімдер дейміз? Чемпиондар. Бұл сөзде бізге таныс емес дыбыс бар ма? Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қандай дыбыспен танысамыз? Негізгі бөлім Кане бәріміз хормен ч дыбысын айтып көрелік Қалай айтылып тұр? Кедергіге ұшырап, қысқа айтылып тұр. Ендеше ч дыбысы дауыссыз дыбыс. Қандай текшемен белгілейміз? Қай дауыссыз дыбыстардың қатарына жатқызамыз айтылуына қарай? Қатаң дауыссыз дыбыс. Ч әрпінің баспа, жазба түрін көрсету. 1-топ «Сөз ойла, тез ойла» ойыны ч дыбысы бар сөздер айту. 2-топ Чемпион сөзіне дыбыстық талдау жасайды. 3-топ Чемпион сөзіне сөйлем құрайды. Сергіту сәті |
Шаттық шеңберіне тұрып, қимылдарды жасайды.
Суреттер арқылы топқа бөлінеді.
.
Допты әр топ бір-бірлеріне лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
Видеороликті көреді. Бүгінгі сабақта танысатын дыбысты анықтайды.
Хормен ч дыбысын айтады, дауыссыз дыбыс екенін түсінеді.
Баспа және жазба түрін көреді.
Би қимылдарын жасайды. |
«Керемет!», «Өте жақсы!»
Топтар бір-бірін бағадаршаммен бағалайды.
Жарайсың! |
Суреттер
.
флипчарт
|
|
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер? Қай мезгіл? Олар не теуіп жүр? Сурет бойынша әңгіме құрап жіберейікші. Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр. Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады? «Болашақ чемпиондар». Балалар, чемпиондар деген кімдер? Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді. Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға – апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. Мына өлеңдегі балалар да осы аға – апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық. Өлеңді мәнерлеп оқып беру Хормен оқыту Әр топтан оқушыларға екі шумақтан оқыту. Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық, Салақтықтан қашайық, Қолға алам алайық, Әдемі етіп жазайық! Дәптерге ч әрпін жазу.
Топтарға тапсырма 1-топ ч дыбысы бар сөздерді жазу. 2-топ ч дыбысы бар суреттерді жапсыру 3-топ Сәйкестендіру әдісі |
Оқулықтағы суретке назарларын аударады.
Сұрақтарға жауап береді.
Сурет бойынша әңгіме құрайды.
Экранда Лондон – 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.
Оқушылар үлгі дәптердегі ч әрпін жазады.
Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.
|
|
|
Рефлексивті-түзетуші
|
Сиқырлы таяқша ойыны арқылы бекіту.
1.Дауысты дыбысты ата. 2.Сенің есімің қандай дыбыстан басталады? 4 Сенің ұлтың кім? 5 Мектеп неше қабатты? 6 Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? 7 Ч дыбысы туралы не білесің? 8 Ч дыбысы бар сөздерді ата. Үйге тапсырма 132-бет, мәнерлеп оқу. Ч дыбысы бар сөздер ойлап келу. Мадақтау |
|