Арқалық қаласы
Жалғызтал ауылы
Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисекеева Гаухар Зейноллаевна
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сын есімнің заттың сапалық қасиетін, түрін, түсін, көлемін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру, сын есімнің мағынасын дұрыс ажырата білуге үйрету. Сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, адалдыққа, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақта не білу керек: Суретпен жұмыс. сөз құрастыру,сөзден сөйлем құрастыра білу
Сабақта не істей білу керек: оқуға жаттығу,тапсырмаларды түсініп ,орындай білу
Әдістері: Сұрақ- жауап, диалог, СТО
Көрнекілігі: интерактив тақта, бағалау жетондары, бейнежазба.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру жұмысы
«Шаттық шеңберін» жасау.
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып біліп ал,
Тепкілесең кетпейді.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1) Кестені толтыр
|
|||||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
|
||||||||||||||
2.Сын есімнің ережесін айтқызу.
- Берілген сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазу.
Бақылау, қоңыр, тәрелке, биік, көгілдір, кішкентай, бағдаршам, орасан, жаңалық, тәтті, үлестірді, үлеске, ащы, шоқ, қою, сүйкімді, қозы, момақан, басқыш, майлы, қоныс, жайлы, жиырма бес.
4.Мәтінмен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу, көшіріп жазу. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сызу. Сөздердің жуан не жіңішке айтылуы неге байланысты екенін түсіндіру.
Атам жайлаудан кішкентай құлынымен биені мініп келді. Жуан ағашқа байланған бие жуас екен. Ал құлыны асау, жанына жақындауға қорықтым. Құлынға мұздай су бердім.
- Көп нүктенің орнына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жазу.
қандай? не?
… сиыр
… жалқы
… қой
… түйе
… ешкі
- «Ат – адамның қанаты». Мақалдың мағынасын түсіндіру. Тағы қандай мақалдарды білесіңдер? Жылқының түстері қандай болатынын айтқызу. Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек көшіріп жазу.
Үлгі: Жирен, күрең, … .
Ақбоз, қоңыр, торы, қара, … .
7.Өздік жұмыс. Бейнежазба көрсету.
Көрсетілген бейнеден ой түйінін жазғызу «Малдың пайдасы»
8.Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есім тауып жазу.
Білімді бала, кең көше, салқын су, ақбоз ат, қызыл қарындаш.
Үйге тапсырма:
1.Берілген сын есімдерге мәндес сөздер жазу.
Әдемі , күшті , ақылды, ашулы, мөлдір, үркек..
Үлгі: Ашулы,ызалы; …
2.Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сын есімдерді тап.
Кең —
ыстық —
биік –
шабан –
жарық —
Сабақты қорытындылау.
Барлық жұмысты орындап болғаннан кейін оқушылардың жұмыстарына қорытынды жасау.
- Жинаған жетондарын санату және талдау жасату Бірін-бірі бағалау.
- Белсенді оқушыларды мадақтау.
- Жасаған жұмыстарын бағалату
[bws_re[bws_related_posts]lated_posts]