Басы » Кембридж бағдарламасы » Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

гулданегҚарағанды облысы,   Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені

Ж.Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

  ІІ (негізгі) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі

Бабаханова Гульден

          Коучинг тақырыбы: «Оқыту үшін бағалау және оқуды  бағалау»

Жалпы мақсаты: Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.

Мақсаты: а) Әріптестерді үшінші модуль «Оқу үшін бағалау, оқытуды бағалаумен » таныстырып, өз тәжірибелерінде қолдануға баулу.

 Міндеті: Формативті, суммативті бағалау түрлерін түсіндіріу тәжірибеде ажырата  білуге бағыт-бағдар беру.

Рефлексия жазуға үйрету.

 

Уақыты Атқаратын

жұмыс түрлері

Ресурстар Қатысушының іс-әрекеті Жүргізушінің іс -әрекеті
3 мин Шаттық шеңбері. «Ыстық алақан»   Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен танысады. Әркім өз атының алдына сын есім қосып айтады. Мысалы «Бағалы тас Гаухар, мейірімді Мейрамкүл …/
1мин Топқа бөлу.

/Формативті бағалау, суммативтібағалау/

Қима қағаздар, конверт. Қатысушылар конверттегі қима қағаздағы сөзге байланысты 2 топқа бөлінеді. Конвертке салынған  қима қағаздарды әр топтың шетіне апарып қоямын.
2 мин Ұйымдастыру .

«Дейін-кейін» стратегиясы.

А4 форматты қағаз    Қатысушылар үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына жалпы бағалау туралы білетіндерін жазады. Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін  жалпы бағалау үшін не білетіндерін жазуды тапсырамын.
 5 мин Ой қозғау.

Түсінік картасын сызу.

Плакат, маркер. І топ формативті бағалау, ІІ топ суммативті бағалау туралы білетін білімдерін түсінік картасына сызады, ортаға салады. Сұрақтар қоямын.

1.Оқу үдерісіндегі бағалау қажет пе?

2.Сабақ барысында сіздер нені бағалайсыздар?

3.Сіздердің бағалауларыңыздан кейін оқушылардың сабаққа ынтасы қандай болады?

10 мин Көрсетілім Слайд АКТ арқылы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» туралы толық мәлімет алады. АКТ арқылы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» туралы мәлімет беру.
10 мин Тапсырма: Мұғалімнің портфелін жасау. Түрлі-түсті қағаз, желім, жіп, қайшы. Мұғалімнің портфелін жасайды. Бақылаймын, қатысушыларға критериалды бағалауды құрастыртамын.
2 мин Сергіту сәті.

«Жауын» әдісі.

Үнтастпа Сергіту сәтін орындайды. Көңіл-күйлері көтеріледі. Көңілді музыка ырғағымен иықтарына әр түрлі қимылдарды жасайды.
3 мин Түсіндіру әдісі. Көрсетілім Тыңдайды, ой түйеді. Суммативті – оқуды бағалау. Тест, бақылау, диктант, шығарма, мазмұндама, жылдық, емтихан бағасы, ҰБТ бағасы жатады. Бұлар жиынтық өзгермейтін бағалар. Формативті – оқыту үшін бағалау. Күнделікті білім үшін алған бағалар, және тоқсандық баға.

Критериалдыбағалау- сабақ барысындағы оқушының білімін бағалап отыру.  Мысалы: 1 тапсырмаға-2 балл, 2 тапсырмаға-2 балл …

2 мин «Дейін-кейін» стратегиясы. А4 форматты қағаз Қатысушылар үлестірілген ақ қағаздың «кейін» бағанасын толтырып тапсырады. Шеберлік сыныптың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруын сұраймын.
5 мин «Толық банка» әдісі. Банка, тас, ұсақ тастар, су, құм Өз пікірлерін ұсынады. Мұғалімдер алдына бос банка, тас, ұсақ тастар, құм, су қоямын да, банканы бұл заттармен толтыру үшін қай ретпен салу керектігін сұраймын.

Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы;

Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін армандар:

Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер;

Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық банка- өміріміз мәнді де сәнді болуын білдіреді.

2 мин Рефлексия Кері байланыс парағы Шеберлік сыныптан білгендерін, алған әсерлерін жазып, алма ағашына жапсырады. Кері байланыс парағын толтыртамын. Қорытынды жасаймын.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *