Басы » Бастауыш сыныптар » «Дүниеде жамандық неден?» Ы.Алтынсарин

«Дүниеде жамандық неден?» Ы.Алтынсарин

гулданегҚарағанды облысы,   Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені

Ж.Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның   ІІ (негізгі) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі

Бабаханова Гульден

Ана тілі    4-сынып

Тақырыбы: «Дүниеде жамандық неден?» Ы.Алтынсарин.

Мақсаты: А) Оқушылардың  Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін толықтыра түсу, шығармаларымен таныстыру, жамандық пен жақсылықты ажырата отырып ой-өрістерін кеғейтуге бағыттау.

Ә)Оқушылардың сөздік  қорын молайту және өз ойларын толық жеткізе білуге, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дағдыландыру.

Б) Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының маңызын түсіне білуге, адамгершілікке, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

 

Р/с Атқарылатын жұмыстар Әдіс-тәсілдер Ресурстар Бағалау Оқушылардың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту. Топқа бөлу, топ басшысын сайлау. Геометриялық пішіндер /үшбұрыш, дөңгелек, шаршы/  Сынып 3 топқа бөлінеді. Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Топ басшысын сайлап, оның сабақ бойы атқаратын жұмысын түсіндіремін.
2 Сөзжұмбақтар шешу. Сөзжұмбақ-тар Сөзжұмбақтарды шешу арқылы өз топтарының аттарын шығарады. І топ-2 әріптен қалдыра отырып оқы. Ерболестйдіберікатташикібелесілік-бейбітшілік.

ІІ топ-Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы. Бжгадқвсзыблғыжқ-жақсылық.

ІІІ топ-Жіңішке дауысты дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы. Ідеөсетиыәқ-достық.

3 Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап әдісі. Берілген тапсырманы орындайды/сахналайды, рөлге бөліп оқиды/ І топ:-Сапар мен парта

ІІ топ: Шыбын мен көбелек

ІІІ топ: Аққу, Шортан, һәм Шаян

4 Жаңа тақырыпқа өтуге даярлық. Топтық жұмыс. Қима қағаздар, суреттер «Бағдаршам» І-ІІ топ: тірек сөздермен мәтін құрайды. (Ағаш арасымен жүру, көңілсіз болу, дыбыс есту, көмекке келу, қуанышқа бөлену)

ІІІ топ: Қарға, жылан, бұғы, кептер суреттерін көріп, олардың қайда өмір сүретіндерін әңгімелейді.

Тапсырмаларды бөліп беремін.

І-ІІ топ: тірек сөздермен мәтін құратамын. (Ағаш арасымен жүру, көңілсіз болу, дыбыс есту, көмекке келу, қуанышқа бөлену)

ІІІ топ: Қарға, жылан, бұғы, кептер суреттерін көріп, олардың қайда өмір сүретіндерін әңгімелетемін.

5 Жаңа сабақ.

Білу

Автормен таныстыру. көрсетілім Мадақтау Суретте жасырын тұрған Ы.Алтынсарин екенін табады және ол туралы білетіндерін айтқызамын. Суретте жасырын тұрған кісіні тапқызамын және автор туралы білімдерін толықтырамын.
6 Оқулықпен жұмыс. «Жұптас, топтас, бөліс» әдісі. Оқулық «Бас бармақ» Алдымен іштей оқиды, жұпта, топта талқылайды. Әр топтан бір оқушы шығып айтып береді. Бағыт-бағдар беремін, тыңдаймын, бағалатамын.
7 Сөздікпен жұмыс. Түсіндіру Слайд Түсініксіз сөздері түсінеді. Слайд арқылы түсіндіремін.
8 Мәтін бойынша қорытынды. Топтастыру, салыстыру әдісі. Постер, маркер «Бағдаршам» Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. Ортаға шығып жұмыстарын қорғайды. І топ: Қарға мен жыланның  ой-әрекетін топтастырады және мінездеме береді.

ІІ топ: Бұғы мен кептердің ой-әрекетін топтастырады және мінездеме береді.

ІІІ топ: Автормен бірге автор болып, әңгімені әрі қарай жалғасытарды.

9 ACTIVote  тестілеу жүйесі арқылы тест жұмысын орындау. Тест Көрсетілім Топ басшысы бағалайды. Интербелсенді тақтада көрсетіліп тұрған тест сұрақтарына жауап береді. 1.Жақсылық пен жамандық неден болады?

А) Шөптен Б)Тәннен В) Ауадан

2. Ақжүрек сөзінің мағынасы қандай?

А)Батыр Б) Өтірікші В) Адал, ақ ниет

3. Тал қасында нелер кездесті?

А) Жылан, сиыр  Ә) Бұғы, жылан, кептер, қарға В) Қаз бұғы

4. Жан-жануар қайда кездесті?

А) Орманда Б) Өзен қасында В)Тауда

5. Екеуі бірігіп өмір сүретін құсты ата.

А) Көк кептер Б)Торғай В) Қарға

10 Қорытынды.

Бағалау.

1.      Сұрақтарға жауап береді.

2.      Топ басшысы топ мүшелеріне қойған бағаларымен таныстырады.

1.      Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

2.      Топ басшысының қойған бағаларымен танысамын.

11 Рефлексия

Не білдім?

Не үйрендім?

Кері байланыс Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағына жазады. Қорытынды жасаймын.
12 Үйге тапсырма. Күнделіктеріне жазып алады. І-ІІ топ- мақал-мәтел, ІІІ- VІ топ автормен автор болып шығарманы жалғастыру.
[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *