Басы » Оқушыларға » Шығармалар » Егеменді еліміздің ертеңі біздерміз

Егеменді еліміздің ертеңі біздерміз

костанай Қостанай облысы,

Жангелдин ауданы,

Торғай ауылы

«Шоқан Уәлиханов атындағы

Торғай орта мектебі» ММ

Жанмұрат Ақерке Жанмұратқызы

9-сынып оқушысы

«Егеменді еліміздің ертеңі біздерміз»

«Сендер, Тәуелсіз қазақ елінің

білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып,

оны елді дамуға бастайтын даңғылға

айналдыруға тиіссіңдер, елдік пен

Тәуелсіздіктің Киелі көк Туын

ХХІ ғасырда асқақтата желбірететін –

жастар, сендер боласыңдар!

 

Н.Ә.Назарбаев

 

Еліміз қарыштап дамып келеді. Әлемдік деңгейде болу үшін әлі күнге дейін тер төгіп еңбектеніп келеміз. Бүгінгі бейбіт күнде қаншама қазақ жастары бәсекеге лайық түрлі идеяларымен Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Келешекте елдің тізгінін ұстап, бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруда негізгі күш жастармыздың жемісті еңбегінде екені сөзсіз. Әрбір ел үшін жасалған іс- мемлекетіміздің болашағы.Себебі бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын білікті маман, аға буынның ізін жалғастырар ізбасар. Әрбір білімді, білікті иманы бар, салауатты өмір салтын ұстанушы жас-елдің ертеңі. Ұлы бабаларымыз, атақты әдебиет тарландарының өзі жастардың қайраты мен күшіне, білімі мен бойларындағы жалынға сене білді. Тәуелсіз Қазақстан құруды армандап кеткен асыл ақындарымыздың бірі- М.Жұмабаев жастарға арнаған өлеңінде:

Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!

-деп кейінгі толқын жастардың қайраты мен алғырлығына сеніп кетті. Осындай сенімнен кейін  біздің қырандай қанатты, арыстандай айбатты болмауға қақымыз жоқ!

Тәуелсіздіктің жолында талай қан төгілді, талай тер төгілді. Енді біздің қазақ елі  Мәңгілік елге айналды. Барлық асыл армандарды Елбасымыз бір арнаға тоғыстырып Ұлы Мәңгілік Ел құрды.

Мәңгілік Елдің жастары табанды, білімді,ой-өрісі кең,иманды,салт-дәстүрді берік ұстаған,ең бастысы жігерлі болуы керек.  Тәуелсіз мемлекетімізде жастарды білім мен тәрбие тұрғысынан жетілдіруге және әлеуметтік тұрғыдан қолдау туралы жағдайлар қарастырылған. «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» дегендей, қазіргі жаһандану заманында білекке емес, білімге сенетін заман. Елдің жарқын болашағы-жастарымыздың еңбекқорлығы мен мақсатына, арман тілегіне байланысты. Қазақ жастары тек жаңашылдыққа ғана бет бұрмай, ата-баларымыздан келе жатқан қазақы салт-дәстүрімізді жаңғыртуы тиіс. Себебі өткенімізді  дер кезінде дәріптей алмау елдің бұлыңғыр болашағына алып  келеді. Бұл жөнінен бізге алдыңғы қатарлы мемлекеттердің даму стратегиялары үлгі болуға тиіс.Елбасымыз  бұл жөнінде өзінің жастарға арнаған өнегелі 1000 сөзінде:  «Қараңыздар, Жапония, Қытай, Оң­түстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты елдер өздерінің идеялары мен технологияларын шебер орындауының, өздерінің тиянақтылығы мен еңбегінің арқасында табыстарға жетіп отыр»-деген болатын.Біздің еліміз енді-енді дамып келе жатқан жас мемлекет. Қазақстанның жетер жетістіктері мен алар асулары әлі алда.Кез келген ел өз келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әрбір ұрпақтың өз заманы, кезең тынысы болады.ХХІ ғасыр ұрпағы болу бізге бұйырған бақыт болар.Еліміз дамудың алдыңғы кезеңдерінде, демек мемлекетіміз әлі талай жаңартулар күтіп тұр. Мәңгілік еліміздің көшбасшысы да, ұлтымыздың қамын ойлар азаматтар да,  ел дамуындағы негізгі рөлді сомдаушылар да-қазақ жастары.

«Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отаны­мыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол»- деген Елбасымыздың тұжырымынан көп нәрсе аңғаруға болады. Біз бүгінде мектеп қабырғасында оқып жүрміз. Мектептегі біздің басты мақсатымыз-тек оқу.  Ертең-ақ мамандық иесі атанып,ел үшін қызмет етеміз. Сол кезеңде тек жалақы алу үшін еңбектенбей, әр күнімізді халыққа арнауымыз керек! Қазір жастарға өз мақсатын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер жеткілікті! Тек білім мен ізденіс керек. Өз мақсатыңа жету жолында табандылық пен қайрат керек! «Ғылымды үйренбекке талап қылушылар, ең әуелі, ғылымды шын көңілімен сүюі керек. Оның көңілінің ғылымға деген бұл мейірімі- шешенің балаға деген мейірімі секілді болсын» — деген ұлы Абай сөзі мен «Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деген Елбасы сөздерін жүзеге асырайық!

Қазақ жастары! Алашым деп жанын құрбан еткен Алаш арыстары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты қазақ мемлекетін құрғысы келген ұлт зиялыларының, еліміздің бүгінгі тәуелсіздігі үшін  қаралы желтоқсанда қасқалдақтай қанын төккен Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбиралардың рухы үшін бүгінгі Тәуелсіздігімізді қадірлейік, қастер тұтайық! Еліміз үшін бар білімімізді жұмсайық!  Еліміз үшін тер төгейік! Қазақ жастары!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *