Басы » Технология » Күбіні колдану, жасау технологиясы

Күбіні колдану, жасау технологиясы

Назаров Батырхан Досболович
Сызу, технология, бейнелеу өнері мұғалімі
№55 жалпы орта мектебі, Шымкент қаласы

Технология 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күбіні колдану, жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты: Ертеден қолданылып келе жатқан бұйым күбі туралы мағлұмат беру, жасау технологиясын көрсету және үйрету.
Күтілетін нәтижелер: Күбі туралы толық мағлұмат алады, қалай қолдану, жасау технологиясын үйренеді.
Сабақтың әдісі: «Сұрақ жауап», «Бағдаршам», «Бармақпен бағалау», «Топтық жұмыс», «Сөз жұмбақ», «Инсерт», «Кері байланыс»
Дереккөздер: Интеративті тақта, нотбук, интернет, слайдтар, оқулық технология 10сынып « Мектеп» 2008ж.,«Қазақтың қолданбалы өнері» Д. Шоқпарұлы,
Д. Дәркембайұлы, « Алматыкітап» 2007ж., мұражай бұйымы «Күбі»

І. Кіріспе 5мин
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сәлемдесу ,түгелдеу. Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында ынтымақ туралы тілек айтқызу, ынтымақ туралы видиокөрсетілім көрсету. Топқа бөлу. «Шебер» «Күбі», «Өнер» Топтық жұмыстың ережесін, тәртібін берілген тапсырмадан ауытқып кетпеулерін түсіндіру.
Оқушының іс-әрекеті
Мұғаліммен сәлемдесу. Шаттық шеңберін құрып, бір бірлеріне ынтымақ,бірлік туралы тілектерін есімдерінің бас әріпінен басталатын сөздер арқылы білдіреді. Өз еріктерімен топқа бөлінеді. Топ жұмысының ережелерімен танысады, рольдерге бөлінеді
Өткен сабақты қайталап псықтау 2 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Шебердің жұмыс істейтін орнын қалай деп атайды?
2. Ұршықты не үшін пайдаланамыз?
3. Ұршықты қандай ағаштан жасайды?
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар өткен сабақты қаншалықты меңгергендігіне қарай берілген сұрақтарға жауап береді
Үй тапсырмасы 5 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Күбі қандай бұйым?
Күбі туралы не білесіңдер?
Оқушының іс-әрекеті
Әрбір оқушы деңгейіне қарай ойлана отырып, сұрақтарға түйінді жауаптар айтады. Әрбір оқушы өз бетінше үй тапсырмасына жан-жақты ізденіп, дайындалып келген сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Негізгі бөлім 20 минут
Жаңа тақырыпты оқып білу.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Интеракивті тақтада күбі туралы слайдтар көрсету.

Күбі туралы туралы мәліметтерді жазу , түсініктеме беру. Оқушылар топтық жұмыс жасау кезінде , аралап бағыт бағдар беріп бақылап жүру. Дерек көздерін пайдалануға ерік беру

Оқушының іс-әрекеті
Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, зейіні, қызығушылығы артады. Интербелсенді тақтада берілген слайдтан күбі туралы өз ойларын ортаға салып талқылай бастайды.Пікір алмасады. Бірлесіп тақырып бойынша айтылған ой пікірлерін ортаға салып, талқылайды . Барлық оқушылар топтық жұмыс барысында белсенді жұмыс жасайды.
Сергіту сәті 2 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Интерактивті тақтада ырғақты әуен қою
Оқушының іс-әрекеті
Әуенді ырғақтар арқылы сергіту жаттығулар жасайды
ІІІ. Қорытынды бөлім 5 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Күбі туралы сөз жұмбақ жазылған парақтарды әр топқа таратып береді
Сөзжұмбақ
1.Ескі сөзінің синонимі (Көне)
2.Қолмен өлшенетін өлшем түрі (Сүйем)
3.Қолмен өлшенетін өлшем түрі (Бармақ)
4.Қолмен өлшенетін өлшем түрі (Елі)

Сөзжұмбақ
1. К Ө Н Е
2. С Ү Й Е М
3. Б А Р М А Қ
4. Е Л І

Оқушының іс-әрекеті
Сөзжұмбақты топпен бірігіп, талқылап жауап береді. Білетін сұрақтарына жауап жазады. Дұрыс жауапты басқа топ тексеріп, қатесін интеактивті тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен тексереді.
ІҮ. Бағалау 3 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Бірін бірі бағалауды, топ- топты бағалауды.
Жоғары, орта,төмен саусақпен бағалауды түсіндіру. Қорытынды бағаны қояды.
Оқушының іс-әрекеті
Әр топ бірін бірін бағалайды. Әр топ жұмыс нәтижесін
бір бірімен салыстырады. Жоғары, орта,төмен саусақпен бағалайды. Бағалау парағына оқушылар бір-бірін критерий бойынша бағалайды.
Кері байланыс 2минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Парақша кестелер тарату
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?

куби

Оқушының іс-әрекеті
Бүгінгі сабақта нені білетіні, нені білгенін, нені білгісі келетінін берілген кестеге жазып толтырады.
Келесі оқу 1минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
«Күбінің материалдарын дайындау» тақырыпты қабарлау
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Сабаққа рефлекция жасау:
І) Не сәтті өтті
ІІ) Не сәтсіз өтті?
ІІІ) Болашақта нені өзгертуім керек?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *