Назаров Батырхан Досболович
Сызу, технология, бейнелеу өнері мұғалімі
№55 жалпы орта мектебі, Шымкент қаласы
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктерімен
таныстыру. Музыкалық аспаптар туралы толық мәлімет беру.
Нәтижесі : Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктерімен танысады.
Музыкалық аспаптар туралы толық мәлімет алады.
Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ жауап», «Диалог», «Топтық жұмыс», «Жеке жұмыс» ,
«Деңгейлік тапсырма», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз ,бір тіліек.»
1.Кіріспе 3мин
Ұйымдастыру
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сәлемдесу ,түгелдеу.
Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында әр топ бір біріне тіліек айту.
Бүгінгі сабақта кездесетін бұйым атауларынан топқа бөлу
«Домбыра»», « Қобыз», «Сырнай».
Топтық жұмыстың ережесімен , берілген тапсырмадан ауытқып кетпеулерін түсіндіру. Топ басшыларын бекітіп, міндеттерімен таныстыру . Топтық жұмыс кезінде тәртіп сақтауды түсіндіру
Оқушының іс-әрекеті
Мұғаліммен сәлемдесу. Шаттық шеңберін құрып бір біріне бүгінгі сабаққа сәтттілік тілектерін білдіреді.
Жаңа сабақтың ішінен кездесетін сөздерден құрастырылған «Домбыра»»,«Қобыз»,«Сырнай»
сөздері жазылған қағаздарды алу арқылы топқа бөлінеді.
Топ жұмысының ережелерімен танысады, рольдерге бөлінеді.
Өткен сабақты қайталап псықтау.
3мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
- 1. Күбі қандай бұйым?
- Күбіні не үшін пайдаланамыз?
- 3. Күбіні қандай ағаштан жасайды?
- 4. Күбіде қандай малдың өнімін өңдейді? Өнімдерді атап шық?
5.Күбіні тауда өсетін ағаштан жасаған, ол қандай ағаш ?
6.Күбіні қай заманнан пайдаланған?
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергендігіне қарай сұрақтарға жауап береді
Үй тапсырмасы 3мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Музыкалық аспабтардың құрылысы, ерекшеліктері туралы қандай мәліметтер білесіңдер?
Оқушының іс-әрекеті
Әрбір оқушы өз бетінше үй тапсырмасына дайындалып келген сұрақтарға жауап береді.
ІІ.Негізгі бөлім 17мин
Таныстырылым.
Жаңа тақырыпты оқып білу.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Интеракивті тақтада музыкалық аспабтардың құрылысы, ерекшеліктері туралы слайдтар көрсету. Оқушылардың топпен жасаған жұмыстарын , презентациясын тыңдау
Оқушының іс-әрекеті
Топтық жұмыс.
Музыкалық аспабтардың құрылысы, ерекшеліктері туралы барлық мәліметтерді жазу , түсініктеме беру.
Оқушылар топтық жұмыс жасайды.
Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, зейіні, қызығушылығы артады. Интербелсенді тақтада көрсетілген слайдтан өз ойларын ортаға салып талқылай бастайды. Пікір алмасады. Бірлесіп тақырып бойынша айтылған ой пікірлерін ортаға салып, өз еріктері бойынша постер бетіне түсіреді. Барлық оқушылар топтық жұмыс барысында белсенді жұмыс жасайды. Оқушылар өзінің білгенін топқа түсіндіріп ойымен бөліседі. Дерек көздерінен мәліметтер алады .
Әр топтың «репортері» топ болып жасаған жұмыстарын топтардың алдында қорғап шығады
Сергіту сәті 2 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
«Көңіл толқыны» күйін DVD де қою
Оқушының іс-әрекеті
Қандай музыкалық аспаптармен орындалатынын анықтайды.
ІІІ. Қорытынды 12 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Деңгейлік тапсырма орындау
Топтағы оқушыларға парақшаларға жазылған деңгейлік сұрақтар таратылады.
Дұрыс жауабын интерактивті тақтада көрсетеді
А
1 Домбыра ішегін қандай малдың ішегінен жасаған?
- Ішекті қалай өңдейді?
- Қобыз қандай музыкалық аспап ?
В
4.Домбыраның қанша түрі бар ?
- Ағаштан жасалынатын музыкалық аспаптарды атап шық?
- Қобыздың ішегін қандай малдан алады?
С
7 . Қобызды қандай ағаштан жасайды?
- Сазсырнай ол қандай аспап және оны неден жасайды ?
- Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесің?
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар деңгейлік сұрақтарды топпен орындайды.
Жауаптарын кестеге деңгей бойынша А.В.С. жазады.
Дұрыс жауабын интерактивті тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен тексереді
ІҮ. .Бағалау 4 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Өзі- өзін бағалау , топтарды критерийлер бойынша «бағалау парағына» бағалау үшін
парақшаларға жазылған кестелер тарату. Қорытынды бағаларын айту.
Оқушының іс-әрекеті
Әр топ жұмыс нәтижесін бір бірімен салыстырады
топтарды критерийлер бойынша «бағалау парағына» бағалайды, парақшаларға жазылған кестелер толтырады.
Кері байланыс жазады, бүгінгі сабақта нені білетіні, нені білгенін , нені білгісі келетінін стикерге жазып бағалау ағашына іледі.
Келесі оқу 1 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ағаштан және қолда бар материалдардан жасалатын кәдесыйлық бұйымдар екенін хабарлау
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады
Ескерту: Келесі жаңа тақырыпты үй тапсырмасына беремін. Жаңа тақырыпты үйде жан-жақты дайындалып келген оқушылар, жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады.
[bws_related_posts]