Мұнайлы ауданы, №5 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Сержанова Алия Тажимуратовна
Күні: 03.04.2015ж
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» Композициялық құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шығарманың мазмұнын меңгерту, композициялық құрылымына талдау жасау, шығарма
кестесін құру.
Тәрбиелік: Шығарма мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, табандылыққа, қиындыққа,
төзуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға шығармашылық талдау жасатып, өз ойларын,пікірлерін жеткізе,
дәләлдей білуін, әдеби тілін, ойын дамыту.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: Ауызша тіл джамыту, сұрақ-жауап, шығарма кестесін құру, композициялық
талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) Сынып тазалығына мән беру.
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» хикаятын оқып келуге берілген болатын. Оқушылар әңгіме мазмұнын баяндайды.Хикаят бойынша қосымша сұрақтар қойылады.
Қосымша сұрақтар.
- Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?
- Олар шеген тастарды қайдан әкелуші еді?
- Тастарды кесуге Еңсепке кім көмектесті?
- Шыңырау түбінде Еңсеп қандай Жағдайға тап болды?
- Ол неге қуанды?
- Ата кәсібі құдық қазу болған қараш руының адамдарының ауыр еңбегінің елге тигізер пайдасы қандай?
- Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда тигізді?
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Екеуін қоссақ он саусақ.
ІІІ. Шығармашылық талдау жасау.
1.Әңгіме кестесін құру.
Р/с —— Тақырыбы ——— Идеясы ——— Қорытынды ——— Кейіпкерлері———
- Шығармаға композициялық талдау жасау.
Басталуы: Еңсепке Байсал байдың өтініші.
Байланысуы: Еңсептің құдық қазуына кірісуі.
Шиеленісуі: Еңсептің басы тасқа соғылып үні тек өзіне естілуі.
Шарықтау шегі: Құдықтың тереңдей түсуі.
Шешімі: «Еңсеп өлген атанған шыңырау»
ІV. Мәтінмен жұмыс.
-Қандай тастардың түрлері аталады? (шеген тастар, сұр тас, қылауытқан тас,тастақ тас, сандық тас, сар кемік тас, тоқаш тастар, көк тас, қиыршық тас, шығар тастар)
- Бағалау. Формативті бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. 1. Құдық қазу технологиясы туралы біліп келу.
- 2. «Құдық қазу-үлкен сауап» тақырыбына шағын шығарма жазу.[bws_related_posts]