Онтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудаы
«Айнабұлақ» НОМ
Химия-биология пәні мұғалімі:
Хамидахан Ирисметова
Адам ағзасындағы биогенді элементтердің
таралымы және олардың тіршілік үшін маңызы
Тақырыптың мақсаты:
Адам ағзасындағы биогенді элементтердің таралымы
туралы түсініктеме беру
2. Адам ағзасындағы олардың қызметі және маңызы
3. Биогенді элементтердің жетіспеушілігінен келіп шығатын аурулар
Биогенді әлементтер дегенімізтірі тірі оргнизмдердің құрамында үнемі болатын химиялық элементтер. Олар витаминдердің,белоктардың гормондардың құрамында белгілі бір тәртіппен,тек сол затқа ғана тән заңдылықпен орналасады.Мысалы азотты (N)алатын болсақ белоктың структурасын құрайтын ең маңызды биогенді элемент . Осындай мысалға көміртекті С де айтуға болады,ол тірі ағзадағы майлар мен көмірсулардың құрамын құрайтын ең басты элемент. Олардың маңызы өте зор.
Медицинаға қатысты биохимияның бөлек БИОЭЛЕМЕНТОЛОГИЯ деген үлкен саласы бар. Биоэлементология химиялық элементтердің тірі организмдердің тіршілігіне әсер етуін зерттейтін биохимияның улкен бір бөлігі десе де болады
Биогенді элементтерге мысалы көптеген металлдар да кіреді. Олар натрий, темір, калий, магний, цинк … Бұлардың көпшілігі организмде иондар түрінде болады. Тіпті кейбір белоктардың да құрамына кіруі мүмкін. Мысалы, темір гемоглобин белогының құрамына кіреді.
Микроэлементтер.Ақуыз, көмірсу және май алмасу үшін – Mo, Fe, V, Co, W, B, Mn, Zn.Ақуыз синтезіне – Mg, Mn, Fe, Co, Cu, Ni, Cr.Қан жасауға – Co, Cu, Mn, Ni, Zn.Тыныс алуға – Mg, Fe, Cu, Zn, Mn, Co.