Басы » Бастауыш сыныптар » Ауаны ластаушы заттар (Презентация)

Ауаны ластаушы заттар (Презентация)

Сабақтың тақырыбы: Ауаны ластаушы  заттар

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға   өздігінен  талдай отыра  тақырыпты меңгерту; табиғатты аялауға баулу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, диалогтік оқыту, ЖИГСО тәсілі, сыни тұрғыдан ойлау, пікірталас, талантты және дарынды балалармен жұмыс, көрнекілік әдісі,  АКТ – ны қолдану, оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, өзара бағалау.

Қолданылатын ресурстар: интербелсенді тақта, А-3 парағы, маркер, фломастерлер, ұялы телефон, бағалау парақтары, стиктер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі (5 мин)

  1. Психологиялық дайындық.

Шөліркемей гүл тұрсын,                                        Ортақ бізге туыстық.

Жерім жайнап құлпырсын.                                     Нұр сыйлаған күн ыстық,

Нұрын сыйлап біздерге,                                          Ыстық бізге кең өлке,

Көкте мәңгі күн тұрсын.                                         Ыстық бізге тыныштық.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

                                              ІІ. Топпен жұмыс. ( 3 мин)

  1. Топқа бірігу.

Сурет қиындыларын жинастыру арқылы топқа жиналу.

ІІІ. Спикерлердің  өз тобын таныстыруы. (5 мин)

а) топ атын;

ә) топтың әнұранын;

б) топ мүшелерінің рөлдерін анықтайды.

ІV. Топтарға тапсырма беру. ( 7 мин)

1-топ : Қай заманнан бастап ауа ластана бастады? Неге?

2 – топ: Ауаның ластануы деген не? Мысалдармен дәлелде.

3 – топ:  Мен президент болсам, ауаны қорғау үшін былай істер едім…

Сергіту сәті: интербелсенді тақтада

 

 

 

  1. Спикерлердің алмасуы (15 мин)

а)  Әр топтың спикерлері көрші топтарға барып, өз тобының жұмысын түсіндіреді.

1- топ  спикері  2-топқа, 2 топ  спикері 3- топқа, 3 – топ спикері  1-топқа барады, тағы сол тәртіппен 2-ші рет айналады.

ә) 1-ші айналымнан кейін топ мүшелері спикерлерді бағалау парақтарына бағалап, топ төрағасы ортақ бағаны шығарады.

б) Спикерлер ортаға шығып, өз сұрақтары мен жауаптарын барлық сынып алдында түсіндіреді, және бағаларға қалай қарайтындығын түсіндіріп береді.

VІ. Бақылаушылардың бағалауы. (5 мин)

Әр топтың бақылаушылары өз топ мүшелерін бағалайды, неге екенін түсіндіреді.

VІІ. Рефлексия. (3 мин)

Әр оқушы өзінің сабақтан алған әсерін смайликтерге белгілеп, тапсырады.

VІІІ. Бағалау. (2 мин)

Жиынтық бағалаудан формативтік бағалау шығару.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *