Басы » Бастауыш сыныптар » Шегіртке мен құмырсқа /мысал/

Шегіртке мен құмырсқа /мысал/

гулданегҚарағанды облысы,   Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені

Ж.Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

ІІ (негізгі) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі

Бабаханова Гульден

Әдебиеттік оқу    3-сынып

Тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа» /мысал/

Мақсаты: А) Оқушылардың Абай туралы білімдерін кеңейту,мысалды өмірмен байланыстырып сөйлеуге үйрету және оқу мен оқытудағы

жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану.

Ә)Өз ойларын  еркін айтуға, өз-өздерін реттей білуге дағдыландыру.

Б) Жаман қасиеттерден арылып, өз бойларына жақсы қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу.

Р/с Атқарылатын жұмыстар Әдіс-тәсілдер Ресурстар Бағалау Оқушылардың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Жеміс-жидектердің суреттері арқылы Алма, алмұрт, құлпынайдың суреттері   Жеміс-жидектердің суреттері арқылы оқушылар топқа бөлінеді. Жеміс-жидектердің суреттері арқылы оқушылар топқа бөлемін.
2 Үй тапсырмасын тексеру. «Доп лақтыру» ойыны Доп Мадақтау Қойылған сұрақтарға жауап береді.

1.Жеміс бағында мәтінінде не туралы айтылған?

2.Жылдың қай мезгілінде алма ағаштарының бұтақтары басын көте алмай тұрады?

3.Алманың қандай түрлерін білесіңдер?

Оқушыларға үй тапсырмасы төңірегінде сұрақтар қоямын.
3 Жаңа сабақ.         Биік болсын біздің санамыз,

Білімнен бақыт аламыз.

Өнер-білім көп оқып,

Біздер өсіп-толамыз.

4 Қызығушылықты ояту Ой қозғау Жұмбақтар Мадақтау 1.Жұмбақатар шешеді.

2. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

1.Ат басты, арқар мүйізді.

Бөрі кеуделі, бөкен санды. /шегіртке/

2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. /құмырсқа/

—          Кейіпкерлері жан-жануарлары болатын шығармалар түрлері қалай аталады?

—          Мысал деген не?

—          Мысал – кейіпкерлері адам емес аң, жан-жануар арқылы адам бойындағы мінді тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Осындай шағын көлемді оқиға, адамның бойындағы жаман қасиеттердени арылып, жақсылыққа ұмтылуы керектігін көздейді.

5 Мағынаны тану. Түсінік картасын сызу Абай Құнанбаевтың, И.Крыловтың суреттері, плакат, маркер Мадақтау 1.Өз ойларын айтады.

2. Абай Құнанбаев туралы білетіндерін түсінік картасын сызады, ортаға шығып, басқа оқушылармен бөліседі.

-Бүгінгі сабақ не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?

-Балалар мына суретке қарайық, кім екенін білеміз бе?/Абай/

-Иван Андреевич Крыловпен таныстырамын. /слайд/

6   «Не білемін?» әдісі Кесте   Құмырсқа, шегіртке туралы не білетінін кестеге жазып шығады. Бақылаймын, тыңдаймын.
7 Өлең мазмұнымен танысу. Мәнерлеп оқу Оқулық   Тыңдайды, қорытынды жасайды. Мысалды мәнерлеп оқып беремін. Сұрақтарға жауап аламын.

1.Құмырсқаның орнында болсаңдар сендер не істер едіңдер?

2. Шегіртке мен құмырсқа бейнелері арқылы адамдардың қандай қасиеттерін көріп байқадыңдар?

3. Біздің ортамызда сондай адамдар кездесті ме?

8 Оқулықпен жұмыс. Рөлге бөліп оқу. Оқулық   Мысалды рөлге бөліп оқиды. Тыңдаймын, бағыт-бағдар беремін.
9 Дәптермен жұмыс.       Оқушылар дәптерге мысал мазмұнына байланысты сұрақтар жазады. Басқа топтарға қойып, сұрақтарына жауап алады. Тыңдаймын, бағыт-бағдар беремін.
10 Венн диаграммасы Салыстыру Кесте Мадақтау Құмырсқа мен шегірткенің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді. Бақылаймын, тыңдаймын.
11 Қорытынды. «Ақылдың 6 қалпағы» 3 түсті қалпақтар /сары, қызыл, жасыл/ Мадақтау Берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды топтарға бөліп беремін.

Сары қалпақ- Шегірткенің рахат өмірі туралы айтады.

Қызыл қалпақ— Шегірке мен құмырсқаның қандай мінез-құлқын байқауға болатындығын айтады.

Жасыл қалпақ-Осы мысал арқылы автордың не айтқысы келгенін,  яғни түйінді ойды айтады.

12   Ой қозғау. Мақал-мәтел   Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтады. -Бүгінгі сабағымызға қатысты қандай тақырыптағы  мақал-мәтелдер айтуға болады?

-Олай болса, Абай атамыз айтқандай «Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек.

13 Рефлексия Сөйлемді аяқтату     Маған қызықты болды… сөйлемді аяқтайды. Оқушыларға бүгінгі сабақта не қызықты болғандығы туралы ойларын тыңдаймын.
14 Бағалау       Оқушылардың білімдері бағаланады. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалаймын.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *