Басы » Баяндамалар » Дене шынықтыру мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту

Дене шынықтыру мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту

 

«Дене шынықтыру мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту»

 

тақырыбындағы

 

 ЖОБА ЖҰМЫСЫ                           

Жапарханов С. Е., Павлодар қ., Еңбек ЖОББМ

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                                      

  1. Құзыреттілік ұғымы және оның түрлері 6

 

  1. Құзіреттілік және әрекеттік негізінде сабақты жобалаудың

тиімді  тәсілдері                                                                                                                          

  1. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау 

Қорытынды                                                                                                                Қолданылған  әдебиеттер тізімі                                                                                                

Кіріспе

 Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

 

Тақырыптың өзектілігі. Құзіреттілік арқылы оқушылардың құзіреттілігін, дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру. Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі.

Бүгінгі білім берудің мақсаты – дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру.

Білім беру – оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.

Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи сұранысына бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы «Қазақстан−2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы»  заңдарында көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар», Білім және ғылым министрлігі қабылдаған «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы»  басшылыққа алынған.Қазақстандық білім беруді жаңғырту  тәрбиені  білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекеттің құрамдасы болуын көздейді. Оқытудың өмірмен байланысының күшейтілуі оқыту әдістерінің тәрбиелік ықпалын күшейту туралы, тәрбие және білім беру жұмыстарының бірлігі жайындағы мәселені алдыңғы орынға шығаруда.Тұлғаны қалыптастыру – өзін-өзі ұйымдастыру, отбасы және қоғамдық тәрбиелеу мен ағартудың ұзақ, табанды және мақсатты процесінің нәтижесі.

Заманауи жағдайларда білім беру мекемелеріндегі тәрбиені дербес түр ретінде емес, кез-келген педагогикалық қызметке тән іс-әрекет ретінде қарастыру қажет. Оқу процесінің тәрбиелік бағыттылығын арттыру қажеттілігіне орай, мектептегі оқу пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту бойынша мектеп мұғалімдері үшін нақты практикалық басшылықтар, құралдар, әдістемелік ұсыныстар қажет.

Жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсатыӨз бетінше  жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғанының құзіреттілігін  қалыптастыру.  Сонымен қатар осындай міндеттер қарастырылыған:

  • Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын  оқушының   өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;
  • сол арқылы білім, білік, дағдының  жоғары деңгейіне шығу;
  • оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы.

  • Білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдерін үйрету;
  • Құзіреттілікті  қалыптастырудың негізгі субъектісі — оқушылардың өз бетінше  жұмысын тиімді ұйымдастыру – білім сапасын арттырудың негізгі жолы.

Зерттеудің негізі. Оқытудың белсенді әдістері,білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдерін меңгереді,сабақта қолданады;

Зерттеу болжамы. Оқушылар мен өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыру – жеке, дара тұлғаның еркін қалыптасуына мүмкіндік береді.

Зерттеудің обьектісі. Оқытудың белсенді әдістері,білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдерін меңгерту

Жобаның ұсыну формасы. зерттеушілік

            Жұмыстын құрылымы: кіріспеден, құзыреттілік ұғымы және оның түрлері, құзіреттілік және әрекеттік негізінде сабақты жобалаудың тиімді тәсілдері бөлімдерінен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

  1. Құзіреттілік және әрекеттік негізінде сабақты жобалаудың тиімді тәсілдері

 

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.  Бұл мынадай фактілерге байланысты:

  • Оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану;
  • Топтық жұмыс дағдыларын дамыту;
  • Әрекеттерге үйрету;
  • Нақты ситуациялар талдау;

Білім берудің, соның ішінде орта білімнің құндылық  мәні білім алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға өзін әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге жағдай жасайтын базалық құдіреттер түрінде берілген ұлттық деңгейдегі базалық құжіреттер тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы білім берудің мәні мен орнын анықтайды және ұлттық деңгейдегі білім берудің жалпы мақсаттарының негізгі құраушысы болады.

Білім берудің жалпы мақсаты:

  • мейірімді адам
  • бауырмал отбасы мүшесі
  • шығармашыл дара тұлға;
  • жауапкершілікті азамат;
  • салауатты және кемелденуші тұлға ролдерін қамтитын базалық құзіреттілікті мақсатты түрде дамыту арқылы білім алушылардың үйлесімді қалыптасып дамуына саналы түрде өз өмірін ізгілендіруге ықпал ету.

Орта білім берудің мақсаты пәндік  және түйінді құзіреттердің дамуы арқылы білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету. Әрбір білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға қызмет етеді.

Түйінді құзіреттерге:

  • ақпаратты құзірет;
  • коммуникативтік құзірет;
  • проблемалардың шешімін тау құзіреттері жатады. Ал пәндік құзіреттер білім алушылардың кең ауқымды әрекеттерін қамти келе олардың мынадай қабілеттерін сипаттайды:
  • қоғам қажеттілігіне сай ана тілінде және басқа тілдерде қарым-қатынас жасауға ынталы болуы;
  • кең ауқымды мағынада математикалық сауаттылыққа ие болу, сонымен қатар жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білуі;
  • адамның табиғаттағы ролі мен орны тұрғысынан әлемнің ғылыми сипатын түсінуі;
  • өз халқының өткен тарихын білу отбасында, қоғамдастықта, басқа адамдар мен қарым-қатынаста жалпы адамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
  • өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;
  • өзінің дене күш қуатын, ақыл-ой қабілетін жалпы өмірлік әрекетін жоғарғы деңгейде ұстап тұру үшін салауатты өмір салтын сақтауы жатады.

Пәндік құзіреттер білім беру салаларының мәні мен орнын анықтайтын мақсат болып табылады және күтілетін нәтижелерді анықтауда бағдар береді. Білім берудің күтілетін нәтижелері  бұл біріншіден, оқыту циклдары бойынша тағайындалған қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі, екіншіден оқытудың нақты кезеңдеріндегі жоспарланған соңғы өнім  болып табылады.

Дене тәрбиесі пәнінен күнделікті сабақ жоспарын жасағанда түйінді құзіреттілікті басшылыққа аламыз. Ақпараттық құзіреттілік: Сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға, өз бетінше мақсат қоюға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге, ақпараттарды тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға, ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.  Ақпараттық құзіреттілікке жетудің өзіндік жүйесі бар. Ол оқулықтан, баспасөзден, ғаламтордан тағы да басқа дерек көздерінен іздеу үшін оқушы бойында қажеттілік пайда болады. Көреді, талдайды, сұрыптайды, өмірде пайдаланады. Коммуникативтік құзіреттілік: Өзара әрекеттесуді көздейді, нақты өмір жағдайында қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады. Қарым-қатынас міндеттерін шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдайды.

Ғалымдар кәсіби құзыреттілік классификациясын әр түрлі анықтаған. Соның бірі Ы.Алтынсарин атындағы институт ғалымдары мамандардың кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жолындағы жинақталған түрде 9 негізгі бағытты анықтап отыр.   Олар:

1.Әлемнің ғылыми көрсеткішін түсіну, зерттеу-зерделеу және шығармашылық қызмет ету дағдыларын білу.

  1. Өз Отанының патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсетіп, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік құбылыстарға өз тарапынан баға бере білу.

3.Қоршаған ортаға қамқорлық таныту, экологиялық теңдікті сақтауға үлес қосу.

4.Тілдік қарым – қатынас дағдысын меңгеру, өз тіліңді туған ана тілім және мемлекеттік тіл ретінде меңгеру, орыс және ағылшын тілдерін білу.

  1. Жаңа ақпараттық техналогияларды кәсіби өсу бағыттарында қолдана білу.

6.Әлеуметтік рөл атқара отырып,әлеуметтік дағдыны қалыптастыруға мән беру.

  1. Өз мүмкіншілігіңе орай шынайы орындарлықтай болашақты жоспарлау дағдысы.
  2. Өз халқының мәдениетін түсіну және бағалау.
  3. Салауатты өмір сүру дағдыларын бойыңызға қалыптастыру.

Құзыр әр түрлі кенеттен болған ситуацияларда  мәселелерді шешу үшін қажетті білімді  немесе әрекеттікөрсете білу қабілеті, білім мен ситуация  арасындағы байланысты  орнату мүмкіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында күтілетін білім беру нәтижелері  үш деңгейде қарастырылады:

  • базалық құзіреттіліктер- оқушының «өмірдегі есею рөлін» орындауға, «азаматтың конструктивті рөлін» атқаруға, бүкіл өмір бойына білім алуды жалғастыруға дайындығы.
  • Түйінді құзіреттіліктер- проблемалық ситуацияларды (өмірлік, тұрмыстық, оқу) шешу мақсатында өзінің потенцалды мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қабілеті. Түйінді құзіреттіліктер:- проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктер.

Қазіргі сабақ пен дәстүрлі сабақтардың салыстырмалы талдау

Дәстүрлі сабақ Қазіргі сабақ
Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин
Үй тапсырмасын тексеру – 5-7 мин Жаңа ақпаратты өз бетінше меңгеру – 5-7 мин
Жаңа материалды түсіндіру- 10 мин Оқу тапсырмаларын орындау – 35 мин
Жаңа материалды бекіту -15 мин Сабақ қорытындысы – 3 мин
Орындалған тапсырмаларды талдау және бағаларды хабарлау – 5 мин
Үй тапсырмасы 3-5 мин

Қазіргі білімнің басты ерекшелігі сол, интеграция үрдісі ғылымды дифференциялаумен ұштаса жүргізіледі.Техниканың, өндіріс технологиясының дамуы  ғылымның жеке салаларының жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар сала аралық байланысқа, олардың жетістіктерінің  интеграциясына да байланысты болады. Сондықтан да ғылымның, ғылыми білімнің интеграциясы білім мен оқыту саласында орын табуы тиіс.М.И.Махмутовтың пікірінше интеграцияланған пәндер материалдардың қайталануын жояды, ақпараттар жүктемесін азайтады, жалпы және техникалық білім басқаша шолу деңгейінде беріледі.Бұл баланың интеллектісін, ойлау қабілетін дамытады, білімнің біртұтас меңгерілуіне мүмкіндік жасайды, заңдар мен құбыластарды бірлескен қалпында ұғынуына жетелейді. Бұл оқушылардың санасында әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастырады.

Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық — әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық — дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «… өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз — педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы».Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру — басты мақсаты » деп көрсетеді.

Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

12 жылдық білім беру. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби — тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

  1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
  2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
  3. Білім беру құзыреттілігі — педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім — қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

  • бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
  • мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
  • оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
  • коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
  • ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
  • әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
  • тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

Кәсіби деңгейдің дамуы. Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг,К.Ушинский А.Макаренко, В.Сухомлинский т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің, жаңашыл-мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Қорытынды

 

Елбасының қадағалап отырған әлемдік талапқа сай білім беру жүйесін қалыптастыру баршамыздың алдымызға қойылған ұлы мұрат. ХХІ ғасырдың ұстазы өз мамандығы бойынша ғана емес, жалпы ғылымдар саласы бойынша ой-өрісі кең, ұлтты менталитеті жоғары кәсіби білікті маман, қоғаммен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, кез келген жағдаяттардан шыға алатын, жауапкершілік сезімі жоғары қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы
27 қаңтардағы халыққа Жолдауында: «… оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да да­муы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс», −  деп атап көрсетті .

Тәрбиенің басты міндеті – оқушыларда азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық өзіндік санасын, руханилығы мен мәдениетін, ынталылығын, дербестігін, толеранттылығын, қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру.

Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу – рухани тұлға қалыптастырудың негізі болады.

Заманауи оқу бағдарламалары мазмұнының айтарлықтай тәрбиелік әлеуеті бар. Оның іске асырылуы оқушыларға адамгершіліктің, патриоттықтың, руханилықтың, азаматтық және гумандықтың шынайы үлгісін ұсынатын оқу материалының мазмұнын мақсатты іріктеуге байланысты. Сабақтағы оқу пәнінің мазмұны – оқушы тұлғасының құрылымына әсер ететін күшті құрал. Алайда, білім алушылардың санасына баянды, берік білім негізінде тұтас қабылдау арқылы жеткізілген жағдайда ғана мазмұн тәрбие құралы бола алады.

Жүйелі білімді және олар арқылы сенім мен көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу процесінде адамгершілік сезімдерді қалыптастыруға көмектесетін, тұлғаның құндылықты бағдарын қалыптастыратын – тарих, мәдениет бойынша материалдар жеткілікті қолданылмайтынын атап көрсету қажет. Жастарға қазіргі заманғы іс-әрекет принциптері мен өзекті проблемаларында өткеннің прогрессивті, гумандық идеяларының тарихи тамыры бар екендігін көрсетудің маңызы зор.

Білім беру процесінің маңызды құрамдасының бірі ретінде оқытумен қатар тәрбие процесі жай-күйінің талдауы және зерттеуі көрсеткендей, қазіргі оқушылардың тәрбиесі біздің қоғамда болып жатқан әлеуметтік жүйенің дағдарысы: өмірдің қылмыстануы; экологиялық жағдайдың нашарлауы; адамгершіліктің төмендеуі және т.б. көптеген келеңсіз процестермен күрделендірілген.

Негізгі әлеуметтік институт – отбасының өзінің тәрбиелік қызметін орындауы жеткілікті емес. Көбінде  ата-аналар мен балалар арасындағы қарапайым рухани жылулық жетіспейді. Соңғы жылдары мектептің тәрбиелік қызметі төмендеді. Әр баланың бойында адамгершілік, қайырымдылық, азаматтық, еңбекке шығармашылық қатынас, тіршілік атаулыға ұқыпты қарау, өз халқының мәдениетін сақтау қасиеттерін тәрбиелеу – мектептің педагогикалық ұжымы басшылыққа алуы қажет және оқу-тәрбие жүйесі толығуы тиіс басты құндылықтар.

Қорыта келгенде, білім беру адамға үздіксіз оқуға,білім алуға жан жақты білім қызметін ұсынатын, ақпараттық технологияны меңгерген көпсалалы болуы керек. Сабақтарда  ккеген құзыреттіліктерді пайдалана отырып жан-жақты дамыған терең білімі бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашалықпен жұмыс  істеп  білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын жүйелі меңгеріп, құзіреттілігі қалыптасып , пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.

Заманның жаһандануына орай білім беру ісінде де жаңа технологиялар молынан кездеседі, бірақ жаңа технологияны пайдаланып бірден нәтижеге жете қою қиын. Нәтижеге жету оқушылардың игерген білім деңгейі мен мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті ізденістермен жаңартып отыру әр мұғалімнің міндеті болуы тиіс.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген еді. Ендеше бәсекеге қабілетті туған тілін , елін, жерін сүйетін, өз ойын еркін жеткізе алатын құзіретті тұлға тәрбиелеу – қазіргі заман талабы.

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2007

  1. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005. 174б.
    3. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі //  2008. 30- 32 б.
    4. «Ғасыр мектебі» // 2009. №5 26-29
  2. «12 жылдық білім беру» журналы. №1,7. 2010
  3. «Білім – Образование» ғылыми-педагогикалық журналы. №1-6, 2008

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *