Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Тайпақ ауылы
Тайпақ колледжі
Хамзин Хасен АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
Сабақтың тақырыбы: Атыс негіздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға атыс негіздері туралы түсінік беру;
Тәрбиелік мақсаты: атыс дайындығы сабақтарында қауіпсіздік шараларын сақтауда жауапкершілікке және тәртіптілікке тәрбиелеу;
Дамыту мақсаты: ату ережелерін меңгерту және қаруды сауатты қолдана білуге үйрету.
Сабақ әдісі: сөздік-иллюстрациялық
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар,слайд «Атыс негіздері», Юнкерс-3 автоматы (оқу қаруы), проектор,көрсету тақтасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру:
1.Азимут дегеніміз не?
2.Магниттік азимуттың ақиқат азимуттан айырмашылығы қандай?
3.Түзу және кері азимутқа анықтама беріңдер?
4.Азимут бойынша қозғалыс үшін қандай мәліметтер керек?
5.Берілген азимут бойынша затқа бағыт қалай анықталады?
6.Азимут бойынша қозғалу ретін айтып беріңдер.
Жаңа сабақ:
Сабақтың мақсаты атыс негіздері бойынша түсінік беру және қаруды сауатты қолдана білуге үйрену.Жаңа сабқта негізгі 4 оқу сұрағын қарастырамыз:
1.Патронның құрылысы
2.Атыс құбылыстары
3.Оқтың ауада ұшуы
4.Қарудың серпуі (кері соғуы)
Атыс негіздері.
Патрон: оқтан,гильзадан,дәрілі зарядтан, капсюлядан тұрады.
Атыс құбылыстары.
Ату-дәрілі зарядтың жануы негізінде пайда болған газ қысымымен ұңғы арнасынан оқтардың (снарядтардың, гранаттардың) шығуы.
Ату өте аз уакыт ішінде жүзеге асады (0,001—0,06 с). Патрон капсюлінің күш түсетін кұрамына сокқыдан дөрілі зарядты тұтандыратын жалын пайда болады. Дәрілі заряд жанған кезде ұңғы арнасында жоғары қысым тудыратын қатты қызған газдың көп көлемі пайда болады. Газдың қысымымен оқ орнынан қозғалады да, кертікке соғылады, бірте-бірте үздіксіз артқан жылдамдықпен ұңғы арнасынан қозғалады да, ұңғы арнасының осі бойымен сыртқа шығарылады. Оқ соңынан ұңғы арнасынан қызған газ шығады, ауаға кезіккенде ату кезіндегі дыбыс болып табылатын жалын және күшті толқын жасайды.
Ұңғы ішіндегі кертік бұранда сияқты орындалатындықтан, оқ ұңғымен келе жатқанда айналмалы қозғалыста болады.
Атыс кезіндегі 4 кезеңді төмендегідей графикалық түрде көрсетуге болады.
Ату кезеңдері: р0—соғыста өтудің қысымы; ра—газдың ең жоғарғы (максимал) қысымы; рь жөне ик-дәрінің толық жануы кезіндегі газ қысымы мен оқтың қозғалыс жылдамдығы; р жөне v-оқтың ұңғы арнасынан шыққан кезіндегі газ қысымы Vоқ қозғалысының ең жоғарғы (максималды) жылдамдығы; ратм-атмосфералык қысымға тең қысым.
Оқтың (снарядтың) ұшу жолы.
Бастапқы кезең дәрілі зарядтың жаңа бастауынан оқ қабының ұнғы кертігіне толық енуіне дейін созылады. Осы кезеңде ұңғы арнасында оқты орнынан қозғайтындай және оны ұңғы кертігінде оның қабығының кедергі жасауын болдырмайтындай 2500—5000 Н/см2 (250—500 кг-с/см2) қысым пайда болады. Бірінші немесе негізгі кезең оқтың қозғала бастауынан дәрілі зарядтың толық жануына дейін созылады.
Бұл кезеңнің басында, оқтың 4-6 см жолдан өткен кезінде оның артындағы кеңістік (оқ түбі мен оқсауыт түбінің аралығы) көлеміне қарағанда, газдар саны жылдамырақ өседі, газ қысымы тез ұлғайып, едәуір мөлшерге көтеріледі (ең жоғарғы қысым), атап айтқанда, 1943 жылы үлгідегі атыс қаруының оғының артына түсіретін салмағы-27450 Н/см2 (2800 кг-с/см2). Сосын оқ қозғалысының үлкен жылдамдығы әсерінен оқ артындағы кеңістік көлемі жаңа газдар ағынына қарағанда тез өседі, ал қысымы төмендейді.
Екінші кезең-дәрілі зарядтың толык жануы сәтінен ұңғы арнасынан шығу сәтіне дейін созылады. Газдың келуі тоқтаса да, қатты қысылған және қызған газ кеңейіп, оқты қысып, оның жылдамдығын тездетеді. Қысым тез төмендеп, әр түрлі үлгідегі карудың ұңғы аузында ол 3000-9000 Н/см2 (300-900 кг-с/см2-ге) жетеді.
Үшінші кезең немесе газ әсерінен кейінгі кезең-ұңғы арнасына оқтың шығуы сәтінен оқ жылдамдығы өсуінің тоқтау сәтіне дейін созылады. Ұңғы арнасынан шығатын дәрілі газ ұңғының аузынан бірнеше ондық сантиметр бойына оққа әсер етуін жалғастыра береді де, оның жылдамдығы оқ түбіндегі дәрілі газ қысымы ауа кедергісімен теңеспейінше өсе береді. Одан әрі оқтың ауада ұшуы инерцияға байланысты жалғаса береді және ол белгілі дәрежеде оның бастапқы жылдамдығына байланысты болады.
Оқтың бастапқы жылдамдығы-оқ ұңғы арнасынан шыққаннан кейінгі оқтың ұшу нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы болып табылады. Ол V0 таңбасымен белгіленіп, м/с-мен өлшенеді.
Оқтың бастапқы жылдамдығы қарудың маңызды ұрыстык қасиетінің бірі болып табылады. Бастапқы жылдамдығының артуы оқтың алысқа ұшу қашықтығын арттырады, сыртқы жағдайлардың оның ұшуына кедергі жасауын төмендетеді.
Оқтың бастапқы жылдамдығының шамасы ұңғының ұзындығына, оқтың салмағына, дәрілі зарядтың салмағы мен басқа факторларына байланысты. Ұңғы ұзын болған сайын (белгіленген шамада) дәрілі газ оққа ұзағырақ әсер етеді және оның бастапқы жылдамдығы да тезірек болады. Үңғының тұрақты ұзындығы мен дәрілі зарядтың тұрақты салмағына байланысты оқ салмағы аз болған сайын, бастапқы жылдамдық тезірек артады.
Қарудың серпуі (кері соғуы).
Ұңғы арнасында газ қысымы барлық жаққа бірдей әсер ететін болғандықтан, ату кезінде ол оқты алға жылжытып қана қоймай,қаруды артқа жібереді. Ату кезінде қарудың артқа қозғалуы —серпу (кері серпу) деп аталады.Атыс қаруының серпуі иыққа,қолға немесе жерге ұрғанда сезіледі. Қолмен ату қаруы серпуінің күші, әдетте, 2 кг-нан артпайды да, ол атушыға ауыртпалықсыз әсер етеді.
Оқ серпуді тудыратын дәрілі газдың қысым күші мен серпу кедергісінің күші бір тік осьте орналаспаған және қарама-қарсы жақтарға бағытталған. Олар қарудың ауыз бөлігінің жоғары жаққа ауытқуының әсер ететін күштер жұбын түзеді.Ауытқу көбірек болған сайын күштер жұбының иыққа тебуі де үлкен болады. Оның нәтижесінде, оқ ұңғы арнасынан атуға дейін берілгені бойынша ұңғы арнасының осі бағытымен емес, одан атылған сәттегі ұңғының арнасының осі орналасқан бағытпен ұшады. Атуға дейінгі ұңғы арнасы осі бағытында және ұңғы арнасынан оқтың ұшу сәтіндегі бағыты бойынша түзілген бұрыш —ұшу бұрышы деп аталады. Бұл бұрыштың көлемі нақты мәнге ие және атқыштың даярлығына байланысты болады. Ұшу бұрышын тұрақты көлемде сақтау үшін, атқыш даярланудың барлык элементтерін түгел орындау керек.
Оқтың ауада ұшуы. Бұрандалы кертігі бар ұңғы арнасынан атқан кезде дәрілі газдар оққа тек қана ұшу қозғалысын емес, айналдыру қозғалысын да
береді. Мұнда оған екі күш әсер етеді: ауырлық күші және ауаның қарсылық күші. Ауырлық күші оқты лақтыру сызығынан бірте-бірте көбірек ауытқыта береді. Ауаның қарсылық, күші оқ қозғалысын бәсеңдете береді, бағытынан оны тайдыруға тырысып, оқты айналу жағына қарай ауытқытады. Осы екі күштің әсерінен оқ ауада ұңғы арнасынан лақтырған кездегі тік бағыт бойынша емес (лақтыру бұрышы) лақтыру сызығынан төмен орналасқан қисық сызық бойымен ұшады.
Ауада үшу кезіндегі оқ ауырлығының орталығын сипаттайтын көлбеу сызық — траектория деп аталады.
Ұшу кезінде оқтың лақтыру сызығы арқылы өтіп, оның айналуы жағына қарай ауытқуы- деривация деп аталады.
Сабақты бекіту:
Ату дегеніміз не?
Ату қанша уақыт аралығында жүзеге асырылады?
Оққа қандай күштер кедергі келтіреді?
Оқтың ауада жүріп өткен көлбеу сызығы не деп аталады?
Оқтың айналу бағытына қарай ауытқуын недеп атаймыз?
Сабақты қорытындылау: оқушыларды бағалау және үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма: ІV-тарау §1 165-171 беттер.